8
байланысты болады.
х
ном
кіріс параметрінің мәні х
і.қ.
салыстырғанда
қаншалықты көп болса, реленің іске қосылуы да соғұрлым жылдам болады.
х
ном
/х
і.қ.
қатынасы K
з
қор коэффициенті деп аталады. Қор коэффициенті
жоғарылаған сайын электромагнитті реле контакттары дірілінің артатындығын
атап өткен жөн. Бір қатар релелер үшін К
в
қайтару коэффициенті деп аталатын
х
жіб
/х
і.қ.
қатынасы аса маңызды.
Ажыратуге команда берген сәттен бастап шығыс параметрінің
минималды мәніне жеткенге дейінгі уақыт ажырату уақыты деп аталады.
Контактты релелер үшін бұл уақыт екі интервалдан тұрады - жіберу уақыты
және доғаның жану уақыты. Релеге қойылатын талаптар көбінесе оның
мақсатымен анықталады. Энергиялық жүйелерді қорғауға арналған релелерге
іріктеу, жылдам әрекет ету, сезімталдық және сенімділік талаптары қойылады.
Іріктеуден реленің энергия жүйесінің тек бүлінген учаскесін ғана
ажырату қабілетін түсінеміз. Айтарлықтай жылдам әрекет ету апат салдарын
кенеттен төмендетуге, апаттық режимдер кезінде жүйенің тұрақтылығын
сақтауға, электр энергиясының жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. Реле іске қосылатын кіріс параметрінің минималды мәні сезімталдық
деп аталады. Сезімталдықты арттыру электротехникалық құрылғылардың
сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мысалы, реле қорғанысының
сезімталдығын арттыру апаттық режимдерден қорғалмаған болуы мүмкін
электр тарату ұзындығын қысқартуға мүмкіндік береді.
Энергия жүйелерін қорғау релесі жоғары сенімділікке ие болуы тиіс.
Әйтпесе, ауыр апаттар және электр энергиясының көп мөлшерін жібермей қалу
орын алуы мүмкін. Автоматика сұлбаларының релесіне, сонымен қатар электр
жетекті басқару және қорғау релелеріне әртүрлі өзіне тән талаптар қойылады.
Бұл релелер пайдаланудың ауыр жағдайларында жұмыс жасайды.
Электромагнитті реле қорғау және автоматика сұлбаларында кеңінен
қолданылады. Олар ток пен кернеу бойынша максималды, минималды және
нөлдік қорғанысты қамтамасыз етеді, сонымен қатар автоматты түрде іске
қосуды, реверстік, тежеуді және электр қозғалтқышты токтатуды жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.
Қорытынды сұрақтар.
1.
Реленің анықтамасын беріңіз.
2.
Басқарылатын тізбекке әсер ету принципі бойынша релелер қандай
болады?
3.
Қайтару коэффициенті мен қор коэффициентін қалай анықтайды?
4.
Релеге қойылатын талаптар.
5.
РП21-003-УХЛ4-24 релесінің жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз.
6.
Іріктелу дегеніміз не?
7.
Сезімталдық дегеніміз не?
8.
Релені іске қосу уақытынан нені түсінеміз?
Достарыңызбен бөлісу: