Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет49/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Энергетикалық майлар


895. Энергетикалық майларды пайдалану кезінде:
1) маймен толтырылған жабдықтың технологиялық жүйелерінің сенімді жұмысы;
2) майды пайдалану қасиеттерінің сақталуы;
3) арнайы тағайындалған, қайта қолдану мақсатында өңделген майды жинау және қайта генерациялау қамтамасыз етіледі.
896. Энергетикалық кәсіпорындарда жеткізушілерден қабылданған барлық энергетикалық майлардың (турбиналық, электр оқшаулағыштық, компрессорлық, индустриялық) сапа сертификаттары немесе паспорттары болуы қажет және олардың стандарт талаптарына сәйкестігін (МЕМСТ немесе ТШ) анықтау мақсаттарында зертханалық талдауға ұсынылады. Стандарт талаптарына (МЕМСТ немесе ТШ) сәйкес емес өндірілген майларды жабдықтарға қолдануға жол берілмейді.
897. Оқшаулағыш май сапаларын бақылау электр жабдықтарын сынау көлемдері мен нормаларына сәйкес ұйымдастырылады.
898. Электр жабдығын күрделі жөндеуден өткізілгеннен кейін жаңа құрғақ май нормаларына сәйкес оқшауланған май құйылады.
Кернеуі 220 кВ дейін күш беретін трансформаторларда су сығындысының реакциясы, ерітілген шламның, механикалық қоспалардың құрамы бойынша пайдаланылатын майдың нормаларына сәйкес және жаңа майдың тесілетін кернеуі және температурасы 90оС болған кезде 6 %-дан артық емес диэлектрикалық шығынының тангенс бұрышының (tg ) талаптарына сай 1 г майға 0,05 мг КОН аспайтын қышқылдық санымен пайдаланылатын және қайта өңделген майды құюға болады. Май сөндiргiштерінде осы жабдықтан құйып алынған және механикалық қоспалар мен судан тазартылған жаңа құрғақ майды қайта пайдалануға жол беріледі.
899. Жаңа трансформаторлық майдың маркасы жабдық кернеуінің түрі мен дәрежесіне байланысты таңдалынады. Қажет болған жағдайда қолданыс аймағы бірдей немесе жақын жаңа майды араластыруға жол беріледі. Әр түрлі дәрежедегі жабдықтарға арналған май қоспасы тек қана төмен кернеулі жабдыққа ғана құйылады.
900. Транформаторлардың термосифондық және адсорбциондық сүзгілеріндегі қуаты 630 кВА-тан жоғары сорбенттері майдағы қышқыл мөлшері 1 г майға шаққандағы 1мг КОН-ға жеткен кезде, сондай-ақ майда ерітілген қождар суда еритін қышқылдар пайда болған кезде және (немесе) диэлектрикалық шығындардың тангенс бұрышының мәнін (tg ) пайдалану нормасынан артық көтерілген кезде ғана алмастырылады.
Қатты оқшаулаудың сипаттамасы нашарлаған кезде трансформаторлар сүзгiлерiнде сорбенттi 630 кВА дейiн (қоса алғанда) алмастыру жөндеу немесе пайдалану кезінде жүргізіледі. Сүзгіге жүктелетін сорбенттегі су массасының 0,5 %-дан аспауы тиiс.
901. Трансформаторлық май мынадай зертханалық сынақтарға ұшырауы тиіс:
1) теміржол цистерналарынан құйып алынғанға дейін – қысқартылған (тесілетін кернеуді анықтаусыз) талдауға. 220 кВ және одан да жоғары трансформаторға құюға және енгізуге арналған май тұрақтылығы мен tg - бойынша қосымша тексеріледі. Теміржол цистернасынан алынған май сынамасының тұрақтылығы мен tg - бойынша сынау оның ұзақтылығына байланысты майды қабылдап алғаннан кейін жүргізуге жол беріледі;
2) май шаруашылығының бактарына құйылған май – резервтегі қысқартылған талдауға – қысқартылған талдауға (3 жылда кемінде 1 рет) және тесілетін кернеуді тексеруге (жылына 1 рет).
Транформаторлық майдың қысқартылған талдау көлеміне тесілетін кернеуді, қышқылдық санның лапылдау температурасын, су сығындысының реакциясын анықтау, механикалық қоспаларды және ерімеген суды визуалды анықтау жатады.
902. Құрғақ майға арналған бактар ауамен кептіру сүзгілерімен жабдықталады.
903. Электр станцияларында саны жағынан ен үлкен сыйымдылықтағы сөндіргіштің сыйымдылығына тең (немесе артық) трансформаторлық май қоры және үстемелеп құю үшін жабдыққа құйылған барлық майдың кем дегенде 1 % қоры үнемі сақталады. Әуе май сөндіргіштері бар электр станцияларында ғана ең үлкен сыйымдылықтағы трансформаторға құйылған майдың кемінде 10 % көлемінде қоры сақталады.
Электр желілерін пайдаланатын ұйымдарда (аудандарда) жабдыққа кемінде 2 % құйылған көлемде трансформаторлық май қоры үнемі сақталады.
904. Турбина мұнайын және отқа төзімді майды цистерналардан құйып алмас бұрын зертханалық сынақтан өткізіледі:
мұнай – қышқылына, лапылдау температурасына, кинематикалық қоюлығына, су сығындысының реакциясына, деэмульсация уақытына, механикалық қоспалар мен судың құрамы;
отқа төзімді – қышқылына, суда еритін қышқылдар мен сілтілердің құрамына, лапылдау температурасына, қоюлығына, тығыздылығына, түсіне; механикалық қоспалардың құрамы жедел тәсілмен анықталады.
Цистернадан бос таза әрі құрғақ резервуарға құйып алынған мұнай турбиналық май деэмульсация кезінде, қышқылдануға қарсы тұрақтылығы, коррозияға қарсы қасиеттері бойынша тексеріледі. Май сапасының мемлекеттік стандарт талаптарына сай осы көрсеткіштерге сәйкес емес болған кезде цистернадан алынған сынамаға талдау жасалады.
Цистернадан құйылған май жабдыққа құюға жарамды болатындай қалыпқа келтіріледі.
905. Бу турбиналарындағы, қоректендіретін электр және турбина сорғыштарындағы пайдаланылатын турбиналық май мынадай нормаларға сәйкес болуы тиіс:
1) мұнай;
қышқыл саны – 1 г майға 0,3 мг КОН аспауы тиіс;
су, қож, механикалық қоспалар болмауы тиіс (визуалды түрде анықталады);
ерітілген қож болмауы тиіс (қышқыл 1 г майға 0,1 мг КОН және одан да көп болған жағдайда анықталады);
термоқышқылдану тұрақтылығы – Тп-22С (қышқыл – 1 г майға 0,8 мг КОН аспайтын; тұнбаның массалық үлесі – 0,15 % аспайтын) майы үшін.
Майды қышқылдандыру шарттары: сынау температурасы 120±0,5оС, уақыты – 14 сағат; Оттегіні беру жылдамдығы - 200 см3/мин.
Майдың термоқышқылдану тұрақтылығы қышқылы 1г майға 0,1 мг КОН және одан да көп маймен олардың қоспалары үшін күз-қыс мерзімінің алдында жылына 1 рет анықталады. Қоректі электр және турбина сорғыштардың май жүйелерінен алынатын май үшін бұл көрсеткіш анықталмайды:
1) отқа төзімді синтетикалық;
қышқыл – 1 г майға 1 мг КОН аспауы керек;
суда еритін қышқылдың болуы – 1г майға 0,4 мг КОН аспауы керек;
механикалық қоспалардың массалық үлесі – 0,01 % аспауы тиіс;
қоюлылығын өзгерту – тауарлық май үшін бастапқы мәнінің 10 аспауы тиіс;
ерітілген қоқыстың болуы (ВТИ тәсілі бойынша) – оптикалық тығыздылығын кемінде 25 % өзгерту (қышқыл 1 г майға 0,7 мг КОН және одан да көп болған жағдайда анықталады).
906. Қышқыл саны бойынша пайдалану нормасының шегіне жеткен отқа төзімді турбина майы сапасын қайта қалпына келтіру үшін дайындаушы-зауытқа жіберіледі. Отқа төзімді турбина майын пайдалану арнайы нұсқаулық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
907. Гидротурбиналарда пайдаланылатын Тп-30 майы мынадай нормаларға сәйкес болуы тиіс:
қышқыл – 1г майға 0,6 мг КОН аспауы керек;
су, қож, механикалық қоспалар болмауы тиіс (визуалды түрде анықталады);
ерітілген қождың массалық үлесі – 0,01 % аспауы тиіс.
908. Турбина майын сақтау және пайдалану процесінде жүйелі түрде визуалды мөлшермен бақыланады және қысқартылған түрде талданады.
Мұнай майын қысқартылған түрде талдау қатарына:
қышқыл санын, механикалық қоспалардың, қождың және судың бар екендігін анықтау;
отқа төзімді майға – қышқыл, суда еритін қышқыл, судың бар екендігін анықтау, механикалық қоспалардың құрамын жедел-тәсілмен сандық анықтау кіреді.
Майды визуалды бақылау оны тазарту қажеттігі туралы шешім қабылдау үшін судың, қождың және механикалық қоспалардың болуын сыртынан бақылауға негізделеді.
909. Турбина майының қысқартылған талдауын жүргізу мерзімі мынадай:
1) Тп-22С (ТШ 38.101.821-83) майын – май жүйелеріне құйғаннан кейін 1 айдан аспайтын уақытта және әрі қарай пайдалану процесінде қышқыл саны 1 г майға 0,1 мг КОН дейін болған кезде 2 айда 1 рет және қышқыл саны 1 г майға 0,1 мг КОН артық болған кезде 1 айда 1 рет;
2) отқа төзімді майды – пайдаланып бастағаннан кейінгі кемінде 1 аптада және әрі қарай қышқыл саны 1 г майға 0,5 мг КОН дейін болған кезде 2 айда 1 рет және қышқыл саны 1 г майға 0,5 мг КОН артық болған кезде 3 аптада 1 рет;
3) синхронды компенсаторларды майлау жүйесіне құйылған турбина майы – 6 айда 1 рет;
4) гидротурбиналарда қолданылатын Тп-30 майы – май жүйесіне құйғаннан кейінгі 1 айдан соң және одан әрі қарай май тұтастай тұнық және ерітілген қождың массалық үлесі 0,005 %-дан артық болмаған кезде жылына 1 рет;
5) ерітілген қождың массалық үлесі 0,005 %-дан артық болса – 6 айда 1 рет. Май лайланған кезде кезектен тыс қысқартылған талдау жүргізіледі.
Визуалды түрде бақылау кезінде майдан қоқыс немесе механикалық қоспа табылған кезде кезектен тыс қысқартылған талдау жасалады.
Қордағы мұнай турбина майы 3 жылда 1 рет және жабдыққа құяр алдында, ал отқа төзімді майға – жылына 1 рет және жабдыққа құяр алдында қысқартылған талдау жасалуы тиіс.
910. Бу турбиналарында және турбина сорғыштарында қолданылатын май күніне 1 рет визуалды бақыланады.
Әрдайым кезекші персоналдары болатын гидротурбиналарда, электр станцияларында қолданылатын майды визуалды тексеру аптасына 1 рет, ал автоматтандырылған электр станцияларында жабдықты әрбір кезекті тексеру кезінде, бірақ айына кемінде 1 рет жүргізіледі.
911. Электр станцияларында ең ірі агрегаттың май жүйесінің сыйымдылығына тең (немесе одан да көп) мұнай турбина майының және кемінде 45 күндік тұтынуға жететіндей толықтырып құю үшін май қоры үнемі сақталады; электр желілерін пайдалануға беретін ұйымдарда тұрақты май қоры бір синхронды компенсатордың май жүйесінің сыйымдылығына тең және кемінде 45 күндік тұтынуға жететіндей толықтырып құю үшін май қоры болуы тиіс.
Отқа төзімді турбина майының тұрақты қоры бір турбоагрегат үшін толықтырып құюға жететін бір жылдық тұтынудан кем болмауы тиіс.
912. Алынатын индустриялық майлар және икемді майлаулар механикалық қоспалар мен су табу мақсатында визуалды бақылануы тиіс. Бұдан басқа индустриялық май, мемлекеттік стандарт көрсеткішіне немесе техникалық шарттарға сәйкестігіне бақылау үшін қосымша оның тұтқырлығына сыналады.
913. Электр станцияларында және электр желілерін пайдаланатын ұйымдарда қосымша жабдықтар мен тетіктер үшін шығын нормалары, сапасын бақылау және майлау материалдарын алмастыру мерзімділігі белгіленеді. Осы мақсаттар үшін қолданылатын майлау материалының маркасы осы жабдықта қолдануға рұқсат етілген майлау түрлерін пайдалану жөніндегі зауыт нұсқаулығының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Майлау материалдарын алмастыру жабдықты дайындаушы кәсіпорынмен келісіледі.
Мәжбүрлі айналдырылатын қосымша жабдықты майлау жүйесіндегі механикалық қоспалардың, қожды және судың құрамын айына 1 рет визуалды бақылау қажет. Майдың ластанғаны анықталған кезде тазартылуы немесе ауыстырылуы қажет.
Әрбір электр станциясында және электр желісін пайдаланатын ұйымдарда қосымша жабдық үшін кемінде 45 күн тұтынатын майлау материалдарының тұрақты қоры сақталады.
914. Энергетикалық объектілерде жаңа және пайдаланылатын энергетикалық майлар сапасын бақылау мен майды қолдану бойынша ұсыным беруді, оның ішінде оны бақылау кестесін құруды, сондай-ақ өңдеу технологиясын техникалық тұрғыдан басқаруды химиялық цех (химиялық зертхана немесе тиісті бөлімше) жүзеге асырады. Электр желісі пайдаланылатын ұйымның май шаруашылығы оқшаулау және жайдан қорғау қызметінің немесе басшы бұйрығымен анықталған басқа да өндірістік бөлімшенің қарауында болады.
Электр станцияларында электр оқшауланған майларды өңдеу үшін жабдықпен қызмет көрсетуді электр цехының персоналы, ал турбина майын өңдеу үшін қазандық турбинасы цехының персоналы жүзеге асырады.
Электр станциясының біріккен орталық май шаруашылығы кәсіпорын басшысының бұйрығымен анықталған өндірістік бөлімшенің қарауында болады.
915. Химиялық зертханада жабдыққа құйылған турбинаның, трансформаторлық және индустриялық майларды тіркеуге арналған журнал жүргізіледі. Журналда мемлекеттік стандарттың нөмірі немесе техникалық шарттардың, дайындаушы зауыттың атауы, майды сынау нәтижелері, жабдықтың түрі мен станциялық нөмірі, қоспаны қосу туралы, толықтырылған май көлемі мен сапасы туралы мәлімет жазылады.
916. Пайдаланылатын майға қосымша талдау жүргізу қажеттілігі мен мерзімі нақты жабдықтың пайдалану нұсқаулығы бойынша айқындалады.
917. Трансформатор және турбина майын жабдыққа құю және одан құйып алу жеке май өткізгіш бойынша, ал май өткізгіш болмаған кезде цистернаны немесе металл бөшкелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Трансформатор майы үшін ыстық майды шайқау арқылы шамамен тазартылған, реттелген май өткізгіштер қолданылуы мүмкін. Станционарлы май өткізгіштер істен шыққан кезде тұтастай маймен толтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет