Сыртқы электр өрісінде диэлектриктегі оң және теріс зарядтардың қайта таралып орналасуы диэлектриктің поляризациясы деп аталады.
Сыртқы электр өрісіне орналасқан диэлектрик бетінде теңеспеген оң және теріс зарядтар болады. Бұл зарядтарды байланысқан зарядтар деп атайды. Диэлектриктің ішіндегі электр өрісі үшін суперпозиция принципі бойынша қорытқы электр өрісі сыртқы электр өрісі мен байланысқан зарядтар тудыратын электр өрісінің векторлық қосындысына тең болады.
,
мұндағы: - сыртқы электр өрісі, -байланысқан зарядтар тудыратын электр өрісі.
Диэлектриктің поляризациясын сандық сипаттау үшін поляризация векторы енгізілген. Бірлік көлемдегі дипольдік моменттердің қосындысын поляризация векторы деп атайды. Өлшем бірлігі
,
Изотропты полярсыз диэлектриктер үшін поляризация векторы сыртқы электр өрісінің кернеулігіне тура пропорционал.
,
мұндағы: - диэлектриктің алғырлығы.
Диэлектриктің алғырлығы диэлектриктің тегіне және температурасына тәуелді болады.
Диэлектриктің молекуласының құрылысына байланысты поляризация үшке бөлінеді:
Бағыттық поляризация
Иондық поляризация
Электрондық поляризация
Бағыттық поляризация полярлы диэлектриктерде байқалады. Полярлы диэлектриктің молекулалары сыртқы электр өрісіне енгізілгенде электрлік моменттері сыртқы электр өрісімен бағыттас болатындай түрде орналасады.
Электрондық поляризация – полярсыз диэлектриктерде байқалады, яғни сыртқы электр өрісіне енгізгенде полярсыз диэлектриктердегі оң және теріс зарядтар бір-біріне қатысты ығысады.
Иондық поляризация – иондық кристалдарда байқалады. Электр өрісінің әсерінен иондық кристалдардың кристалдық торы ығысып, байланысқан зарядтар пайда болады.
Полярлы диэлектриктің поляризациясы абсолют температураға тәуелді:
мұндағы: -диэлектриктің кішкене көлеміндегі барлық молекулалардың дипольдік моменттерінің орташа мәні.
Әлсіздеу өрістерде диэлектриктердің алғырлығының температураға тәуелділігі:
.
Бұл формула Дебай-Ланжевен формуласы деп аталады.
Полярлы диэлектриктің поляризация векторы байланысқан зарядтардың беттік тығыздығына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |