Елдер арасындағы бәсекелестік күрестің өршуі әлемдік экономикаға көптеген өзгерістер әкелді. Жыл өткен сайын әлемдік шаруашылық қатынастар бірыңғай геоэкономикалық жүйе ретінде көптеп қарастырылуда



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі17,73 Kb.
#87621
1   2   3
Байланысты:
Документ (26)

Елдің бәсекеге қабілеттілігі:

  • Елдің әлемдік нарықта бәсекелестеріне қарағанда көп материалдық құндылықтарды өндіру қабілеті.

  • Елдің еркін және әділ нарық жағдайында тауарлар мен қызметтерді өндіру қабілетінің деңгейі.

  • Алынған қаражаттарды өтеудің экономикалық қабілеті.

  • Елдің әлемдік нарық талаптарына жауап беретін тауарлар мен қызметтерді өндіру және ЖІӨ өсуінің тұрақты қарқынын, әлемдік деңгейде халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жылдамдықта мемлекеттік ресурстарды ұлғайту шарттарын құру қабілеті.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар:

  • Экономикалық даму қарқыны, ұлттық валюта жағдайы сияқты көрсеткіштермен бағаланатын экономика динамизмі.

  • Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі.

  • Тауар сапасы деңгейінің, жан басына шаққандағы тұтынушылық шығындар көлемінің көрсеткіштері бойынша бағаланатын нарық динамизмі.

  • Коммерциялық банктер, бағалы қағаздар нарығы қызметімен бағаланатын елдің қаржылық жүйесінің жағдайы мен дамуы.

  • Халық саны мен өсу қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, еңбек ресурстарының біліктілік деңгейі негізінде анықталатын адами ресурстар.

  • Елдің салық салу деңгейін, ұлттық табысындағы мемлекеттік сектордың үлесін зерттеу негізінде экономикадағы мемлекеттік реттеудің әсер ету дәрежесімен анықталатын мемлекеттің рөлі.

  • Елдің әлеуметтік-саяси жағдайы – оны сипаттайтын көрсеткіштер: табыс және оны бөлу көлемі, өнеркәсіптегі еңбектік қатынастар және т.б.

Әрбір елдің бәсекеге қабілеттілік құрылымы бір-бірінен ерекшеленеді, өйткені бір мемлекет өзінің географиялық жағдайына, өнеркәсіп деңгейіне, ресурстардың көлемі мен қолжетімділігіне байланысты бір немесе бірнеше салаға маманданады және сол салаларда бәсекеге қабілетті болады. Бұл халықаралық еңбек бөлінісіне әкеледі.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалау
Көп жылдар барысында әлемнің түрлі елдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаумен Дүниежүзілік экономикалық форум (WIF/ДЭФ), Менеджментті дамытудың халықаралық институты (IMD), Дүниежүзілік банк айналыса- ды. Әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің жетекші әлемдік рейтингі болып ДЭФ-тің жыл сайынғы «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» (GCI/ЖБҚИ) баяндамасы саналады. 1979 ж. бастап бәсекеге қабілеттіліктің жыл сайынғы жаһанды баяндамаларында ұлттық экономикаларға тұрақты экономикалық өсуге және ұзақ мерзімді ауқаттылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторлар зерттеледі. Басқа сөзбен айтқанда, баяндамалардағы мәліметтер белгілі бір елдің даму деңгейінің көрінісі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет