Экскурсияларды ґткізудіѕ ўйымдастырылуы жјне методикасы



бет10/34
Дата22.02.2023
өлшемі452,5 Kb.
#169792
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53

Кештердің түрлері.7-8 сыныптар үшін сыныптан тыс жұ- мыстардың тәжірнбесінен үлкен қолдау тапқан кештер — қы- зықты физика, физикалық кештер, такырыптық кештерга арналған кештер болды.
Қызыкты физика кеші әсіресе 7-8 кл сынып оқушылары үшін ерекше орын алады. Бұл түсінікті де: 13—14 жастағы мектеп окушыларын олардың қиялын баурап әкететін ғажайып құ- былыстар әуестендіреді. Алайда мұғалім кешті тек бір сарынды «ғажайыптармен» ғана ұйымдастырмауы керек. Өйткені кештің негізгі принципі оның мазмұндылығында болуы керек, әйтпесе кеш тек сыңар жақ кәріністермен ғана шектеліп, езінің танымдық маңызын жоғалтуы мүмкін.
Оқушылармен істелген жұмыс формасының әр түрлілігі — қызықты физика кешінің табысты болуының қажетті шарты. Дәстүрлі қызықты тәжірибелер, аттракңиондар, викториналар- дан өзге де жұмыс формалары
оқушылардың қызығушылығын тудырады, мысалы, қысқа ғана қызықты физикалық әңгіме-жұм- бақтар; физикалық қатесі бар әңгімелер (оны оқушылар табуы керек); кішігірім қызықты пьесалар; сұрақтармен берілген сурет-жұмбақтар.
Егер залда отырған оқушылар тек көрермен болып қана қой- май, олар да кешке белсенді араласып отырса, онда жұмыстың мұндай формасы методикалық жағынан аса құнды болмақ. Бұл тарапта «жетілдіру енгізіңдер!» деген тақырыппен өткізілетін жұмыс формасының пайдасы аса зор. Мұнда оқушыларға қандай да болмасын бір құрылғының, машинаның, прибордың немесе құрылыстың моделі, суреті не схемасы көрсетіледі. Оған си- паттама беріліп, бұл конструкцияның қандай да болмасын бір жетіспеушілігі бары айтылады. Оның жайы түсіндіріледі де, оқу- шыларға осы құрылғыны жетілдіру тапсырылады. Кейде құрыл- ғының моделі немесе схемасы демонстрациялау үстелінде жи- налуы мүмкін. Бұл жағдайда оқушыларға енгізілген жетілдіруді демонстрациялап беру жүктеледі.[12]
Қызықты физика кешінде орындалатын қызықты тәжірибе- лердің орны бөлек. Ол тәжірибелер мүмкіндігінше техникада жә- не тұрмыста кең қолданылатын, сондай-ақ табиғатта жиі байқа- латын құбылыстарды көрсететін болуы керек. Тәжірибемен көрсетілген құбылыстың практикалық қолданылуы туралы қыс- қаша әңгімеленіп тұрса, кештің мазмұны арта түседі. 7-сынып оқушылары үшін қызықты физика кешіне мысалдар келтірейік.
Кештің мақсаты —«Атмосфералық қысым» мен «Архимед күші» деген тақырыптардың мазмұнын оқушылардың терең түсі- нуіне көмек ретінде, физикалық құбылыстар мен заңдар кейде күтпеген жағдайдың өзінде-ақ анықталып, демонстрациялана- тыны айтылып, күнделікті емірдегі кездесетін физикалық құбы- лыстарды бақылау және әсерлі деген физикалық тәжірибелерді өз бетінше істеуге мүмкіндік беріп отыру арқылы олардың ынта- ықыласын арттыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет