Элективті пәндер каталогы студенттің білім алу траекториясын өздігімен және икемді белгілеу мүмкіндігін қалыптастыру үшін таңдау бойынша компоненттер құрамына кіретін пәндердің тізімі



бет1/6
Дата06.07.2018
өлшемі459 Kb.
#47942
  1   2   3   4   5   6
Ф.7.02.-07

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік жұмыстар

жөніндегі проректор

_______т.ғ. к. Ажидинов А.С

«____» ______ 2016ж

5В011900 – Шетел тілі: екі шет тілі мамандығына арналған

Элективті пәндер каталогі

Шымкент - 2016ж

Элективті пәндер каталогы – студенттің білім алу траекториясын өздігімен және икемді белгілеу мүмкіндігін қалыптастыру үшін таңдау бойынша компоненттер құрамына кіретін пәндердің тізімі. ЭПК-нда 5В010300-Педагогика және психология мамандығы бойынша пәндер бағдарламасының қысқаша мазмұны сипатталған.

ОҚПУ студенттері мен оқытушыларына арналған.



Құрастырушылар: Мирзагаликова С.Т., Туякбаева З.К., Арысланова Б.К., Суюбердиева А.А., Есенкулова А.Р.

Кафедра мәжілісінде қаралып, талқыланған (хаттама №1, «26»08. 2016 ж.).

Кафедра меңгерушісі Артықбаева Ф.И. _______

Элективті пәндер каталогы жұмыс берушілермен келісілген:



Жамбыл атындағы №26 лингвистикалық мектеп-гиманзияның оқу ісі жөніндегі орынбасары Анабаева З.М. _______

Жамбыл атындағы №26 лингвистикалық мектеп-гиманзияның әдістемелік құрамның меңгерушісі Дербесбекова Р.К. _______

Факультетінің әдістемелік комиссиясы мәжілісінде мақұлданған:

(хаттама №1, «27»08. 2016 ж.).

ӘК төрайымы Ақылбаева Г.И.



Элективті пәндер каталогы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген: (хаттама №1, «29» 08. 2016 ж.).

СТУДЕНТКЕ ЖАДЫНАМА

Құрметті Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті!

Сіздің қолыңызда – Элективті пәндер каталогы! Бұл – элективті оқу пәндерінің жүйелі аннотацияланған тізімі. Катлог Сіздің білім алу траекториясын жан-жақты қалыптастыруыңызға, өз бетіңізбен шапшаң әрі икемді етіп таңдауыңызға мүмкіндік беру мақсатында құрастырылған. Бұл – Сіздің жеке оқу жоспарын құрастыруға көмекшіңіз.

Оқытудың кредиттік технологиясы барысында барлық оқу пәндері 3 циклге бөлінеді: Жалпыға бірдей пәндер (ЖБП), Негізгі пәндер (НП) және Кәсіби пәндер (КП). Осы цикдардың әрбірінде оқу пәндері іштей екіге жіктеледі: Міндетті компонент және Таңдау бойынша пәндер (элективті, яғни таңдалатын оқу пәндері).

Міндетті компоненттің пәндері Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында белгіленген және осы мамандықтың барлық студенттерінің меңгеруіне міндетті.

Элективті оқу пәндері Сізге кафедралар тарапынан ұсынылады. Элективті оқу пәндерінің жалпы тізімінен Сіз өзіңізге қызықты деп танылған пәндерді таңдай аласыз. Осылайша, Сіздің оқу пәндерінің әрбір циклы бойынша жеке оқу жоспарыңызға 2 тарау ендіріледі: Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективті оқу пәндері).

Элективті пәндер каталогының көмегімен Сіздің жеке оқу жоспарыңызға ендіру үшін пәндерді қалай таңдайсыз?

  1. Тізімнен Сіздің оқу семестріңізді тауып алыңыз.

  2. Типтік оқу жоспарында элективті оқу пәндеріне қанша кредит бөлінгенін есте сақтаңыз.

  3. Элективті оқу пәндерінің толық тізімімен танысып алыңыз. Назар аударыңыз: оқу пәндері сәйкес нөмірлері бар таңдау бойынша курстарға біріктірілген. Элективті пәндерді әрбір тобынан тек бір ғана элективті оқу пәнін таңдауға болады.

  4. Сіз өзі қызықтырған элективті оқу пәндерінің сипаттамасын оқып шығып, содан кейін таңдау жасаңыз.

  5. Сіздің таңдаған кредиттер саны Типтік оқу жоспары бойынша талап етілген кредиттер санымен сәйкес келуін тексеріп шығыңыз.

  6. Элективті пәндер каталогын таңдауға Сізге эдвайзер (тәлімгер) көмек бере алады.






Пәннің коды

Пән атауы

ҚР бойынша кредит саны

ECTS бойынша кредит саны

Семестр

Пререквизиттер/ постреквизиттер

Пәннің мақсаты мен қысқаша мазмұны

Дублин дескрипторларының негізіндегі оқытудың нәтижелері

Құзыреттері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

TKN/OBZh 1103

а) Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

2

3

1

Пререквизиттері: - Постреквизиттері: Әлеуметтану


Пәннің мақсаты: Студенттерді тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен таныстыру. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен осы заманғы зақымдаушы құралдардан халықты, қоршаған ортаны қорғау және ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып үйрету.

Пәннің мазмұны: төтенше жағдайларды жіктеу. Табиғи және техногендік сипаттағы апаттар туралы түсінікті қалыптастыру және одан қорғану, шығу жолдарын қарастыру, меңгеру. Зиянды заттар, улы заттар және қорғаныс құралдары туралы мәліметтерді қарастыру.

Білімі мен түсінігі:Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәнінен-өмір тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі білім беру, үйрету, оның ережелері мен нормаларымен таныстыру. Сонымен бірге қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдаушы әсерінен, сондай-ақ дүлей зіл-зала, ірі авариялар және апаттардан қорғау шаралары туралы білімі мен түсінігін көрсете білу.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Осы білімі мен түсінігін- қауіп қатерді тани білуде, яғни оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін болған зардаптың зиянының шамасын, қатер болу мүмкіншілігін, сонымен бірге болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алуда, дұрыс шешім қабылдауда қолдану.

Пайымдаулар:Төтенше жағдайлар туралы, табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың түрлерін ескере отырып пайымдаулар жасауға қажетті ақпарттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру.

Коммуникативтік қабілеттілік: төтенше жағдайлардан шығу және болған жағдайда білікті іс-әрекет орындау, денсаулықты қорғау және нығайту үшін алдын ала жасалатын іс-шараларды кез-келген маман иесіне жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша алған білімдерін одан әрі дамыту, өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

Түсінігі болуы тиіс:

Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктей біледі;

Жоспарлау және құтқару жұмыстарын жүргізуге дағдыланады;

Коммуникативтік құзырттері: Қауіпсіздікті ұйымдастыру практикалық шараларын қолданады;

Қауіп қатерді тани біледі;

Болғалы тұрған қауіп қатердің алдын алады;

Когнитивтік құзыреттері: Қауіп қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрект жасай біледі;

Өмір сүру ортасына қауіп туғызатын элементтін анықтай алады;



Дағдылар : Адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлейді;

Ақпараттарды іздеудің, жинақтаудың, талдаудың, өңдеудің және берудің әртүрлі әдістерін біледі; Арнайы құзыреттер: Адамның адамға, қоғамға және қоршаған ортаға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды біледі;




2

ETD/ EUR 1103

б) Экология және тұрақты даму










Пререквизиттері: -

Постреквизиттері: Саясаттану, Құқық негіздері


Пәннің мақсаты: табиғат пен қоғамның тұрақты дамудың негізгі заңды-лықтары туралы тұтас ұғым қалыптастыру. Биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.Адам, қоғам табиғат арсындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресустарын тиімді пайдалануды адами-экологиялық тұрғыдан негіздеу.

Пәннің мазмұны: Тұрақты дамудың концепциялары мен принциптері. ТД түрлі деңгейдегі стратегиялары мен саясаты: ғаламдық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейде. ҚР тұрақты даму перспективалары.

Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, жаһандық экология.




Білімі мен түсінігі: Соңғы жылдары пайдалы қазба қорлардың азаюы, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай-ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануыныңи айрықша белең алып отырғандығына, кейбір елдерде, әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлығы соншалық адамдардың денсаулығының бұзыла бастағандығының себептерін оқып үйретуде білімі мен түсінігін көрсете білу.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Осы білімі мен түсінігін- қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресустарын тиімді пайдалануда дұрыс шешім қабылдауда қолдану.

Пайымдаулар: табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анализдеуді жүзеге асыра білу.

Коммуникативтік қабілеттілік:

социумды апаттық кризистарсыз дамыту және тұрақты дамудың заңдылықтарын қалыптастыра білу.



Өздігінен білім алу қабілеттілігі:Алынған білім-дерін экологиялық тапсырмаларды шешуде өздігінен қолдануға қабілетті болу.

Арнайы құзыреттер:

Қоғам мен табиғаттың тұрақты дамудың айқын нақты тапсырмаларын қоя біледі;

Тұрақты даму идеяларын жүзеге асырады;

Биосфераның даму заңдылықтарын сақтайды;



Тұрақтылығын сақтау жағдайларын біледі.

3

NShTPG/PGOIYa1203

а) Негізгі шет тілінің практикалық грамматикасы

4

6

1

Пререквизиттері: -
Постреквизиттері: Ағылшын тілінің теориялық негіздері (фонетика және грамматика)

Мақсаттары: тілдің грамматикалық жүйесін игеру, ағылшын тілінің грамматикалық қүбылыстарын жүйеге келтіру және сипаттамасын жасау.
Мазмұны: сөз таптары. Зат есімі . Артикль, Сын есімі Сан есімі, Есімдік, Етістік, Indefinite тобының шақтары, Perfect тобының шақтары, Perfect Continuous тобының шақтары, to be етістігі, to have етістігі, to do етістігі, shall(should) етістігі, will(would), Көмекше етістіктер, Ырықсыз етіс.

Білімі мен түсінігі: грамматикалық мағыналардағы семантикалық абстракция деңгейлері, семантикалық санаттардағы тілдік және тілдік емес семантика арақатынасы;
Білімі мен түсінігін қолдана білу: осы білімді және түсінушілікті кәсіптік ағылшын тілінің практикалық және теориялық курсына қолдану; грамматикалық мағыналардың, семантикалық санаттардағы тілдік және тілдік емес семантиканың арақатынасы туралы білу;
Пайымдаулар: оқылатын тілдің грамматикалық жүйесіндегі ең маңызды және типті құбылыстарды түсіндіру; оқылытын тілдің деректерін ана тілі және басқа шетел тілдерінің деректермен салыстыру;
Коммуникативтік қабылеттілік: саралау, тілдік деректерін салыстыру және жинақтау, оған қоса деректерді қажет болған жағдайда өзінің келешек оқушыларына жаңа шетел тілі бойынша мектептің бағдарламасының талаптарымен сәйкес жетімді түсіндіру;
Өздігінен білім алу қабілеттілігі: оқылытын тілдің сөзінің морфологиялық құрамын саралау; студенттің тілдік түйсігін дамыту және жетілдіру.

Түсінігі болуы тиіс: қазіргі техника қолдану дағдыларына ие болу, ақпараттық технологияларды оқу сөйлеу қызметінде пайдалана білуі;
Коммуникативтік құзырттері: бағдарламаның А2 деңгейіне сәйкес ағылшын тілінің лексикалық және грамматикалық құбылыстарын және заңдылықтарын коммуникативтік қызметте қолдану;
Когнитивтік құзыреттері: мәтінді саралай білу , онымен жұмыстың ең тиімді әдістерін саралау және пайдалану , ақпараттық технологияларды пайдалану;
Арнайы құзыреттер: ең қөп қолданылатын ағылшын тіліне сай негіздік грамматика және негізгі грамматикалық құбылыстарын белсене игеру; ағылшын тілінің негізгі лексикасын, оқытылып жатқан тақырыптардың лексикасын білу.

4

NShTPF/PFOIYa1203

б) Негізгі шет тілінің практикалық фонетикасы










Пререквизиттері: -
Постреквизиттері: Ағылшын тілінің теориялық негіздері (фонетика және грамматика)

Практикалық фонетика курсының мақсаты ауызша сөйлеудің сапалы бейімделуі, студенттердің артикуляциялық және интонациялық дағдыларын қалыптастыру;
Мазмұны: ағылшын тілінің дыбыстары, олардың артикуляциясы; қазіргі замандағы шетел тілінің айтылуының үрдістері, ағылшын тілінің дыбыстарының мінездемесі, меңгерілетін тілдің дыбысты құрамы, оның компонеттері, артикуляциялық негізінің ерекшеліктері, оның шетел тілінде айтылуын үйрету мен байланысы, сөйлеу интонациясы туралы ұғым, оның компоненттері және функциялары, ағылшын және қазақ, орыс дыбыстарымен салыстыру, олардың артикуляцияларының ұқсастылықтарын және айырмашылықтарын табу.

Білімі мен түсінігі: ағылшын тілінің фонемаларын білу; олардың артикуляциясы туралы түсінігі болу; шетел тілінде айтылудың дамуының қазіргі үрдістері туралы түсінік; дыбысты құралдардың табиғаты және атқаратын қызметтері олардың жүйесінде және әрекеттестігінде;
Білімі мен түсінігін қолдана білу: білімін және түсінушілігін ағылшын тілдің практикалық және теориялық курсы сабақтарында пайдалану;
Пайымдаулар: меңгерілетін тілдің фонетикалық құрылымының ең маңызды және әдеттегі құбылыстарды түсіндіру;
Коммуникативтік қабылеттілік: алынған практикалық білімді шет тілінде айтылуды жетілдіру үшін, сонымен қатар орта және жоғарғы мектептерде шетел тілінде айтылу үйрету кезінде пайдалану; Өздігінен білім алу қабілеттілігі: оқылатын шетел тілінің сөздерінің дыбысты құрамын талдау; сөздердің транскрипциясын жазу және оқу, агылшын сөйлемдердің дауыс ырғағы туралы мәліметті толықтыру.

Түсінігі болуы тиіс: ағылшын тілінің фонетикалық жүйесі туралы негізгі білімді игеруі, жеке дыбыстары мен дауыс ырғағын , сонымен қатар әр түрлі шетел тілінде сөйлейтін адамдарың айтуын зерттеу мақсатында қазіргі замандағы техникасын қолдана алуы; ағылшын тілінің фонетикалық жүйесінің базалық негізін білуі;
Коммуникативтік құзырттері: В1деңгейіне сай оқылатын тілдің лексикалық және грамматикалық құбылыстары мен заңдылықтарын білу және оларды коммуникативтік қызметте қолдану;
Когнитивтік құзыреттер: ағылшын тілдің дыбысты жүйесін талдай алуы, дұрыс айту үшін ең тиімді жаттығуларды пайдалануы;
Дағдылар :ағылшын дыбыстарын анықтау және айыру , оларды әр түрлі белгілерге сай топтау, дауыс ырғағын дұрыс қолдануы;
Арнайы құзыреттер: өзінің ойын және эмоциясын теңбе-тең білдіру үшін дауыс ырғағының түрлерін белсене игеруі.




NShTAZhT/ PUPROIYa
1204

а) Негізгі шет тілінің ауызша және жазбаша тәжірибесі (бастапқы В1 деңгейі)

3

5

1

Пререквизиті: -
Постреквизиті: Негізгі шет тілінің ауызша және жазбаша тәжірибесі (В1 деңгейі)

Курстың мақсаты: ағылшын тілінің ресми іскер стилінің ерекшіліктерін игеру, студенттердің өзіндік логикалық ойлауын қалыптастыру, өзінің ойын тұжырымды білу, ағылшын тілінде жазбаша және ауызша білікті жүргізу, Мазмұны: іс терминдері, танысу формулалары, корпоративтік мәдениет, жұмысқа орналысу мүмкіншіліктері, сөйлесу, кәсіптік мекемелерінің түрлері, бұқаралық ақпарат құралдарында сұраныс және ұсыныс, іс туралы хаттар, қызметкерлер мен әкімшіліктін құқықтары мен міндеттері.

Білімі мен түсінігі: ағылшын тілінің ресми іскер стилінің ерекшіліктерін , іс этикет және мәдениет аралық коммуникациясының ережелерін білу; Білімі мен түсінігін қолдана білу: білімін және түсінігін кәсіптік деңгейінде қолдану; Пайымдаулар: логикалық тұрғыда ойлай алу, ағылшын тілінде диалогты жазбаша және ауызша білікті
жүргізе алу, оқылытын тілдер еліндегі күнделікті және іс бойынша қатынасу тұралы пікір қалыптастыруға, елтану ақпаратын жинай және талдай алу; Коммуникативтік қабілеттілік: ресми іс стилінің қағидаларын қолдану, іс тұралы сойлесу, жеке және іс тұралы хаттар жазу. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: үйренуге қабілетті болу; жалпы лингвистикалық құзретін ұлғайтуға қабілетті болу; жаңа экономикалық жағдайларға және іс қарым-қатынастарға тез бейімделу.

Түсінігі болуы тиіс: ағылшын тіліндегі әрекеттердің 4 түрінің негізгі білімін игеру, қазіргі замандағы техниканы қолдана алуы, іс- әрекет және күнделікті қарым қатынас аумағында ақпараттық технологияларын қолдануы;

Коммуникативтік құзырттері: ағылшын тілінде емін-еркін сөйлеуі, Оқытылатын тіл елдері туралы білуі:
Когнитивтік құзыреттері: жеке және іс туралы хабарды талдай алуы, тілдесудің нақтылы жағдайында әр түрлі коммуникативтік мәселелерді шешу үшін ең тиімді стратегияларды таңдап қолдануы;
Дағды болу: ағылшын тіліндегі күнделікті және іс коммуникациясын түсіну, бір тақырыптан басқа тақырыпқа ойын бұра алу, күндегі және іс жағдайға лайық өзінің коммуникативтік әдісін қолдануы; Арнаулы құзыреттер: кәсіби әңгімеге лайық ең жиі қолданылатын лексикалық құбылыстарды белсенді пайдалануы, сонымен қатар іс стилінің лексикасын, өзінің мамандығының терминдерын пайдалануы




NShTKKZhP/POOIYa
1204

б)Негізгі шет тілінде қарым қатнас жасау практикасы (бастапқы В1 деңгейі)










Пререквизиттер: -
Постреквизиттер: Негізгі шет тілінде қарым қатнас жасау практикасы (В1 деңгейі)

Курстың мақсаты: ағылшын тілінің ресми іскер стилінің ерекшіліктерін игеру, студенттердің өзіндік логикалық ойлауын қалыптастыру, өзінің ойын тұжырымды білу, ағылшын тілінде жазбаша және ауызша білікті жүргізу, Мазмұны: іс терминдері, танысу формулалары, корпоративтік мәдениет, жұмысқа орналысу мүмкіншіліктері, сөйлесу, кәсіптік мекемелерінің түрлері, бұқаралық ақпарат құралдарында сұраныс және ұсыныс, іс туралы хаттар, қызметкерлер мен әкімшіліктін құқықтары мен міндеттері.

Білімі мен түсінігі: ағылшын тілінің ресми іскер стилінің ерекшіліктерін , іс этикет және мәдениет аралық коммуникациясының ережелерін білу;

Білімі мен түсінігін қолдана білу: білімін және түсінігін кәсіптік деңгейінде қолдану; Пайымдаулар: логикалық тұрғыда ойлай алу, ағылшын тілінде диалогты жазбаша және ауызша білікті жүргізе алу, оқылытын тілдер еліндегі күнделікті және іс бойынша қатынасу тұралы пікір қалыптастыруға, елтану ақпаратын жинай және талдай алу; Коммуникативтік қабілеттілік: ресми іс стилінің қағидаларын қолдану, іс тұралы сойлесу, жеке және іс тұралы хаттар жазу. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: үйренуге қабілетті болу; жалпы лингвистикалық құзретін ұлғайтуға қабілетті болу; жаңа экономикалық жағдайларға және іс қарым-қатынастарға тез бейімделу.

Түсінігі болуы тиіс: ағылшын тіліндегі әрекеттердің 4 түрінің негізгі білімін игеру, қазіргі замандағы техниканы қолдана алуы, іс- әрекет және күнделікті қарым қатынас аумағында ақпараттық технологияларын қолдануы;

Коммуникативтік құзырттері: ағылшын тілінде емін-еркін сөйлеуі, Оқытылатын тіл елдері туралы білуі.
Когнитивтік құзыреттері : жеке және іс туралы хабарды талдай алуы, тілдесудің нақтылы жағдайында әр түрлі коммуникативтік мәселелерді шешуі үшін ең тиімді стратегияларды таңдап қолдануы;
Дағды болу: ағылшын тіліндегі күнделікті және іс коммуникациясын түсінуі, бір тақырыптан басқа тақырыпқа ойын бұра алуы, күндегі және іс жағдайға лайық өзінің коммуникативтік әдісін қолдана алуы; Арнаулы құзыреттер: кәсіби әңгімеге лайық ең жиі қолданылатын лексикалық құбылыстарды белсенді пайдалануы, сонымен қатар іс стилінің лексикасын, өзінің мамандығының терминдерін пайдалануы,




MD/KR1206

а) Мәдениет және дін

3

5

2

Пререквизиты: - Постреквизиты: Философия, Әлеуметтану

Пәннің мақсаты: " Мәдениет және дін" курсын оқытудың мақсаты студенттерді дін ілімі жөнінде білімінің негізін қалыптастыру, дінді сараптауда дүниетанымдық көзқарасын жетілдіру, ерікті рухани іске ынталандыру болып табылады.
Мазмұны: Дінтану – пәнаралық жиынтық білім саласы болып саналады. Ол антропология, этнология, лингвистика, психология, әлеуметтану, тарих, мәдениеттану, саясатттану және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Дінтану философиялық ілімінің құрамдас бөлігі болғандықтан философиялық ойшылдықтың мұрагерлігіне сүйенеді. Алайда, философияның қалыптық жүйесіне қарамастан дінтану тарихи-дискриптивтік зерттеулерді қолдана отырып, дүниетанымдық ұстанымнан тыс, объективтік, толеранттық, нақты тарихи зерттеулерге сүйенген дербес ғылымы болуға тырысады. ;

Білімі мен түсінігі: діннің басқа мәдениет пен қоғамдық ортамен өзара байланысын;
Білімі мен түсінігін қолдана білу: түпдеректермен жұмыс істеуді дамыта отырып, өз бетінше арнаулы және қосалқы оқулықтарды пайдалана білу;
Пайымдаулар:өзінің дүниетанымдық көзқарастарын шынықтырып, қорғай білуді жүзеге асыру;

Коммуникативтік қабілеттілік: ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі: философиялық ой мәдениеті мен дүниетанымдық пікір алмасу өнерін үйренеді. Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.


Түсінігі болуы тиіс: ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы; заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
Әлеуметтік-этикалық құзыреттер: қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену; іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеруі;
Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттері: экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
Арнайы құзыреттер: дін туралы ғылыми білімді және оны қоғам өмірінің әр саласында тиімді пайдалануы. Дін ілімі жөнінде білімінің негізін қалыптастыру, дінді сараптауда дүниетанымдық көзқарастарын жетілдіру, ерікті рухани іске ынталандыруы.




AZhAZhN/AOISD 1206

б) Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері

 

 




Пререквизиттер: Психология және адам дамуы

Постреквизиттер: Философия, Әлеуметтану

Пәннің мақсаты: Акмеологияның жекелеген мәселелеріне тоқталу, жеке адам индивидуалдылығы, «мен»-дік қасиеті, мінез және оның бітістері, қабілет даралығын, қоршаған ортаны, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын ғылыми тұрғыда тануға ықпал ету. Мазмұны: Акмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық, техникалық ғылыми білімдер салаларының тоғысуынан туындап, ержеткен адамдардың белгілі бір іс-әрекет сферасында жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым.

Білімі мен түсінігі: жеке адамның шыңдалуына әсер ететін қасиеттер мен кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік; Білімі мен түсінігін қолдана білу:
кәсіби шыңға жетуге қажет жеке тұлға мүмкіндіктерін, дербестігі, сапалары және әлеуметтік құндылықтарын қолдана білу;
Пайымдаулар:
-әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру; Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
-белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

Түсінігі болуы тиіс: ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы; заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
Әлеуметтік-этикалық құзыреттер: қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену; іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеруі;
Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттері: экономикалық білім негіздерін меңгеруі, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігін қолдануы Арнайы құзыреттер
Теориялық білімдерін қолдана отырып пәнаралық байланыстар арқылы өз кәсібі бойынша шыңдалуына негіз болатын мотив түрлерін меңгере отырып, даралыққа жету жолдарында, өз темпераментін үнемі тәрбиелеуде, өзін-өзі жетілдіру жолдарын тәрбиелей білуде қолдану. Қазіргі кезеңде мемлекетіміздің қойып отырған талаптарын ескере отырып, еліміздегі және шет елдердегі жеке адамның кәсіби шыңдалуы жайлы озат тәжірибелерін, жетістіктерін қолдануы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет