876. Электролиздік қондырғыларды пайдалану кезінде: электролиздердегі кернеу мен ток; сутегі мен оттегі қысымы; аппараттардағы сұйықтық деңгейі; сутегі мен оттегі жүйелерінің арасындағы қысымның әртүрлілігі; айналым контурындағы электролит температурасы; кептіру қондырғыларындағы газ температурасы; аппараттардағы сутегі мен оттегінің тазалығы; қондырғы үй-жайларындағы сутегі құрамы бақылануы қажет.
Бақыланатын параметрлердің қалыпты және шекті мәні дайындаушы зауыт нұсқаулықтары мен жүргізілетін сынақ негізінде орнатылады және пайдалану кезінде қатаң сақталады.
877. Электролиздік қондырғылардың технологиялық қорғануы орнатылған режимде мынадай ауытқушылықтар барысында түрлендіргіш агрегаттардың (қозғалтқыш-генераторлардың) ажыратылуына әсер етеді:
1) 200 кгс/м2 (2 кПа) артық сутегі мен оттегінің қысымын реттеушідегі қысымның әртүрлілігі;
2) 2 % және одан да жоғары пайызды оттегіде сутегінің болуы;
3) 1 % және одан да жоғары пайызды сутегіде оттегінің болуы;
4) жүйелердегі қысымның номиналдыдан жоғары болуы;
5) полюсаралық қысқа тұйықталу;
6) бірполюсті қысқа тұйықталу (газдың орталықта шығатын электролизі үшін);
7) түрлендіргіші бар агрегаттардағы (қозғалтқыш генераторлар) ауыспалы ток кернеуінің жоғалуы.
Электролиздік қондырғыларды автоматты ажырату кезінде, сондай-ақ 70 оС дейін айналым контурындағы электролит температурасының көтерілуі кезінде, газталдағыштардың датчиктері мен электролиз үй-жайының ауасындағы сутегі 1 %-ға дейін артқан кезде басқару қалқанына дабыл беріледі.
Дабылды қабылдағаннан кейін жедел персонал 15 минуттан қалмай қондырғыға келіп жетуі қажет.
Технологиялық қорғалудан ажыратылғаннан кейін қондырғыны қайта іске қосу ажырату себебі анықталып, жойылғаннан кейін ғана жедел персонал арқылы жүзеге асырылады.
878. Әрдайым кезекші персоналынсыз жұмыс істеп тұратын электролиз қондырғысы ауысымда кемінде 1 рет тексеріледі. Табылған ақаулар мен олқылықтар журналға (картотекаға) тіркеледі және қысқа уақыт ішінде жойылады.
Қондырғыны тексеру кезінде жедел персонал:
1) жұмыс істеп тұрған электролизер қысымын реттеушідегі су деңгейінің өлшеуші-сараланған манометр көрсеткіштерімен сәйкестігін;
2) ажыратылып тұрған электролизер қысымын реттеушідегі су деңгейін;
3) ажыратылып тұрған электролизер қысымын реттеушісінен атмосфераға газды жіберу қақпақшаларының ашылуын;
4) гидрозатворлардағы судың болуын;
5) газталдағыш датчиктеріндегі (ратометр бойынша) газ шығынын;
6) электролизердегі жүктеме мен кернеуді;
7) электролизден шығардағы газ температурасын;
8) жүйедегі және ресиверлердегі сутегі мен оттегі қысымын;
9) ресиверлердегі инерттік газ қысымын тексеруі қажет.
879. Автоматты газталдағыштардың жарамдылығын тексеру үшін тәулігіне 1 рет сутегідегі оттегінің және оттегідегі сутегінің болуына химиялық талдау жүргізіледі. Автоматты газталдағыштардың бірінің жарамсыздығы кезінде тиісті химиялық талдау әрбір 2 сағат сайын жүргізіледі.
880. Сутегі және оттегі қысымының реттеуіштерінде және ресиверлерде сақтандыру қақпақшалары номиналдық 1,15 тең қысымға байланысты реттеліп қойылады. Қысым реттеуіштеріндегі сақтандыру қақпақшалары 6 айда кемінде 1 рет, ал ресиверлердегі сақтандыру қақпақшалары 2 жылда кемінде 1 рет тексеріледі. Сақтандыру қақпақшалары азотпен немесе таза ауамен сыналады.
881. Ресиверлерге сутегі мен оттегіні құбыржолдары арқылы жеткізу, сондай-ақ қоректендіру бактеріне тұссыздандырылған суды (конденсатты) құбыржолдары арқылы жеткізуде газбен тығыздалған айналмалы қақпақшалар орнатылады.
882. Электролиз үшін құрамында 30 мкг/дм3 артық темір, кемінде 20 мкг/дм3артық хлорид пен 70 мкг-экв/дм3 артық емес карбонат болатын су қолданылады.
Электролиттi дайындау үшiн стандартқа сәйкес былықпалары да, сұйық ХЧ таңбалы да полиэтилен қосымша беттерiндегi қабыршақтары ретінде қойылатын техникалық ең жоғары сұрыпты қалий тотығының гидраты қолданылады.
883. Электролиздік қондырғылармен дайындалған сутегінің тазалылығы – 99 %-дан, оттегінің тазалығы 98 %-дан төмен болмауы тиіс.
Аппараттардағы газ қысымын көтеру сутегі мен оттегінің белгіленген тазалығына қол жеткізуден кейін ғана жол беріледі.
884. Электролизердегі электролит температурасы 80оС-тан артық болмауы, ал электролизердің ыстық және салқын ұяшықтарындағы температура айырмашылығы 200С-тан артық болмауы тиіс.
885. Электр станцияларының қажеттіліктері үшін оттегіні пайдалану кезінде оның ресиверлердегі қысымы олардағы сутегі қысымынан төмен автоматты болады.
886. Электролизерді іске қосар алдында барлық аппараттар мен құбыржолдары азотпен үрленеді. Үрлеу үшін азоттың тазалығы 97,5 %-дан төмен болмауы тиіс. Егер азот құрамы үрленуші газда 97 % -ға жетсе, үрлеу аяқталды деп есептеледі. Электролизер аппаратураларын көмірқышқыл газымен үрлеуге жол берілмейді.
887. Сутегі қысымымен ресиверге электролизді қосу 0,5 кгс/см2 (50 кПа) кем емес ресиверлердегі қысымға қатысты электролиз жүйесіндегі қысымның көтерілуі кезінде жүзеге асады.
888. Ресиверден ауаны немесе сутегін шығару үшін көмірқышқыл газы немесе азот қолданылады. Ресиверлердің жоғарғы бөліктеріндегі көмірқышқыл газы 85 %-ға жетпесе ауа көмірқышқыл газымен шығарылады, ал сутегіні шығаруда 95 %-ға жетуі керек.
Ауаны шығару немесе азотпен сутегіні шығару шығарылатын газдағы азот құрамы 97 % -ға дейін жетпегенше жүргізілмейді.
Ресиверлердің ішкі тексеру қажеттілігі туындаған кезде олар үрленетін газдағы оттегі 20 %-ға жеткенге дейін алдын ала ауамен үрленеді. Азот немесе көмірқышқыл газы сутегінің төменгі бөлігінде 99 %-ға жетпегенше, ресиверлерден сутегімен шығарылады.
889. Электролиз қондырғыларын пайдалану процесінде:
1) электролиттің тығыздылығы – айына кемінде 1 рет;
2) электролизерлер ұяшықтарындағы қысым – 6 айда 1 реттен жиі емес;
3) технологиялық қорғану, сақтандыру және авариялық сигнализация әрекеті мен кері қақпақшалардың жай-күйі – 3 айда кемінде 1 рет тексеріледі.
890. Сутегінің немесе оттегінің сорбтық кептіру қондырғыларының жұмыс істеуі кезінде адсорб-құрғатушыларын ауыстыру-қосу кесте бойынша жүргізіледі.
Сутегін салқындату жолымен кептіру кезінде буландырғыштан шығатын сутегі температурасы -5 оС-тан жоғары болмауы тиіс. Еріту үшін буландырғыш мерзімді түрде кесте бойынша ажыратылады.
891. Электролиз қондырғысын ажырату кезінде 1 сағатқа дейінгі мерзімге газдың номиналды қысымымен аппаратураны қалдыруға рұқсат беріледі, бұл ретте оттегі қысымының реттеушілеріндегі қысымның әртүрлілігінің көтерілу сигнализациясы қосылады.
Электролиз қондырғысы 4 сағатқа дейін ажыратылған кезде, аппараттардағы газ қысымы 0,1-0,2 кгс/см2 (10-20 кПа) дейін төмендетілуі тиіс, ал 4 сағаттан артық уақытқа ажыратылған кезде аппараттар мен құбыржолдары азотпен үрленеді. Үрлеу электролизердің жарамсыздығы байқалған кезде істен шығарылатын барлық жағдайларда орындалады.
892. Электролиз қондырғысында бір электролизердің жұмыс істеуі және резервтегі басқалардың да болуы кезінде сутегі мен оттегіні атмосфераға шығару вентильдері резервтік электролизерлерге ашық болуы тиіс.
893. Электролизерлерді тазарту, олардың ұяшықтарының созылуын тексеру мен арматураны тексеру 6 айда 1 рет жүргізіледі.
Жоғарыда ескерілген жұмыстармен қоса, ағымды жөндеу жұмысы, сондай-ақ қабаттарын ауыстыра отырып, электролизерлерді ажырату, диафрагмалар мен электродтарды жуу мен тазалау және ақаулы тетіктерін ауыстыру 3 жылда 1 рет жүзеге асырылады.
Асбест матасын диафрагменттік рамаларға ауыстыра отырып күрделі жөндеу жұмысын жүргізу 6 жылда 1 рет жүргізіледі.
Электролизерлерден электролиттің кемуі байқалмаған кезде және технологиялық режимнің қалыпты параметрлерін сақтау кезінде энергетикалық объектінің техникалық басшысының шешімі бойынша ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстар арасында электролиз қондырғыларын пайдалану мерзімін ұзартуға жол беріледі.
894. Электролиз қондырғыларының құбыржолдары сырланады, аппараттар газ құбырлары сырының түсіне сәйкес сырланады; ресиверлер тиісті газ құбырларының түсі бойынша сақинасы бар ашық түспен сырланады.