Еркін ток біртектес дифференциалдық теңдеудің жалпы шешімі болып есептелінеді, яғни оның шешімі көрсеткіш функция Aeptболып саналады.
Еріксіз ток біртектес емес дифференциалдық теңдеудің жеке шешімі, ал өтпелі ток оның жалпы шешімі болып есептелінеді.
Өтпелі үрдістерді есептеудің классикалық тәсілі бойынша дифференциалдық теңдеуді шешімі еркін және еріксіз құраушылардың қосындысы ретінде қарастырылады, ал еркін ток пен еркін кернеудің өрнектеріне кіретін интегральдау тұрақтыларын анықтау сипаттамалық теңдеудің белгілі түбірлерін және кезіндегі токтың еркін құраушысы мен оның туындысының мәндерін пайдалана отырып алгебралық теңдеулер жүйесін шешу арқылы жүргізіледі.
Негізгі әдебиет: 2 [257-269, 276-278] ,1 [56-59].
Қосымша әдебиет: 5[360 -370, 484-490] ,6 [234 - 235]
Бақылау сұрақтары:
1. Алаңдық сүзгілердің қызметіне, электрлік сұлбаларына, шекаралық жиіліктеріне және жиіліктік сипаттамаларына түсініктеме беріңіз.
2.Бөгеттік сүзгілердің қызметіне, электрлік сұлбаларына, шекаралық жиіліктеріне және жиіліктік сипаттамаларына түсініктеме беріңіз.
3.Қандай сүзгілерді М- типті сүзгілер деп атайды?
4. М-типті сүзгілердің электрлік сұлбалары қандай? Жиіліктік сипаттамаларына түсініктеме беріңіз.
5.Индукциясыз төменгі жиілікті, жоғарғы жиілікті, алаңдық сүзгілердің электрлік сұлбалары, шекаралық жиіліктері, өшу тұрақтысы, фазалық тұрақтысы, жиіліктік сипаттамалары туралы түсініктеме беріңіз.
6.Электр тізбегінде қандай жағдайда өтпелі үрдістердің пайда болады? Коммутация заңдарының анықтамасын айтыңыз.
№12 Дәріс. Таратылған параметрлі сызықты электр тізбектері. Ұзын желінің дифференциалдық теңдеулері. Біртектес желідегі орныққан режим. Біртектес желілердің гиперболикалық функциялар арқылы өрнектелген теңдеулері. Біртектес желілердің сипаттамалары. Таралған параметрлі электр желілері деп ток пен кернеу оның бір нүктесіне келесі нүктесіне өткенде үздіксіз өзгеріп отыратын желілерді айтады. Мұндай желілерді ұзын желі деп те атайды. Таралған параметрлі электр жүйелеріне жататындар – байланыс желілері, электр энергиясының желісі, антеналар, толқын жолы, көлемдік резонаторлары және басқалар.
Ұзын желінің ұзындығы оны бойымен жүретін толқын ұзындығына тең немесе одан да ұзын болады. Желі- электр энергиясын немесе сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін генератор мен қабылдағыштарды жалғастыратын желілік сымдар жүйесі. Желілік сым деп ұзындығы көлденең қимасы өлшемінен әлдеқайда үлкен сымды айтады. Ұзын желінің бойында кернеу мен ток өзгеріске түсуі оның бүкіл өнбойына таралған бойлық және көлденең кедергілердің болумен түсіндіріледі. Бойлық кедергілер сымдардың активті кедергілерінен және қатар орналасқан сымдардың индуктивтіліктерінен туындайтын кедергілерден құралады. Көлденең кедергілер сымдар арасындағы изоляцияның нашарлығынан туындайтын қашпа кедергілерден және өзара қарсы орналасқан желінің сымдарының арасындағы сыйымдылықтан туындайтын кедергілерден құралады.
Ұзындықтары бірдей желі бөліктерінің бойлық кедергілері өзара тең және көлденең кедергілері өзара тең болса, онда мұндай желіні біртектес желі деп, ал сәйкес кедергілердің теңдігі орындалмаса, онда біртектес емес желі деп атайды.
Біртектес желінің біріншілік параметрлеріне оның ұзындық бірлігіне сәйкес келетін мына параметрлер жатады: - тура және кері сымдырдың кедергілері, - тура және кері сымдардан құрылған тұзақтардың индуктивтігі, - сымдар арасындағы өткізгіштік, -сымдар арасындағы сыйымдылық. Біріншілік параметрлердің тұрақтылығын сақтау үшін бірқатар шарттар орындалуға тиісті:
- барлық желі ұзындығы бойында сымдардың диаметрі бірдей болуға тиісті;
- желі сымдарының ара қашықтықтары өзгеріссіз қалуға тиісті;
- желі сымдары біртекті материалдардан жасалуы керек;
- әуе желілері сымдарының әркайсысы жерден бірдей биіктікте орналасуы керек;
- желі астындағы және оның өн бойындағы электрлік қасиеттері бірқалыпты болуға тиісті;
- барлық желінің өн бойында әрбір сымдар айналадағы ортада бірдей жағдайда болуға тиісті.
Бұл келтірілген жағдайлардың жиынтығын қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан қарастырылған біртектес желілердің мұндай шарттары идеализацияланған деп саналады.