Сызықты емес кедергілері және э.қ.к.-тері бар бірнеше параллель тармақтарды бір балама тармақпен айырбастау. 65–суреттегі тармақ 64– суреттегі параллель тармақтарға балама болу үшін 64–суреттегі тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток I кернеудің Uab кез-келген мәнінде 65–суреттегі тармақтың тогына I теңболуы қажет. 63–суреттегі 4 қисық I1+I2 +I3=f(Uab) тәуелділігін сипаттайды. Басқаша айтқанда, 4 қисық үш параллель тармақтардың қортынды в.а.с. болып табылады. 65–суреттегі тармақтың осындай в.а.с. болу керек. Егер 65–суреттегі ток нөлге тең болса, онда Uab=Еб. Сонымен Еб 4 қисықтың абцисса өсімен қиылысқан нүктесіне сәйкес келетін Uab мәнімен анықталады.
С ызықты емес балама кедергінің в.а.с. анықтау үшін т нүктесі арқылы жүргізілген вертикальға байланысты жоғары аталған қисықтың айналық бейнесін саламыз (66-сурет).
Сызықты емес кедергілері бар тізбекті бос жүріс және қысқаша тұйықтау тәсілі бойынша есептеу.Бұл тәсілді күрделі электр тізбегінде сызықты емес кедергісі бар бір тармақ болған жағдайда ондағы токты анықтау үшін қолданады. Осы мақсатта сызықты емес кедергісі бар тармақты бөлектеп алады, ал қалған бөлікті активті екіұшты ретінде көрсетеді. Сызықты активті екіұштыны мәні бос жүріс режимі кезіндегі а және в ұштарындағы кернеуге (Uabбж) тең э.қ.к.-пен және оған бірізді жалғанған мәні кірістік кедергіге тең ішкі кедергі Rі ретінде көрсетуге болады. Балама тізбекте өзара бірізді жалғанған сызықты кедергі Rі, сызықты емес кедергі және э.қ.к. болады. Мұндай жағдайда токты анықтау жолы жоғарыда қарастырылды.
Статикалық және дифференциалдық кедергілер.Сызықты емес кедергілері сипаттау үшін олардың статикалық және дифференциальдық кедергілерілерінің токқа тәуелділігін қолдануға болады.
Статикалық кедергі Rст сызықты емес кедергідегі кернеудің сол кедергі арқылы жүретін токқа қатынасына тең: Rст=U/ I. В.а.с.- ның бір нүктесінен екінші нүктесіне өткенде статикалық кедергі өзгереді.
Дифференциальдық кедергі Rд деп сызықты емес кедергідегі кернеудің өте аз өзгерісінің dU соған сәйкес токтың өте аз өзгерісіне dI қатынасын айтады: Rд= dU/ dI
Негізгі әдебиет: 1 [241-264],
Қосымша әдебиет: 5 [47-57, 466-475], 6 [353–364, 404 - 412].
Бақылау сұрақтары:
1. Бұрмаламайтын желіге түсініктеме беріңіз.
2. Қандай желі шығынсыз желі деп аталады? Оның ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
3. Тұрғын толқынды сипаттаңыз. Ажыратылған желі, қысқа тұйықталған желі және таза реактивті жүктемелі желінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
4.Сызықты емес кедергілердің сипаттамалары қандай?.
5. Статикалық және дифференциалдық кедергілер деген не? Олар қалай анықталады?