Сызықты электр тізбегіндегі өтпелі үрдістер. Электр тізбектерінде пассивті немесе активті тармақтардың қосылуы және ажыратылуы, жеке тізбек бөліктерінің қысқа тұйықталуы, оларды әртүрлі аустырып қосу, сондай-ақ тізбек параметрлерінің тосыннан өзгеруінің болуы мүмкін. Осындай өзгерістердің салдарынан тізбекте өтпелі процестер пайда болады.
Өтпелі үрдіс деп тізбектің конфигурациясы өзгеруіне байланысты бір жұмыс режимінен басқа жұмыс режиміне ауысу процесін айтамыз. Өтпелі процестер коммутациялау нәтижесінде пайда болады. Коммутация деп тізбекті немесе тізбек бөлігін тұйықтау не ажырату процессін айтады. Өтпелі процесс қысқа мерзімді (0,001...1 сек.) болады. Ұзақтығы 1...10 сек. болатын өтпелі процесс сирек кездеседі.
Өтпелі процесті зерттеу тізбектің кейбір бөліктерінде ток пен кернеудің күрт (бірнеше рет) жоғарлауын алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді.
Коммутация заңдары.Коммутацияның бірінші заңы: индуктивтілік элементі бар кез-келген тармақта ток және магнит ағынының коммутациялау кезінде мәндері олардың тікелей коммутацияға дейінгі мәндеріне тең болады және одан ары тек сол мәндерден бастап өзгере бастайды:
, мұндағы -коммутацияға дейінгі ток, -коммутация жасаған сәттегі ток.
Басқаша айтқанда индуктивті элемент арқылы өтетін ток секірмелі түрде өзгере алмайды.
Коммутацияның екінші заңы: Сыйымдылық элементті бар кез келген тармақтағы кернеу мен заряд коммутациялау кезінде мәндері олардың тікелей коммутацияға дейінгі мәндеріне тең болады және одан әрі тек осы мәндерден бастап өзгереді:
, мұндағы -коммутацияға дейінгі кернеу, -коммутация жасаған сәттегі кернеу. Коммутацияның басталу уақытын деп қабылдаймыз.
Электрлік шамалардың бастапқы мәндері(бастапқы шарттар) деп сұлбадағы кернеу мен токтың t=0 болған сәттегі мәндерін айтады. Бастапқы мәндер коммутацияға дейінгі жіне коммутациядан кейінгі болып бөлінеді.
Конденсатордағы кернеу мен индуктивті элементтегі токтың коммутацияға дейінгі режимнен анықталатын мәндерін тәуелсіз бастапқы мәндер (бастапқы шарттар) деп атайды. Басқа токтар ман кернеулердің коммутациядан кейінгі мәндерін тәуелді бастапқы мәндер дейді. Олар кезінде Кирхгоф заңдары мен тәуелсіз бастапқы мәндерді пайдалану арқылы анықталады. Егер өтпелі үрдістер басталғанға дейін кернеулер мен токтардың мәндері нөлге тең болса , онда сұлбада нөлдік бастапқы шарттар орын алады деп есептелінеді.
Тізбектегі өтпелі, еріксіз және еркін тербелістер.Алдымен өтпелі үрдістерді есептеудің жалпы жағдайларын қарастырамыз. Мысал ретінде R,L,C элементтерінен тұратын тармақталмаған тізбекті э.қ.к. көзіне қосып, ол үшін Кирхгофтың екінші заңы бойынша теңдеу құрамыз: мұндағы i-өтпелі ток.
Өтпелі үрдіс аяқталғаннан кейін тізбекте орныққан тұрақталған режим кезінде э.қ.к. әсерінен тізбекте еріксіз ток iез жүреді. Бұл жағдайда
Алдыңғы теңдеуден соңғы теңдеуді алсақ, онда
iерк= i- iез, uRерк+ uLерк +uCерк=0,
мұндағы iерк және uерк – еркін үрдістегі ток пен кернеу.
Сонымен өтпелі ток пен кернеу еріксіз және еркін режимдер кезіндегі токтар мен кернеулердің қосындысына тең:
i = iез,+ iерк, uR= uRез +uRерк, uL =uLез +uLерк, uCк= uCез +uCерк.