«Әл-Фараби және математиканың философиялық негіздеу мәселелері» тақырыбы бойынша
Әл-Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Бабамыздың ғұлама ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген, ат салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады. Сондықтан Әл-Фарабиді отандық және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта шығыстың ең алғашқы әлеуметтік саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау , ғылым мұраларын мұқият өте үлкен маңызды жұмыс. Сондықтан дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келеді.
Ортағасырлық араб тілді ғылыммен философияның дамуына халифат халқының әртүрлі өкілдері белсене қатысты. Өз заманының атақты оқымыстысының бірі, ортағасырлық математика ілімінің негізін салушы Мұхаммед Ибн-Мұса әл-Хорезми (783 – 850 жж) болды, оның есімімен «алгоритм» және «алгебра» терминдері және «Астрономиялық ережелер», «Тригонометриялық ережелер» атты еңбектер байланысты.
Әл-Фараби шығармаларын мазмұны бойынша төмендегідей трактаттарға бөлуге болады:
І. Жалпы философиялық мәселелерге арналған трактаттар , яғни , тұрмыстың негізгі заңдары мен категорияларына арналған талдаулар. Оған: «Субстанция туралы сөз», «Сұрақтың мәні», «Заңдар туралы кітап» атты шығармалары жатады.
ІІ. Адамның танымдық қасиеттері қызметінің философиялық аспектісіне трактаттары, танымның әдіс, форма , сатылары туралы . Оған «Ақыл – ойдың мәні туралы», «Жастардың ақыл – ойы туралы кітап», «Логика туралы қысқартылған үлкен кітап», «Логика туралы қысқартылған кіші кітап», «Пәннің мәні туралы трактат» атты шығармалары кіреді.
ІІІ. Философияның және әртүрлі нақты ғалымдардың тематикасы, мазмұны және пәні туралы трактаттар, оған: «Философияның мәні туралы кітап», «Ғалымдар классификациясын анықтау туралы кітап». «Философияны оқып үйренгенге дейінгі нені білу керек жөніндегі кітап» атты шығармалары жатады.
ІV. Математика ғылымы бойынша еңбектер, яғни материяның сандық және кеңістіктік қатынастарын оқып, үйренуге арналған трактаттар.Олар:
«Көлемі мен саны туралы кітап», «Кеңістік геометриясына кіріспе
кітабы», «Музыка жайлы үлкен кітап».
V. Адам организмі мен жануарлардың неорганикалық табиғатының құрылымы, материяның құрылымы мен түрлері жайындағы трактаттар:
«Вакуум туралы», «Физиканың негізгі туралы», «Жануарлар органы туралы», «Адам органы туралы».
VІ. Лингвистика, Этика, Риторика, Каллиграфия туралы шығармалары:
«Хат өнері жайлы кітап», «Өлең мен риторика жайлы кітап», «Каллиграфия жайлы кітап».
VІІ. Қоғамдық-саяси өмірге, әлеуметтік құрылыстың ерекшеліктеріне, мемлекеттік басқару мәселелеріне, адамгершілік және оның категориялары, тәрбие мәселесіне, саясат, этика, педагогика, юриспруденция басқа да қоғамдық ғылымдарға арналған трактаттар. «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету туралы трактат», «Соғыс пен бейбіт өмір туралы кітап», «Қоғамды оқып үйрену туралы кітап», Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат».
Кейбір мәселелерді түсінуге Фараби өз дәуірінен асып түсті , әйтседе, ол ортағасырлық фанатизмнен, феодалдық деспотизмнің ықпалынан арыла алмады. Бірақ , оның бұл кемшіліктері қателік емес, қайта оның ойшыл екендігін көрсетіп, әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі. В.И. Ленин атап көрсеткендей: «Оның тарихи сіңірген еңбегі сонда, өзінің алдындағы ізашарлармен салыстырғанда жаңа құнды міндеттер берді.
Фараби ғылымдарды былай классификациялайды:
1 – бөлім. Тіл туралы ғылым . Ихсо-әл-улум осыдан басталады.Оның 7 үлкен тарауы, бөлігі бар.
2 – бөлім. Логика . Фараби логиканы ойлаудың заңдары мен ережелерін зерттейтін теориялық пәндердің бірі деп есептейді. Оның ғылымның бір саласы деп сипаттап нағыз өнер деп түсінеді. Ол логиканың барлық бөлімдері мен бөлшектеріне талдау жасайды, логикалық ойды жеткізудің әр алуан жолдарын қарастырады, пәннің толық сипатын береді, логиканың міндеті мен құрылымын көрсетеді.
3 – бөлім. Математика заттың сандық, кеңістік қатынастарын зерттейтін математиканы өз алдына дербес 7 үлкен бөлімге бөледі:
1. Арифметика;
2. Геометрия;
3. Оптика;
4. Жұлдыздар туралы ғылым;
5. Музыка туралы;
6. Салмақ туралы ғылым;
7 . Механика.
4 – бөлім. Табиғи және құдайы ғылымдар.
5 – бөлім. Азаматтық ғылым мен оның бөлімдері , яғни мемлекет – қала туралы ғылым – «илм мадапия» демек қаланы басқару туралы ғылым, юриспруденция және догматикалық құдайшылық мұнда мемлекетті басқару проблемасы этика мен тәрбие мәселесі қаралады.
Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. « Ғылымдардың шығуы» деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. «Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме» деп аталатын еңбегінде математиканың методология, мәселелері жөніндегі құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз , мүлтіксіз саналып келген Евклид. «Негіздерін» сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Насыр әл-Фараби математиканың философияның іргетасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл , қолданудың қасиеттігін іс жүзінде танытты. Әл-Фарабидің пікірінше, математика анық, ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. «Астрологиялық болжамдарда да не дұрыс, не теріс» деп аталатын еңбегінде ол ғылыми , астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды жағдайға сай өзіндік жаңалықтарды қосты. Эстетика мәселесі жөніндегі айтқан соны пікір тың идея , батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |