Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент



бет14/32
Дата24.05.2023
өлшемі142,35 Kb.
#177642
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
treatise206008
Документ Microsoft Office Word (3), Дәптердің сырты, БАЯНДАМА, 10сабак Жаксыгул, СӨЖ Аруна.Х токс.оценка Фа17-001-01, !4-ОШ БЖБ Биология 8-сын қаз
Бақылау сұрақтары:



  1. «Білім берудегі менеджмент» пәнінің мақсаты қандай?

  2. Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері.

  3. Мектеп менджері қандай қызмет атқарады?

  4. Менеджмент негізінде мектепті басқару ұстанымдары қандай?

  5. Дәстүрлі басқарудың инновациялық басқарудан айырмашылығы неде?

  6. Білім берудегі менеджердің рөлі қандай?

  7. Мектепті басқаруда педагогикалық проблемаларды шешудің қандай жолдарын енгізуге болады?



2-ТАРАУ.МЕКТЕПТІҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУ



    1. Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде



Мақсаты:
Негізгі ұғымдар: менеджмент, мектеп , басқару, педагогикалық жүйе.


Жоспар:

  1. Мектептің педагогикалық үдерісін басқару

  2. Мектепті басқарудың педагогикалық жүйесі

Мазмұны
Қазіргі қоғамның дамуы динамикалық өзгерулермен сипатталады. Мемлекетте де, экономикалық сала да өзгеріп, жаңа әлеуметтік және өндірістік технологиялар енуде. Осы процестердің барлығы күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелердегі басқарудың маңызын елеулі арттырады.
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында оның тұтастығын сақтау , сондай-ақ, ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажеттілігінен туындаған мақсаттарға байланысты бағытталуы қажет. Себебі, мақсат мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, жоспардың орындалуына әсер етеді. Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В.А.Сластенин). Мектепті басқару ісінде əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін құрып , оны мектептің даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді.
Мектепті басқару жүйесінің құрылымы:

  • мектеп директоры;

  • оқу-ісі жөніндегі орынбасар;

  • тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар;

  • сынып жетекшілері;

  • педагогикалық кеңес;

  • әдістемелік кеңес;

  • әдістемелік бірлестіктер;

  • ата-аналар комитеті;

Мектепшілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі.
«Педагогикалық процесс» термині ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Каптерев) енгізілді.
Педагогикалық процестің мәні туралы көзқарастар (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеулерінде қарастырылды. Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысы: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету. Заман талабына сай мектепшілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Сол сияқты мектепті басқару теориясы, мектепшілік менеджмент теориясы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары дамыта түседі. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.
Мектепті басқарудың негізгі функциялары білім саласында қызмет ететін педагогтардың басқару мәдениеті, кәсіптік-педагогикалық біліктілігі, шығармашылығы педагогикалық мәдениеттің құрамды бөлігі болса , ал, басқару мәдениетінің компоненттері - аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық шығармашылық болып табылады. Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектепті басқарудың технологиясын игеру, мектепті оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық, басқарушылық белсенділігін танытуы. Басшы мектепті басқару процесінде басқару теориясын, концепцияны игеру керек. Менеджмент адамдармен қарым-қатынастың тәсілін үнемі жетілдіріп, соның ішінді білім берудегі ең маңызды буын - менеджменттегі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының субъектаралық мазмұнда болуын талап етеді. Бұл жағдайда педагогикалық басқарудың субъектілігі "субъектінің өзіндік өмір сүру ұстанымы" ретінде түсіндіріледі, мақсат қою, жоспарлау, оқу әрекеттері өзіндік бақылаудың саналы қызметі ретінде көрсетіледі, сол арқылы басқару төмендегі әрекеттерде жүзеге асырылады:

  • тұлғаның өзіндік құндылығын анықтау, өз бетіндік әрекетін
    ұйымдастыру;

  • тұлғаның жеке мәнді танымы негізінде білім беруді ұйымдастыру;

  • әр түрлі пәндер бойынша ұйымдастыру шараларында тұлғаның
    дербес және шығармашылық әрекетін ұйымдастыру;

- мектептегі білім беруді тұлғалық бағдарлы басқару мазмұны оған
қатысушылардың көзқарасын өзгерте алады.
Ал, "тұлғаны дамыту" дәстүрлі педагогикада жан-жақты дамыған, белгілі бір әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал ету болса, менеджменттегі субъектілік ұғымда оны дамыту адамның өзіндік танымын, қажеттіктерін бағыттап отыру, қолдау көрсету, яғни өзіндік рефлексия арқылы таңдау, шешім қабылдау және нәтижесін өзі бағалау секілді ішкі, адамның өз бойындағы мүмкіндіктер арқылы өзіндік дамытуға бағыттау деп түсіндіріледі.
Менеджменттегі басқарудың ерекшелігі - нақты адамдармен карым-қатынас, оларды тұлғалык әрекеттерге тартудың ізгіліктік және демократиялық жолдары. Осы сипаттағы түрткі беру мотивация арқылы басқару адам баласының өзіндік мүмкіндіктерін ашып, оны жүзеге асыру үшін өз қажеттігін қалыптастырады. Білім беру саласындағы реформалардың басты нәтижелерінің бірі – мұғалім имиджі және мәртебесінің көтерілуі.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог кызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, кез келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне тікелей байланысты. Осы орайда, Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады. Отандық білім жүйесі халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығындағы бәсекеге сай қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жетуі шарт. Оқушының білім сапасы білім саласындағы мемлекеттік саясат негізінде нормативті - құқықтық актілерде негізделген. Қазақстан Республикасы азаматтарының халықаралық білім кеңістігіндегі және еңбек нарығындағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білімнің сапасы білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сай Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасында нақтыланған.
Педагогикалық әдебиеттерде білім сапасы (білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жалпы білім беретін оқу орындарының жетістігі ), оқыту сапасы (мұғалім білім берудің әртүрлі оқыту технологиясын,әдістемесін,құралдарын қолдану арқылы жетеді), оқушының білім сапасы және т.б. ұғымдар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет