Әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен стр. 1 из 62


Анықтау органдары, олардың міндеттері мен өкілеттілігі. Анықтау



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата12.10.2024
өлшемі454,84 Kb.
#206282
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Лекции

Анықтау органдары, олардың міндеттері мен өкілеттілігі. Анықтау 
органының бастығы. Анықтаушы
.
 
Анықтау деп заңда көрсетілген өкілетті
 
мемлекеттік органдарының қылмыстардың алдын-алу және жолын кесуғ қылмыс 
жасаған адамдарды табу, қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шаралары 
мен тергеу әрекеттерін қамти қолданып жүргізілетін қызметін айтамыз
.
Анықтау 
органдарының міндеттері ҚІЖК 65-бабының 7-бөлігінде көрсетілген:

қылмыстық белгілері мен қылмыс жасаған адамдарды табу, қылмыстардың 
алдын-алу және кесу мақсатында жедел-іздестіру шараларын және басқа да 
іс жүргізу амалдарын қолдану; 



алдын-ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша кідіртуге болмайтын тергеу 
әрекеттерін және жедел-іздестіру шараларын орындау; 



алдын-ала жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау қызметін орындау; 



ҚРҚІЖКтің 288-бабында көзделген жағдайларда алдын-ала тергеу жүргізу. 

Осы міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында анықтау 
органдарына сай өкілеттіліктер берліген:

жедел-іздестіру шараларын жүргізу; 



алдын-ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша заңда көзделген тәртіппен кідіртуге 
болмайтын тергеу әрекеттерін орындау; 



алдын-ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша толық көлемде анықтау қызметін 
жүзеге асыру; 



заңда көзделген жағдайларда алдын-ала тергеу жүргізуді жзеге асыру. 
Анықтау 
органының бастығы, 
оның өкілеттіліктері ҚІЖК-нің
 
66-
 

бабында жазылған. Осы бапқа сәйкес анықтау органының бастығына анықтау 
қызметінің түріне байланысты шараларды қолдану өкілеттігі берілген.
ҚРҚІЖКтiң 
285-бабында
көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша 
сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiгiне 
өз құзыретiнiң шегiнде Бас басқарманың (Департаменттiң), басқарманың, 
бөлiмнiң, бөлiмшенiң және анықтау органының өзге де бөлiмшелерiнiң 
бастықтары ие болады.


әл-Фараби ҚазҰУ атындағы оқу әдістемелік кешен 
стр. 14 из 62
Анықтау органының бастығы қылмыстың белгiлерi мен оны жасаған 
адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу мақсатында 
қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру шараларын қолдануды 
ұйымдастырады. Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық істі дұрыс шешу 
үшін маңызы болатын, нақты деректері бар нәтижелерін қылмыстық іске 
қосу үшін қылмыстық іс жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз 
бастамасымен ҚРҚІЖКтің 
130-бабында
белгіленген тәртіппен жібереді.
Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органдары тергейтiн 
қылмыстар туралы iстер бойынша:
1)
кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;
2)
прокурордың, тергеушiнiң тапсырмаларын, оның iшiнде жекелеген 
тергеу және өзге де әрекеттер жүргiзу туралы және жәбiрленушiлердi, 
куәларды, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы басқа да адамдарды 
қорғау 
шараларын 
қолдану 
туралы 
тапсырмаларын 
орындауды 
ұйымдастырады;
3)
соттың тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады.
Сотқа дейiнгi iс жүргiзудi анықтау органдары жүзеге асыратын 
қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау органының бастығы 
анықтаушылардың iс-әрекеттерiнiң уақтылылығына және заңдылығына 
бақылау жасайды және:
1)
олардың iс жүргiзуiндегi iстердi тексеруге;
2)
жекелеген тергеу және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу, 
айыпталушы ретiнде тарту, қылмысты саралау және айыптаудың көлемi 
туралы, iстердi (материалдарды) бiр анықтаушыдан екiншiсiне беру туралы 
нұсқау беруге;
3)
анықтауды бiрнеше анықтаушыға тапсыруға;
4)
қылмыстық iс қозғауға және iстi өзiнiң жүргiзуiне қабылдап не 
жекелеген iс жүргiзу әрекеттерiн орындай отырып анықтауды жеке-дара 
жүргiзуге құқылы.
Анықтау органының бастығы қылмыстық iс қозғау немесе оны қозғаудан 
бас тарту, тiнту жүргiзу және мүлiкке тыйым салу туралы, айыпталушыны 
қызметiнен шеттету, айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қамауға алу түрiндегi 
бұлтартпау шараларын таңдау, өзгерту немесе тоқтату туралы, iс бойынша iс 
жүргiзудi қысқарту, тоқтата тұру, жаңғырту қамауға алынбаған 
айыпталушыны (сезiктiнi) стационарлық сот-медициналық немесе сот-
психиатриялық сараптамалар жүргiзу үшiн медициналық мекемеге жiберу, 
айыпталушыны (сезiктiнi) қамауда ұстау мерзiмiн ұзарту туралы, 
айыпталушыны этаппен жөнелту, оған iздеу жариялау туралы қаулыларды 
бекiтедi; қылмыс жасады деп күмән келтiрiлген адамдарды ұстау туралы 
хаттаманы, айыптау хаттамасын бекiтедi; қылмыс жасауға жағдай туғызатын 
жағдаяттарды жою жөнiнде шаралар қолдануды қамтамасыз етедi; 
прокурорға айыптау хаттамасымен бiрге қылмыстық iстi жолдайды.
Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөнiндегi нұсқауы 
анықтаушының дербестiгiн, оның ҚРҚІЖКтiң 
67-бабында
белгiленген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет