Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент


Менеджмент негізінде педагогикалық жүйелерді басқаруда



бет9/32
Дата24.05.2023
өлшемі142,35 Kb.
#177642
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
treatise206008
Документ Microsoft Office Word (3), Дәптердің сырты, БАЯНДАМА, 10сабак Жаксыгул, СӨЖ Аруна.Х токс.оценка Фа17-001-01, !4-ОШ БЖБ Биология 8-сын қаз
Менеджмент негізінде педагогикалық жүйелерді басқаруда
педагогикалық менеджмент келесі деңгейлерді қамтиды:

  • мұғалімнің іс-әрекетін басқару;

  • оқушының іс-әрекетін басқару.

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері :

  • Жаңа бағытта мақсаттар мен міндеттерді қою; процесті жоспарлау;

  • ұжымның жоғары мотивациясын қамтамасыз ету;

  • процесті бақылау және үйлестіру;

  • нәтижелерді талдау.

Білім беру және тәрбиелеу саласындағы менеджменттің оқу процесінің барлық субъектілерімен тікелей және жеке қатысатын өзара әрекеттестік сияқты ерекшеліктері бар: білім беру қызметін саралау мен дараландыру қажеттілігі; ұйымның жұмысының ұжымға тәуелділігі;
сапа параметрлерін анықтаудың күрделілігі; ұжыммен және басқа да ұйыммен жұмыс істеудің басқа да дағдыларын игеру қажеттілігі.
Көшбасшы ретінде әрекет ететін білім беру ұйымы басшысының рөлі және оның ұйымды жетістікке жеткізудегі басқарушылық қабілетінің болуы білім беру мекемесінің сәтті (техникалық, адами, білім беру, символдық, мәдени көшбасшылық) жетістікке қолжеткізетінін көрсетеді.
Тұтас білім беру үдерісін ойдағыдай қамтамасыз ету үшін көшбасшы өзіне және өзінің жұмысына көшбасшылықтың әр түрін шебер үйлестіруі, білім беру мүмкіндігін жан-жақты құру тәжірибесін оқушылардың жеке басының жан-жақты қалыптасу ортасы ретінде жүзеге асыруы керек.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында [25] сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтинг бойынша білім көрсеткішінің артыуы қазақстандық білім беру жүйесін дамыту, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиялары ретінде қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Білім берудің ұлттық моделінің қалыптастыру – бүгінгі күні өзекті, оның негізгі идеясы – ұлттық-мәдениет негізінде тұлға мен қоғам талабына сай өзін-өзі дамытуға қабілетті білім беру мен тәрбие жүйесін құру. Қазіргі уақытта мектептің дамуына көшбасшы ретінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қабілеттің қажеттігі байқалуда. Даму бағытындағы мектеп өзге типтегі басшыны сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтеруге қабілетті, оқу үдерісін тиімді басқаратын менеджерді қажет етеді.

  • Сонымен бірге білім беруді басқарудың сипаты :

  • білім берудің гуманистік сипатта болуы;

  • жалпыадамзаттық құндылықтардың сақталуы;

  • Тұлғаны елге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  • білімнің жалпыға бірдей міндетті болуы, білім беру жүйесінің сапалы болуы.

Ал, педагогикалық іскерлік түрлері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет