22
жылжымалы бөлшектері жеңілірек жасалады, олардың жылдамдығы азаяды,
контактты басылуы артады.
100 А дейінгі номиналды ток кезінде мыс контакттарға күміс қаптамалар
салған дұрыс. 100 А жоғары ток кезінде күміс пен кадмий оксидінің
композициясы тиімді. Электр қозғалтқышты қыздырғаннан кейін ток
номиналды мәнге дейін төмендейді. Сондықтан жұмыс жасап тұрған электр
қозғалтқышты ажырату контакттардың аз ток жүктемесі кезінде орын алады.
Электр қозғалтқышты сөндірген кезде контакттардағы қалпына келетін
кернеу желі мен электр қозғалтқыштың ЭДС кернеуінің айырмашылығына тең.
Нәтижесінде түйістіргіш контакттарында 15...20%
U
HOМ
құрайтын кернеу
пайда болады, яғни ажырату жеңілдетілген жағдайларда жүреді.
Электр қозғалтқышты желіден іске қосқаннан кейін бірден ажырату
қажет болатын жағдайлар да жиі кездеседі. Бұл жағдайларда қосқыш
түйістіргіші қуаттың төмен коэффициенті (соs
<0.3) және желінің қалпына
келетін кернеуі кезінде алты есе номиналға тең токты сөндіреді. Тежелген
электр қозғалтқышты 50 рет қосудан және ажыратуден кейінгі қолданыстағы
нормалар кезінде қосқыш одан ары жұмыс жасауға жарамды болуы тиіс.
Магнитті қосқыштардың техникалық деректерінде олардың номиналды тогы
және осы қосқыш жұмыс жасай алатын электр қозғалтқыштың номиналды
қуаты көрсетіледі, ол номиналды кернеуді ұлғайтқан кезде жоғарылайды.
Қосқыштардың ең жоғары жұмыс кернеуі 660 В тең. Қосқыш
түйістіргіштерінің электрлік тозуға төзімділігі басқарылатын электр
қозғалтқыштың қуатына 1,5-2 есе пропорционал.
Қорытынды сұрақтар.
1.
Магнитті қосқыштардың мақсатын түсіндіріңіз.
2.
Магнитті қосқыштардың негізгі қасиеттерін атап өтіңіз.
3.
Магнитті қосқыш тиристорлы қосқыштан несімен ерекшеленеді?
4.
Электр
қозғалтқыштың
жұмыс
режиміне
байланысты
түйістіргіштердегі кернеу қалай өзгереді?
5.
Магнитті қосқыштың қандай қасиеттері оған АД қашықтықтан
басқаруға мүмкіндік береді?
6.
Қосқыштың жылу релелерінің мақсаты?
Достарыңызбен бөлісу: