Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»



бет12/18
Дата18.02.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10381
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Электр қозғалтқыштары


  1. Электр қозғалтқыштарын, олардың іске қосылуын реттеуші және қорғану құрылғыларын пайдалану кезінде іске қосу мен жұмыс режимдерінде сенімді жұмысы қамтамасыз етіледі.

  2. Электр станцияларының жеке қажеттіліктерінің шиналарында кернеу номиналды шамамен 100-105 % ұсталады. Қажет болған кезде олардың номиналды қуатын сақтау арқылы номиналды 90-110 % кернеуімен электр қозғалтқыштарының жұмысына жол беріледі.

Қоректендіру желісінің жиілігі өзгерген кезде номиналды мәнінің ± 2,5 % шегінде номиналды қуатпен электр қозғалтқыштарының жұмысына жол беріледі.

Электр қозғалтқыштарының номиналды қуаты, кернеудің бір мезгілде ± 10 % дейін ауытқуы және номиналды мәннің ± 2,5 % жиілігі кезінде, жоғары кернеумен және төменгі жиілікпен немесе төмендетілген кернеумен және жоғары жиілікпен жұмыс жағдайында, кернеу мен жиіліктің ауытқуының абсолюттік мәнінің сомасы 10 % аспағанда, сақталуы тиіс.



  1. Электр қозғалтқыштары мен олардың жұмыс істеуіне әкелетін тетіктерге айналудың бағытын көрсететін меңзер қойылуы керек. Электр қозғалтқыштары мен оларды іске қосу құрылғыларында оған жататын агрегаттың атауы бар жазулар болуы тиіс.

  2. Тозаңды үй-жайлар мен ылғалдығы жоғары үй-жайларда үрленетін электр қозғалтқыштары таза салқындатылған ауаны жеткізетін қондырғылармен жабдықталады. Электр қозғалтқыштары арқылы үрленетін ауа, сондай-ақ оның параметрлері (температура, қоспалардың болуы) зауыт нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Салқындату трактісінің тығыздығы (ауа өткізгіштері электр қозғалтқыштарының корпусына ауа өткізгіштерінің қаптамаларын жалғау тораптары) жылына кемінде 1 рет тексеріледі.

Салқындатудың сыртқы желдеткіштерінің дара электр қозғалтқыштары негізгі электр қозғалтқыштарын қосу және ажырату кезінде автоматты түрде қосылады және ажыратылады.



  1. Ротордың сумен салқындатылатын орамасы мен статордың белсенді болаты, сондай-ақ кіріктірілген сумен ауаны салқындататын электр қозғалтқыштары корпуста судың пайда болғаны туралы сигнализация беретін құрылғылармен жабдықталады. Жабдықтарды пайдалану және сумен салқындатылатын жүйенің аппаратурасы, конденсат пен су сапасын дайындаушы зауыт нұсқаулығының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

  2. Мойынтіректерді мәжбүрлеп майлайтын электр қозғалтқыштарындағы мойынтіректер ішпектерінің температурасы көтерілген кезде немесе майлаудың тоқтатылған кезінде, сигналға және электр қозғалтқышының ажыратылуына әсер ететін қорғаныш орнатылады.

  3. Жылу механикалық жабдық үшін жауапты электр қозғалтқыштарының электр қорегінде үзіліс болған кезде (реттелетін айналу жиілігі бар электр қозғалтқыштарымен қоса), негізгі жабдықтың технологиялық режимінің тұрақтылығын сақтай отырып, жұмыс немесе қоректендірудің резервтік көзінен кернеуді қайта беру кезінде олардың топтық өздігінен іске қосылуы қамтамасыз етіледі.

Технологиялық және резервтік электр қозғау уақытын ұстай отырып белгіленетін қоректендірудің үзіліс уақыты 2,5 секундтан астам болмауы тиіс.

Жауапты тетіктердің тізбесін электр станциясының техникалық басшысы бекітеді.



  1. Егер зауыт нұсқаулығында көп рет іске қосуға жол берілмесе, қысқа тұйықталған роторлары бар электр қозғалтқыштарды суық күйінде қатарынан 2 рет, ал ыстық күйінде – 1 рет қосуға рұқсат етіледі. Кейінгі іске қосуларға электр қозғалтқышының осы түрі үшін зауыт нұсқаулығында белгіленген уақыт ішінде электр қозғалтқыштарын салқындатудан кейін жол беріледі.

Электр қозғалтқыштарын негізгі қорғанулардан ажырату кезінде электр қозғалтқыштарын қайта қосу оқшаулама кедергісінің бақылау мақсатымен өлшеу жүргізу мен тексеруден кейін жол берілед.

Резерві жоқ жауапты тетіктер үшін қозғалтқыштың сыртқы қарауынан кейін жол беріледі.

Ажырату себептерін анықтағанға дейін резервтік қорғалған жағдайда қозғалтқыштарды қайта қосуға жол берілмейді.


  1. Ұзақ уақыт бойы резервтегі электр қозғалтқыштарын және резервті қосудың автоматты құрылғыларын техникалық басшы бекіткен кесте бойынша механизмдермен бірге қаралады және сыналады. Бұл ретте жылытылмайтын, сыртта орнатылатын электр қозғалтқыштарының статор орамасының оқшаулама кедергісі мен абсорбция коэффициенті тексеріледі.

  2. Электр қозғалтқыштарының мойынтіректерінде өлшенген, механизмдермен буындасқан тік және көлденең дірілді (діріл жылдамдықтың орташа квадраттық мәні немесе тербелістің екі еселі амплитудасы) дайындаушы зауыт нұсқаулықтарында көрсетілген мәннен аспауы тиіс.

Технологиялық құжаттамада мұндай нұсқаулар болмаған кезде, механизмдермен буындасқан электр қозғалтқыштары мойынтіректерінің дірілі осы Қағидалардың 21 (1)-қосымшасына сәйкес мәнінен жоғары болмауы тиіс.

Көмірді үгетін механизмдермен, түтін сорғыштармен және айналатын бөлшектері тез тозуға бейім басқа да механизмдермен буындасқан электр қозғалтқыштары үшін, сондай-ақ пайдалану мерзімі 15 жылдан асқан электр қозғалтқыштары үшін діріл көтерілу себептерін жоюға қажетті уақыт ішінде электр қозғалтқыштары мойынтіректерінің жоғары дірілімен агрегаттардың жұмыс істеуіне жол беріледі. Осы шарттар үшін діріл нормалары осы Қағидалардың 21 (2)-қосымшасына сәйкес мәнінен жоғары болмауы тиіс.

Негізгі механизмдердің дірілін өлшеу мерзімділігі электр станциясының техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес белгіленеді.


  1. Электр қозғалтқыштарының жүктемесін, қыл аппаратын, дірілін, электр қозғалтқышы элементтерінің және салқындатылатын орталарының (статордың орамасы мен өзекшесін, ауаны, мойынтіректі) температурасын қадағалауды, мойынтіректерді (майды талап ететін деңгейде ұстау) және салқындатылатын ауаны, суды ауа салқындатқышына және орамаларға жеткізу құрылғыларын күтіп ұстауды, сондай-ақ электр қозғалтқыштарын іске қосу мен тоқтату операцияларын механизмге қызмет көрсететін цехтың кезекші персоналы жүргізуі қажет.

Салқындатылатын камералар арқылы жетекші ток сымдары жүргізілген кезде осы камералар шегінде салқындату схемаларын қадағалау мен қызмет көрсетуді электр цехының персоналы жүргізуі қажет.

  1. Адамдар жазатайым жағдайға ұшыраған кезде, электр қозғалтқышының корпусынан, оның іске қосу және қоздыру қондырғыларынан түтін немесе от шыққан кезде, іске қосылған механизм бұзылған кезде электр қозғалтқыштары дереу желіден ажыратылады.

Электр қозғалтқыштар резервті қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін (егерде ол болса) тоқтатылады:

жанған оқшауламаның иісі пайда болғанда;

электр қозғалтқышының немесе механизмінің дірілі күрт өскенде;

мойынтірек температурасының шектен тыс жоғарылауы;

жол берілетін мәнінен жоғары қайта жүктеу;

электр қозғалтқышының бұзылу қаупі (су құйылу, булану, қалыпсыз емес шу).



  1. Қуаты 100 Вт жоғары айнымалы тогы бар электр қозғалтқыштары үшін, сондай-ақ технологиялық қайта жүктеуге бейім электр қозғалтқыштарының механизмдері үшін статор тогын бақылау қамтамасыз етіледі.

Тұрақты ток электр қозғалтқыштарындағы отынды қоректендіру жетегі, турбиналардың авариялық май сорғылары мен білік тығыздағыштары үшін олардың қуаттылығына қарамастан, якор тогы бақыланады.

  1. Электр қозғалтқыштарының профилактикалық сынақтарын өткізу мен жөндеуді, жөндеу кезінде оларды алып тастау мен орнатуды, жылу автоматикасы мен өлшеу цехы (бұдан әрі - ЖӘӨ) қызмет көрсететін электр қозғалтқыштардың ысырмасынан басқа, электр цехының персоналы жүргізуі қажет.

  2. Агрегатты орталықтандыру мен теңгерімдеуді, байланыстырушы муфталарды, шығарылатын мойынтіректерді жөндеу мен орнату; май жүйесінің, іргетастары мен жақтауларының, электр қозғалтқыштарының сырғу мойынтіректерінің ішпектерін жөндеу (мойынтіректерді мәжбүрлеп майлау кезінде); ауаны, сондай-ақ суды ауа салқындатқыштарға, орамаларға және электр қозғалтқышының басқа да элементтеріне жеткізу құрылғыларының; электр қозғалтқышының статорына кіріктірілмеген салқындатқыштарды жөндеумен орнатуды іске қосылатын механизмге қызмет көрсететін цех персоналы немесе осы электр станциясында жабдықты жөндеуші мердігерлік ұйымның персоналы жүргізеді.

Электр қозғалтқыштарын профилактикалық сынақтан өткізу мен өлшеу электр жабдықтарын сынаудың көлемі мен нормаларына сәйкес ұйымдастырылады.
Күш трансформаторлары мен майлы шунттау реакторлары


  1. Газбен қорғану құрылғыларымен жабдықталған трансформаторлар (реакторлар) қақпағы газ реле бағытында кемінде 1 %, ал майөткізгіш кеңейткіш бағытында – кемінде 2 % көтерілетіндей орнатылуы тиіс. Газ шығаратын түтіктің қуысы кеңейткіштің қуысымен қосылған болуы тиіс. Қажет болған кезде газ шығаратын түтіктің мембранасы (диафрагма) дайындаушы зауыт орнатқан осыған ұқсас мембранасымен ауыстырылуы тиіс.

  2. Өрт сөндірудің стационарлық жүйелері, май қабылдағыштар, май бөлгіштер және май жинағыштар жарамды күйде болуы тиіс.

  3. Сыртқа орнатылатын трансформаторлар мен реакторлардың бактарында станциялық (қосалқы станциялардың) нөмірлері көрсетіледі. Мұндай нөмірлер есіктерде және трансформаторлық пункттер мен камералардың ішінде болуы тиіс.

Бір фазалы трансформаторлар мен реакторлар бактарында фазаның түсі жағылады. Сыртқа орнатылатын трансформаторлар мен реакторлар атмосфераға және майға төзімді бояудың ашық түсімен боялуы тиіс.

  1. Трансформаторлардың (реакторлардың) салқындату құрылғыларының электр қозғалтқышын қоректендіру екі энергия көзінен алынады, ал майдың мәжбүрлі айналымы бар трансформаторлар (реакторлар) үшін – АВР-ды қолдана отырып жүзеге асырылады.

  2. 679. Трансформаторлардың жүктемесімен кернеуді реттеу (бұдан әрі – ТКР) құрылғылары автоматты режимде жұмыс істеуі тиіс. Энергетикалық объектінің техникалық басшысының шешімімен, егер желідегі тербелістер электр энергиясын тұтынушылардың талаптарына сай болса, ТКР-ді басқару пультінен қашықтықтан қайта қосу арқылы кернеуді реттеудің автоматты емес режимін орнатуға болады.

Кернеудегі трансформатордың ТКР құрылғысын қолмен (тұтқышпен) ауыстырып қосуға болмайды.

  1. Трансформаторлық қосалқы станциялардың желдеткіштері мен камералары трансформаторлардың жұмысын барлық нормаланған режимдерде қамтамасыз етеді.

  2. Ауа мен майдың мәжбүрлі айналымы бар трансформаторлар мен реакторларда (ДЦ түрінің салқындатуы) және су мен майдың мәжбүрлі айналымы бар (Ц түрінің салқындатуы) трансформаторларда салқындату құрылғылары трансформатор мен реактордың қосылуымен (ажыратылуымен) бір уақытта автоматты түрде қосылуы (ажыратылуы) тиіс. Майдың мәжбүрлі айналымы жүктемеге қарамастан үздіксіз болуы тиіс. Салқындату жүйесін қосу (ажырату) тәртібі дайындаушы зауыт нұсқаулығында белгіленеді.

Майдың айналымын, салқындатылатын суды тоқтату туралы немесе желдеткішті тоқтату туралы сигнализация құрылғыларын жұмысқа қоспай, жасанды салқындату арқылы трансформаторлар мен реакторларды пайдаланылуға жол берілмейді.

  1. Ауаның мәжбүрлі айналымы мен майдың табиғи айналымы (Д салқындату жүйесі) бар трансформаторларда желдеткіштердің электр қозғалтқыштары май температурасы 55 0С жеткен кезде, номиналды жүктемеде май температурасына қарамастан, автоматты түрде қосылуы қажет және егер ток жүктемесі номиналдыдан аз болса, май температурасы 50 0С дейін төмендеген кезде ажыратылады.

Үрлемелі ажыратылған трансформаторлардың жұмыс шарттары жағдайы дайындаушы зауыт нұсқаулығымен белгіленеді.

  1. Трансформаторлардың май-су мен салқындату кезінде май салқындатқышындағы май қысымы ондағы су айналымының қысымынан трансформатор кеңейткішіндегі майдың деңгейі өте төмен болған кезде 0,1 кгс/см2 (10 кПа) аспауы тиіс.

Су айналымының жүйесі жұмыс майсорғылары қосылғаннан кейін жоғары май қабаттарының температурасы 15 0С төмен болмаған кезде қосылуы және май температурасы, егер дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында өзгеше жазылмаған болса, 10 0С дейін төмендегенде ажыратылуы тиіс.

Май салқындатқыштарының, сорғылар мен су магистральдарының мұз болып қатып қалуының алдын алу үшін шаралар көзделеді.



  1. Жұмыс істемейтін трансформатордың (реактордың) кеңейткішіндегі май трансформатордағы (реактордағы) май температурасына сәйкес белгілі деңгейінде болуы тиіс.

  2. Номиналды жүктемеде майдың жоғарғы қабатының температурасы трансформатор мен реакторда ДЦ салқындатумен – 75 0С жоғары емес, М табиғи маймен салқындатылған және Д салқындатуымен – 95 0С жоғары емес; ал Ц салқындатылған трансформаторлардағы май салқындатқышқа ағызар алдында майдың температурасы 70 0С жоғары болмауы тиіс.

  3. Трансформаторлардың жұмысы ораманың номиналдыдан 10 % жоғарғы кез келген тарамдануындағы кернеуде жалғаса береді. Бұл ретте кез келген орамадағы кернеу жұмыс кернеуінен жоғары болмауы тиіс.

Тарамдалған автотрансформаторларға қысымды реттеу және реттеуіш трансформаторлармен жұмыс жасау үшін мүмкін болатын шама дайындаушы-зауыт тарапынан анықталады.

  1. Май трансформаторлары үшін, егер жарықтандыруға арналған кернеу номиналдыдан аспайтын болса, жарықтандыру номиналды тогының 5 % әрбір орама тогы бойынша ұзақ жүктеуге жол беріледі.

Сонымен қатар, жұмыс режиміне байланысты трансформаторларға шамадан тыс жүйелік жүктеулерге жол беріледі, олардың мәндері мен ұзақтығы трансформаторларды қолданудың типтік нұсқаулығы және дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарында реттеледі.

Автотрансформаторларда, генератор, синхронды компенсатор немесе жүктеме жалғанған, төмен кернеу орамасына жоғары кернеу орамасының жалпы бөлігінің тогын бақылауды ұйымдастыру керек.



  1. Авариялық жағдайларда осы Қағидалардың 22-қосымшасына сәйкес трансформаторларды барлық салқындату жүйелерінде алдыңғы жүктеудің ұзақтығы мен мәніне қарамастан барлық салқындату жүйелері кезінде жоғары номиналды ток трансформаторларын қысқа мерзімге жүктеуге жол беріледі.

  2. Салқындату құрылғыларын авариялық ажырату кезінде трансформатор жұмыстарының шарттары зауыт құжаттамалардың талаптарымен анықталады.

  3. Мынадай салқындату жүйелері арқылы трансформаторларды номиналды жүктемеге қосуға болады:

ауаның кез келген төмен температуралары кезіндегі М және Д;

қоршаған ортаның температурасы 25 0С төмен болмаған кезде ДЦ және Ц.

Температурасы шамадан тыс төмен болған кезде трансформатор қуатқа шамамен 0,5 шамасында номиналды қосу арқылы алдын ала майдың жоғарғы қабатының 25 0С дейін жылытылуы қажет, осыдан соң майды циркуляциялау жүйесі іске қосылады. Авариялық жағдайларда трансформаторды қоршаған ортаның температурасына қарамай; зауыттың нұсқаулығына сәйкес ұлттық диспетчерлік орталықтың (бұдан әрі – ҰДО), ұлттық орталық (бұдан әрі– ҰО) трансформаторларының орамаларында бағытталған май ағымы бар салқындату жүйесінде толықтай қуатпен іске қосуға болады.


  1. Трансформаторлардың ажыратып-қосу құрылғысын (бұдан әрі – ТТКР) майдың жоғарғы қабаттарының температурасы минус 20 0С және одан жоғары (ТКР қондырғыларының жүктелген резисторлары үшін) және минус 45 0С және одан жоғары (ток шектеуші бар ТКР қондырғылары үшін, сондай-ақ трансформатор бағының сыртындағы тіректік оқшаулатқыш жылу құрылғылары үшін) болғанда жұмысқа қосуға болады.

ТКР қондырғыларын пайдалану дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарындағы талаптарға сәйкес ұйымдастырылуы қажет.

  1. Ток көздерінің сенімділігі мен энергия шығынының минимумы ескерілген жүктеме кестесіне байланысты әрбір электр қондырғылары үшін бір уақытта жұмыс істеп тұрған трансформаторлардың саны анықталуы тиіс.

Кернеуі 15 кВ дейін электр қуатын тарату желілерінде жоғары және төмен жүктеме кезіндегі трансформаторлардың кернеулері мен жүктемелерін өлшеу ұйымдастырылады. Өлшеу мерзімі мен мерзімділігін энергетикалық объектінің техникалық басшысы белгілейді.

  1. Бөлінген төмен кернеулі орамасы бар, ораманың осы бөліктері мен осы бөліктердің паралель қосылыстарының кернеуі бірдей болған кезде, екі орамды трансформаторлардың жұмысына рұқсат етіледі.

  2. Автотрансформаторлар мен реакторлардың қуаты 110 кВ және одан жоғары, сондай-ақ трансформаторлардың қуаты 330 кВ және одан жоғары орамаларының бейтараптағыштары жерге тұйықталған режимде жұмыс істеуі қажет.

Трансформаторлар мен автотрансформаторлардың бейтараптағышын арнайы реакторлар арқылы жерге тұйықтауға жол беріледі.

Сынақ кернеуі 110 және 220 кВ трансформаторлар тиісінше жерге тұйықталған бейтараптағышы мен қуаты 100 және 200 кВ оны тоқтан ажырату арқылы қорғау кезінде істей алады.

Негіздеме кезінде есеп разрядтығышпен қорғалған, 85 кВ бейтараптағышының сынау кернеуімен 110 кВ трансформаторларының жерге қосылмаған бейтараптағышымен жұмысқа жол беріледі.


  1. Газ релесінің сигналы істеген кезде трансформатордың (реактордың) сырты қаралады, жануын талдау және тексеру үшін реледен газ алынады. Персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін реледен газ алу кезінде және оның іске қосылу себебін анықтау кезінде трансформатор (реактор) қуатсыздандырылады және ажыратылады. Трансформаторды қуатсыздандыру және ажырату бойынша іс-шаралардың орындалу уақыты барынша қысқа болуы тиіс.

Егер реледегі газ жанбайтын болса, трансформатордың (реактордың) зақымдалу белгілері жоқ болса, ал оның ажыратылуы электр энергиясының толықтай өтуін тоқтатса, трансформатор газ релесінің іске қосылу себебін анықтағанға дейін дереу қосылуы мүмкін. Трансформатордың (реактордың) жұмыс істеу ұзақтығын энергиялық объектінің техникалық басшысы белгілейді.

Газ релесінен шыққан газ талдамасының, майдың хроматографиялық талдамасының нәтижелерімен, басқа да өлшемдердің (сынақтардың) нәтижелері бойынша газ релесінің іске қосылу себебін анықтау, трансформатордың (реактордың) техникалық жай-күйі мен оның қалыпты қолданылу мүмкіндігін анықтау қажет.



  1. Трансформатор (реактор) автоматты түрде ажыратылған кезде ішкі зақымданудан қорғай отырып, әсерінен трансформаторды (реакторды) қарау-сынау, газ, май талдамасын жасау, анықталған бұзушылықтар жойылған соң ғана іске қосуға болады.

Трансформаторды (реакторды) қорғау арқылы ажыратқан кезде, оның зақымдалуына байланысты емес әрекеттер жасалмаса, ол тексерусіз қайтадан іске қосылуы мүмкін.

  1. Қуаттылығы 1 МВА және одан жоғары трансформаторлар мен реакторлар термосифондық немесе адсорбциондық сүзгілерде майды үздіксіз регенерациялау жүйесімен пайдаланылады.

Трансформаторлардың (реакторлардың) кеңейткіштеріндегі, сондай-ақ ТКР құрылғысының багіндегі немесе кеңейткішіндегі май айналадағы ауамен тікелей жанасудан қорғалады.

Майдың ылғалдануының алдын алатын арнайы құрылғылармен жабдықталған трансформаторлар мен реакторлардағы мұндай құрылғылар трансформатордың жұмыс істеу режиміне қарамастан, үнемі қосылып тұруы тиіс. Көрсетілген құрылғыларды пайдалану дайындаушы зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес ұйымдастырылады. Маймен толтырылған ыдыстардағы май қышқылдану мен ылғалданудан қорғалады.



  1. Трансформаторды (реакторды) желіге қосу толық кернеуді қосу арқылы жүзеге асырылады.

Генератормен блокта жұмыс істейтін трансформаторлар қуаты нөлден бастап көтерілетін генератормен бірге іске қосылуы мүмкін.

  1. Трансформаторларды (реакторларды) ажыратусыз тексеру энергетикалық объектінің техникалық басшысы олардың аталуы, орнату орны мен теникалық жай-күйіне байланысты белгіленген мерзім арасында жүргізеді.

  2. Трансформаторлар мен реакторларды және олардың құрамдас бөліктерін (ТКР, салқындату жүйесі) жөндеу (күрделі, ағымдағы) жұмыстары олардың сынау және сыртқы тексеру барысында анықталатын техникалық жай-күйіне байланысты қажеттілігі бойынша жүргізіледі. Жөндеу жұмысын жүргізу мерзімін энергетикалық объектінің техникалық басшысы белгілейді.

  3. Трансформаторлардың (реакторлардың) профилактикалық сынақтары электр жабдықтарын сынау нормалары мен өлшемдері және зауыт нұсқаулықтары бойынша ұйымдастырылады.



Тарату құрылғылары


  1. Тарату құрылғыларының (бұдан әрі – ТҚ) барлық түрлері мен кернеулерінің электр жабдықтары номиналды деректер бойынша номиналды режимде де және қысқа тұйықталу, аса артық кернеу мен нормаланған қайта жүктеу кезінде де жұмыс шарттарына сәйкес болуы тиіс.

ТҚ-ға қызмет көрсетуші персоналда әдеттегі және авариялық жағдайлардағы электр жабдықтарының жұмыс режимі бойынша схемалар мен нұсқаулықтар болуы тиіс.

Кернеуі 330 кВ және одан жоғары ТҚ стационарлық, жылжымалы немесе инвентарлық экрандар ретінде биологиялық қорғану құралдарымен, сондай-ақ жекелеген қорғану құралдарымен жабдықталады. Кернеуі 330 кВ және одан жоғары ТҚ мен қызмет көрсетуші персоналда1,8 м деңгейлі жер үстіндегі ашық тарату қондырғыларының (бұдан әрі – АТҚ) алаңында электр өрісінің кернеуін тарату картасы болуы тиіс.



  1. Электр жабдығын оқшаулау класы желінің номиналды кернеуіне сәйкес болуы тиіс, ал ток кернеуінің күші артуынан қорғау қондырғылары электр жабдықтарын оқшаулау деңгейіне сәйкес болуы тиіс.

Жобалау сатысында ластанған атмосферасы бар жерлердегі электр жабдықтарын орнатуда қорғаудың қосымша шараларынсыз сенімді жұмысты қамтамасыз ететін оқшаулауға болатын жабдық таңдап алынады.

Лас атмосфералы жерлердегі ластануға қарсы тұра алмайтын оқшаулағышы бар жабдықтарды пайдалану кезінде оқшаулаудың сенімді жұмысын қамтамасыз ететін шаралар жүзеге асырылады: ашық тарату құрылғыларында (бқдан әрі – АТҚ) – гидрофоб пасталарымен жабылған, тазартылған, жуылған; жабық тарату құрылғыларынында (бұдан әрі – ЖТҚ) – тозаң мен зиянды газдың кіріп кетуінен қорғау; сыртта орнатылған жинақтаушы тарату құрылғыларында (бұдан әрі – ЖТҚ) – шкафтарды тығыздау, гидрофоб пасталарымен оқшаулағышын өңдеу мен қолмен немесе автоматты басқаруға болатын электр жылыту құрылғыларын орнату.



  1. Жаз мезгілінде ЖТҚ үй-жайының ішіндегі ауа температурасы 40 0С жоғары болмауы тиіс. Ол температурадан асып кеткен жағдайда жабдық температурасын төмендету немесе ауаны салқындату шаралары қолданылады. Элегаз оқшаулағышы бар жинақтаушы тарату құрылғыларының (бұдан әрі – ЭЖТҚ) үй-жайларындағы температура дайындаушының пайдалану техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

  2. ЖТҚ үй-жайына, ЖТҚ камераларына жануарлар мен құстардың кіріп кетпеу шаралары қолданылады.

Едендерінің беткі қабаты цемент тозаңы пайда болмайтындай болуы тиіс. ЭЖТҚ ұяшықтары орнатылған ТҚ үй-жайлары, сондай-ақ олардың жөндеу жұмысы мен техникалық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлары басқа үй-жайлардан және көшелерден оқшауланады. Қабырғалар, еден мен төбелері тозаң өткізбейтін сырмен сырлануы тиіс. ЭЖТҚ үй-жайларын жинастыру ылғалды немесе вакуум жолымен жүргізіледі. Үй-жайлар ауаны ағынды соратын желдеткішпен жабдықталады.

  1. Ағаштар мен ТҚ-ның ток жүргізілген бөліктері арасындағы жабылу қаупі болмау үшін арақашықтығы сақталуы тиіс.

  2. Кәбільдік арналар мен АТҚ мен ЖТҚ жер лоткалары жанбайтын плиталармен жабылуы тиіс, ал кәбілдік арналар, туннельдерден, қабаттар мен кәбіл бөліктері арасындағы өткізгіштерден кәбілдері шығатын орындар жанбайтын материалмен тығыздалуы тиіс.

Туннельдер, жертөлелер, арналар таза күйде күтіп-ұсталуы тиіс, ал дренаждық құрылғылар судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді.

  1. Май қабылдағыштар, май жинағыштар, гравий сепкіштер, дренаждар мен май ағызғыштар жарамды күйде сақталады.

  2. Май ажыратқыштардағы, өлшеу трансформаторлары мен кіреберістегі май деңгейі қоршаған ортаның температурасы өте жоғары және өте төмен болған кезде май көрсеткіштерінің межелік шеңберінде сақталады. Герметикалық емес кіреберістегі майы ылғалдану мен қышқылданудан қорғалуы тиіс.

  3. Бекітілген кесте бойынша ТҚ-дағы шиналардың ажырамайтын қосылуларының температурасы бойынша бақыалау ұйымдастырылуы қажет.

  4. Кернеуі 3 кВ және одан да жоғары ТҚ ажыратқыштардың қате операцияларының мүмкіншіліктерінің алдын алушы блокпен, бөлшектеушілермен, жинақтаушы ТҚ-ның (ЖиТҚ) тегістеу арбаларымен және жерге тұйықтау пышақтарымен жабдықталады. Пломбалау құрылғылары бар блок кілттері әрдайым пломбаланады.

  5. Қоршалмайтын бағаналы трансформаторлы қосалқы станцияларда, ауыстыратын-қосқыш пункттер мен басқа да құрылғыларда ажыратқыш сымдар мен төмен кернеулі қалқан шкафтары кілтпен құлыпталуы тиіс.

Қызмет көрсету алаңдарының стационарлық баспалдақтары ажыратқыштармен блокталады және кілтпен құлыпталады.

  1. Кернеулі 3 кВ және одан жоғары ТҚ-ны жерге тұйықтау үшін стационарлық жерге тұйықтау пышақтары қолданылады. Жинақтау немесе конструкциялау шарттары бойынша орнатылуы мүмкін емес жерге тұйықтау пышақтары бар жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларында жерге тұйықтау жылжымалы жерге тұйықтаулар арқылы жүзеге асырылады.

Жерге тұйықталушы жетек тұтқыштары қызыл түспен, ал жерге тұйықтау пышақтары ақ және қызыл түспен боялуы тиіс.

  1. ЖТҚ камераларының есіктері мен ішкі қабырғаларында, АТҚ жабдықтарында, ЖиТҚ-ның сыртқы және ішкі бөліктерінде, сондай-ақ қалқан панельдерінің беткі және келесі беттерінде қосылулар мен олардың диспетчерлік атаулары көрсетілген жазбалар болуы тиіс.

ТҚ есіктерінде электр қондырғыларында пайдаланылатын қорғаныс құралдарын пайдалану мен сынау бойынша сақтандыру белгілері орнатылады.

Сақтандыру қалқандары мен (немесе) қосылу сақтандырғыштарында орнатудың номиналды тогы көрсетілген жазба болады. Жабдық корпусының металл бөліктеріндегі фазалар әр түрлі түспен белгіленеді.



  1. ТҚ-да жылжымалы жерге тұйықтау, жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету құралдары, қорғану және өртке қарсы құралдары болуы тиіс.

Жедел-көшпелі бригадаларға (бұдан әрі – ЖК) қызмет көрсетуші ТҚ үшін жылжымалы жерге тұйықтау, алғашқы көмек көрсету құралдары, қорғану және өртпен қорғау және өртті сөндірудің алғашқы көмек құралдары ЖК-да болуы мүмкін.

  1. Желіден ажыратылмай ТҚ жабдықтарын тексеру ұйымдастырылады: үнемі кезекші персонал болатын объектілерде; 1 тәулікте кемінде 1 рет; разрядтарды анықтау, қаптау үшін тәуліктің қараңғы мерзімінде – айына кемінде 1 рет;

персоналдың тұрақты кезекшілігінсіз объектілерде – айына кемінде 1 рет, трансформаторлық және тарату пункттерінде – 6 айда кемінде 1 рет.

Қолайсыз ауарайы кезінде (қою тұман, дымқыл қар, көктайғақ) немесе АТҚ-да қатты ластануында, сондай-ақ қысқа тұйықталу кезінде жабдық ажыратылғаннан кейін қосымша тексеру ұйымдастырылады.

Барлық байқалған олқылықтар туралы жазба жүргізіледі және жоғары тұрған оралымды-диспетчерлік және инженерлік-техникалық персоналға хабарланады. Олқылықтар қысқа уақыт ішінде жойылады. Ток сымдарының сыртқы тексеруі электр станцияларында күн сайын жүргізіледі. Сыртқы түсін өзгерту кезінде ток сымы ажыратылуы тиіс.

Ажыратқыштар мен бөлгіштерді басқару шкафтарының, 2 м және одан жоғары биіктікте орналасқан жоғарғы бөлігінің стационарлық қызмет көрсету алаңдары болуы тиіс.



  1. Ажыратылған ауа ажыратқыштардағы сығылған ауаның шығып кетуі байқалған кезде оларға сығылған ауаны берудiң тоқтатылуы схемасын бұзатын ажыратқыштардан кернеудi алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.

  2. Релелік қорғанышпен, автоматика, байланыс және телемеханика құрылғыларының аппаратуралары бар шкафтарыда, басқару шкафтары мен ауа ажыратқыштарының тарату шкафтарында, сондай-ақ май ажыратқыштарының жетектерінде, бөлгіштерінде, қысқа тұйықтағыштар мен ТҚ-да орнатылған бөліктерінің қозғалтқыш жетектерінің шкафтарында электр жылыту құрылғылары болуы тиіс.

Май ажыратқыштар бактердің түбі мен қоршаған ауа температурасының төмендеуi кезінде қосылатын корпустарын электр жылыту құрылғысымен жабдықталады.

Қоршаған ауаның қысқы температурасы төмен (минус 25-30 °С төмен) өңірлерде орнатылған май-бак ажыратқыштарында арктикалық май қолданылады немесе ажыратқыштар ауа температурасының төмендеуі кезінде қосылатын майды электр жылыту құрылғыларымен жабдықталады.



  1. Ажыратқыштардың жетектерін басқару электр магниттерді қоректендіру схемаларында ұзақ ток тұйықталуынан қорғалуы қарастырылады.

  2. Кернеуі 6-10 кВ ЖиТҚ ЖиТҚ шкафтарының ішіндегі доға тәрізді қысқа тұйықталудан тез қорғалады.

  3. Автоматтық басқару, қорғаныс және ауа дайындайтын қондырғының сигнал жабдығы, сондай-ақ сақтандырғыш клапандары жүйелі түрде тексеріледі және нормативті-техникалық құжаттардың талаптары бойынша реттеледі.

  4. Коммутациялық аппараттар үшін сығылғын ауаны кептіру термодинамикалық жолмен жүзеге асырылады.

Сығылған ауаны кептіру коммутациялық аппаратардың номиналды компрессорлық және номиналды жұмыс қысымы арасындағы еселіктің өзгеруі кезінде номиналды жұмыс қысымы 20 кгс/см2 (2 МПа) аппараттары үшін кемінде екі және номиналды жұмыс қысымы 26-40 кгс/см2 (2,6-4 МПа) аппараттары үшін кемінде төрт сияқты талап етілетін деңгеймен қамтамасыз етіледі.

Ылғал құрамын азайту мақсатында сығылған ауаны сорып құрғату әдістерін қосымша қолдану ұсынылады.

Компрессорлы қысымы 40-45 кгс/см2 (4-4,5 МПа) барлық ауа жинақтаушысынан ылғал 3 тәулікте кемінде 1 рет, ал әдеттегі кезекші персонал болатын объектілерде – бекітілген кесте бойынша шығарылады.

Ауа жинақтағыштардың түбі және шығару тиегі жылытылады және сырттағы ауаның температурасы төмендеген кезде мұздың еруі үшін қажетті уақытта қосылатын электр жылыту құрылғысымен жабдықталады.

Қысымы 230 кгс/см2 (23 МПа) баллон топтарының конденсат жинағынан ылғалды кептіру компрессорлардың әрбір шығаруы кезінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Ылғалдың қатуынан сақтану үшін баллондардың төменгі бөліктері мен конденсат жинақтары электр жылытылатын жылу оқшаулағыш камерасына орнатылуы тиіс.

Сығылған ауаны тазалау блогінің ылғал бөлушісі (бұдан әрі – АТБ) тәулігіне кемінде 3 рет үрленеді. Құрғату дәрежесін – АТБ-дан шығатын жердегі ауаның шық нүктесін тексеру тәулігіне 1 рет жүргізіледі. Шық нүктесі қоршаған орта ауасының температурасы қалыпты болған кезде минус 50 0С жоғары болмауы және температурасы төмен болған кезде 40 0С жоғары болмауы тиіс.



  1. Ауа ажыратқыштар мен басқа да аппараттардың резервуарларын, сондай-ақ ауа жинақтағыштар мен баллондарды қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидалары бойынша уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес пайдалану ұсынылады.

Ауа ажыратқыштар мен жоғары кернеулі басқа да аппараттардың резервуарлары уәкілетті органдарда тіркелмейді.

Ауа жинақтағыштар мен компрессорлық қысым баллондарының ішкі тексеруі мен гидравликалық сынағы нормативтік актілерге сәйкес жүргізіледі. Ауа ажыратқыштар мен басқа да аппараттардың резервуарларының ішкі тексеруі орташа жөндеу жұмысы кезінде жүргізіледі.

Ауа ажыратқыштарының гидравликалық сынақ резервуарлары тексеру кезінде резервуарлардың тұрақтылығына күмән келтіретін ақаулар байқалған ауа жинақтағыштары мен компрессорлық қысым баллондарының ішкі тексеруі мен гидравликалық сынағы нормативтік актілерге сәйкес жүргізіледі. Ауа ажыратқыштары мен басқа да аппараттардың резервуарларының ішкі тексеруі орташа жөндеу жұмысы кезінде жүргізіледі.

Ауа ажыратқыштарының гидравликалық сынақ резервуарлары тексеру кезінде резервуарлардың тұрақтылығына күмән келтіретін ақаулар байқалған жағдайда жүргізіледі. Резервуарлардың ішкі қабаттарының коррозияға қарсы қабаты болуы тиіс.



  1. Ауа ажыратқыштар мен басқа да коммутациялық аппараттардың жетектерінде қолданылатын сығылған ауа әрбір ауа ажыратқышының тарату шкафтарында орнатылған сүзгілердің көмегімен механикалық қоспадан тазартылады. Ауаны дайындау желісін монтаждау аяқталғаннан кейін ауа ажыратқыштардың және басқа да аппараттардың жетектерінің резервуарларын алғаш рет толтыру алдында барлық ауа өткізгіш үрленуі тиіс.

Пайдалану процесінде сығылған ауаның ластануынан сақтандыру үшін:

қоршаған ортаның температурасы жоғары болған кезде магистралды ауа құбырлары – 2 айда кемінде 1 рет;

желіден тарату шкафтарына дейін және шкафтардан ажыратқыштардың әрбір полюсінің резервуарларына және аппараттан ажыратылған басқа да аппараттардың жетектеріне дейін ауа құбырларын дәнекерлеу - аппараттың әрбір орташа жөндеу жұмысынан кейін;

ауа ажыратқыштарының резервуарлары – ағымды және орташа жөндеу жұмысынан кейін үрленеді.



  1. Ауа ажыратқыштарында оқшаулағыштардың ішкі қабатының (нұсқаулықтары бар ажыратқыштар үшін) желдеткішінің бар екендігі мерзімді тексеріледі.

Тексеру мерзімділігі дайындаушы зауыттардың ұсыныстарының негізінде белгіленеді.

Резервуарлардан сығылған ауаны шығарғаннан кейін және ажыратқыш оқшаулағышын желдету аяқталғаннан кейін оны желіге қосар алдында желдету жүйесі арқылы ауаны үрлей отырып кептіріледі.



  1. ЖиТҚ мен ЖТҚ үй-жайларында элегаз концентрациясын бақылау еден деңгейінен 10-15 см биіктікте арнайы құралдардың көмегімен жүргізіледі.

Үй-жайлардағы элегаз концентрациясы дайындаушы-зауыт аппараттарының нұсқаулығында көрсетілген нормадан аспауы тиіс.

  1. Ажыратқыштар мен олардың жетектері қосу және ажырату сілтемелерімен жабдықталады.

Кіріктірілген жетекпен немесе ажыратқыштан шылқыған (қабырғамен) мөлдiр емес қоршаумен ол бөлмеген тiкелей жақындық орналасқан жетекпен ажыратқыштарда бiр көрсеткiштi қоюға жол беріледі - ажыратқыш немесе жетекте. Сыртқы түйiспелер қабырға iшiне салған немесе қоршалмаған жетек ажыратқыштағы көрсеткiштiң қосқан жағдай, бар болуы мiндеттi емес ашық көрсететiн ажыратқыштарда.

Ажыратқыштардың, жерге тұйықтау пышақтарының, бөлгiштердің, қысқа тұйықтағыштар мен қабырға арқылы аппараттардан бөлінген басқа да аппараттардың жетектерiнің қосу және ажырату сілтемелері болуы тиіс.



  1. Вакуумды доға әрекетін тоқтататын камералар (ВДК) дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарымен белгіленген көлемде және мерзімде сыналады. Кернеуі 20 кВ жоғары амплитудалы мәнді ВДК-ны сынау кезінде рентгендік сәулеленуден персоналды қорғау үшін экран пайдаланылуы қажет.

  2. ТҚ жабдықтарының бірінші ағымды және орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары дайындаушы-зауыттардың техникалық құжаттарында көрсетілген мерзімде жүргізіледі. Кезекті орташа деңгейден жөндеу жұмыстарының мерзімділігі пайдалану тәжірибесіне байланысты өзгертілуі мүмкін.

ТҚ жабдықтарының ағымды жөндеу жұмыстары, сондай-ақ оның әрекеттерін тексеру энергетикалық объектінің техникалық басшысының белгілеген мерзімінде қажеттілігі туындағанда жүргізіледі.

Ресурстардың таусылуынан кейін оның пайдалану ұзақтылығына қарамастан ТҚ жабдықтарын орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.



  1. ТҚ электр жабдықтарын сынау электр жабдықтарын сынаудың нормалары мен көлеміне сәйкес ұйымдастырылады.



Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2015 -> Операциялық жоспар іс-шараларын іске асыру туралы есеп
2015 -> Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет