Электр өрiсi § 1 Дененi электрлеу. Заряд. Зарядтың сақталу заңы


Жауабы: электронның экранда ығысуы 5·103 м. Есеп 5



бет10/10
Дата27.11.2016
өлшемі445,23 Kb.
#2598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жауабы: электронның экранда ығысуы 5·103 м.

Есеп 5. Жазық ауа конденсаторының пластиналарының ауданы 100 см2. Олардың арасындағы арақашықтық – 5 мм. Пластиналардағы потенциалдар айырымы 300 В. Конденсаторды кернеу көзiнен ажыратқан кезде пластиналар арасындағы кеңiстiк эбонитпен толтырылады. Толтырылғаннан кейiн пластиналар арасындағы потенциалдар айырымы қандай болады? Толтырылғанға дейiн және одан кейiн конденсатор сыйымдылығы қандай?

Шешуi. Жазық конденсатордың пластиналарындағы толтыруға дейiнгi және одан кейiнгi зарядтар – q1 және q2 болсын. Бұл жағдайда заряд тұрақты болып қалады, яғни

q1 = q2 = q = const,

бұдан шығатыны, пластинадағы зарядтың беттiк тығыздығы да тұрақты шама және мынаған тең:

.

Басқа жағынан, өрiс кернеулiгi жазық конденсатор потенциалының градиентпен байланысы келесi қатынаспен берiледi:



,

мұнда d – пластиналар арасындағы арақашықтық.

Осылайша, алатынымыз:

Толтырылғанға дейiн - ,

Толтырылғаннан кейiн - .

Беттiк тығыздық пен пластиналар арасындағы арақашықтық өзгермейтiндiктен, алатынымыз:

,

бұдан: .



Сандық мәндерiн қойып, ε2 = 2,6 екенiн ескерiп:

(В).


Конденсатордың электр сыйымдылығы оның орамдарының бiрiнiң зарядының орамдар арасындағы φ2 – φ1 = U потенциалдар айырымының қатынасына тең шама:

.

Жазық конденсатор үшiн



.

Осылайша, сандық мәндерiн қойып, алатынымыз:



(Ф),

Жауабы: пластиналар арасындағы потенциалдар айырымы эбониттi енгiзгеннен кейiн 115 В болады; конденсатор сыйымдылығы толтырылғанға дейiн – 1,77·10-11 Ф, толтырылғаннан кейiн - 4,6·10-11 Ф.

Түсiнiктеме сөздiк

Вольт – кернеу өлшем бiрлiгi.

Диэлектриктер (немесе изоляторлар) – электр тогын өткiзбейтiн заттар.

Ортаның диэлектриктiк енуi – бiртектi диэлектрик iшiнде электр өрiсi кернеулiгiнiң модулi вакуумдегi өрiс кернеулiгiнiң модулiнен неше есе кем екендiгiн көрсететiн физикалық шама.

Конденсатор – әр аттас зарядталған модульдары бойынша тең және диэлектриктiң жұқақабатымен бөлiнген екi өткiзгiштен тұратын жүйе.

Кулон – электр зарядының бiрлiгi.

Кернеулiк сызықтары немесе электр өрiсiнiң күш сызықтары деп ол сызықтардың әрбiр нүктесiндегi жанама өрiс кернеулiгi векторының бағытымен сәйкес келетiн (беттесетiн) сызықтарды айтады.

Кернеу (потенциалдар айырымы) – зарядтың бастапқы нүктеден соңғы нүктесiне орынауыстырғанда өрiстiң электростатикалық жұмыстарының қатынасына тең шама.

Электр өрiсiнiң кернеулiгi – берiлген нүктедегi электр өрiсiн сипаттайтын және өрiстiң берiлген нүктедегi нүктелiк зарядына әсер ететiн күштiң осы заряд шамасына қатынасына тең векторлық шама.

Полярлық емес диэлектриктер – молекулаларындағы және атомдарындағы оң және терiс зарядтардың таралу центрлерi сәйкес келетiн (беттесетiн) заттар.

Поляризация – сыртқы электр өрiсiнiң қарама-қарсы жаққа әсерлерiнен диэлектриктiң байланысқан оң және терiс зарядтарының араласуы.

Полярлық диэлектриктер – молекулалардағы оң және терiс зарядтардың таралу центрлерi сәйкес келмейдi (беттеспейдi).

Потенциал – электростатикалық өрiстi энергетикалық сипаттайтын және өрiстегi зарядтың потенциалдық энергиясының сол зарядқа қатынасына тең скалярлық шама.

Потенциалдық өрiс – заряд тұйықталған траектория бойымен орынауыстырғанда жұмысы нөлге тең өрiс.

Өткiзгiштер – электр өрiсiнiң әсерiнен орынауыстыруға қабiлеттi зарядталған бөлшектерi бар зат.

Фарада – электр сыйымдылықтың өлшем бiрлiгi.

Эквипотенциал бет – электр өрiсiнде потенциалдары тең геометриялық нүктелер орны.

Электрлеу – нәтижесiнде денеде электр заряды пайда болатын процесс.

Электрлiк диполь – үлкен арақашықтықта модульдары бойынша тең таңбалары қарама-қарсы бiр-бiрiнен белгiлi бiр қашықтықтағы екi нүктелiк заряд жиыны ретiнде қарастыруға болатын молекула.

Электр заряды (электр мөлшерi) q – дененiң немесе бөлшектiң электромагниттiк өзара әсерлесуге түсу қасиетiн сипаттайтын және бұндай әсерлесудiң қарқындылығын анықтайтын шама.

Электродинамика – электромагниттiк өрiс табиғатының заңдылықтарымен қасиеттерi туралы ғылым.

Электр сыйымдылық – екi өткiзгiштiң электр зарядтарын ұстап қалу қабiлетiн сипаттайтын шама.

Екi өткiзгiштiң электр сыйымдылығы – өткiзгiштердiң бiрiнiң зарядының ол өткiзгiшпен көршiсiнiң потенциалдар айырымына қатынасы.

Элекртомагниттiк өрiс – электрлiк зарядталған денелер немесе бөлшектер арасындағы өзара әсерлесудi болдыратын өрiс.

Электростатика – тыныштықтағы электрлiк зарядталған денелердi зерттеуге арналған электродинамиканың бөлiмi.

Электростатикалық индукция – электр өрiсiне енгiзiлген өткiзгiште зарядтардың қайта орналасу құбылысы.



Электростатикалық өрiс – қозғалмайтын зарядтардың электр өрiсi.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет