Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»



бет13/18
Дата18.02.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10381
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Аккумуляторлық қондырғылар


  1. Аккумуляторлық қондырғыларды пайдалану кезінде олардың ұзақ мерзімді сенімді жұмысы мен қалыпты және авариялық режимдердегі әдеттегі тогының шиналардағы кернеуінің қажетті деңгейі қамтамасыз етіледі.

  2. Қайта жөнделген немесе күрделі жөндеу жұмысынан шыққан аккумуляторлық батареяны қабылдау кезінде мыналар тексеріледі: 10-сағаттық разрядты ток батареясының сыйымдылығы, құйылатын электролит сапасы, заряд соңында және жерге қатысты батареялардың разряды мен оқшаулау кедергісі. Батареялар номиналды сыйымдылығының 100%-ына қол жеткізгеннен кейін пайдалануға беріледі.

  3. Аккумуляторлық батареялар қалыпты зарядалды режимінде пайдаланылады. СК типіндегі батареялар үшін заряд алды кернеуі 2,2±0,05 В құрайды, СН-2,18±0,04 В батарея типі үшін.

Зарядтау қондырғылары номиналды кернеуінен 2 % аспайтын батарея шиналарындағы кернеуді тұрақтандыруды қамтамасыз етеді.

Жиі пайдаланылмайтын батареяның қосымша элементтері әрдайым зарядтау режимінде пайдаланылады.



  1. Қышқылды батареялар жаттығу разрядтарынсыз және мерзімді тегіс қайта зарядтауға пайдаланылады. Жылына бір рет кернеуі 2,3-2,35 В СК типті батареялардың теңгермелі зарядты элементіне температурасы 20 0С болған кезде барлық элементтерде 1,2 – 1,21 г/см3 электролит тығыздығының мәніне жеткізгенге дейін жүргізіледі.

Теңгермелі заряд ұзақтығы батареяның жай-күйіне байланысты және кемінде 6 сағатқа төзімді болуы тиіс.

СН типті батареяның теңгермелі зарядтары кернеуі 2,25-2,4 В сақтандыру қалқанынан 35-40 мм деңгейіне дейін суды құйғаннан кейін 1,235-1,245 г/см3 (сақтандыру қалқанынан 20 мм дейін электролит деңгейінің төмендеуі кезінде) электролит тығыздылығына қол жеткізгенге дейін жүргізілуі тиіс.

Теңгермелі заряд ұзақтығы шамамен мыналарды құрайды: 30 тәулікте –кернеуі 2,25 В болған кезде, 5 тәулікте – кернеуі 2,4 В болған кезде.


  1. Жылу-электр станцияларында 1-2 жылда 1 рет оның нақты сыйымдылығын анықтау үшін батареяны бақылау мақсатында разрядталады (номиналды сыйымдылық шамасында).

Қосалқы станциялар мен гидроэлектр станцияларында жылына кемінде 1 рет итеру тогы кезінде кернеудің төмендеуі бойынша батареяның жұмыс қабілеттілігі тексеріледі, ал бақылау мақсатындағы разряд қажеттілігінше жүргізіледі. Элементтер жеткіліксіз болған кезде шиналардағы кернеуді қамтамасыз ету үшін номиналды сыйымдылығының 50-70%-ға төмендеуіне немесе негізгі элементтері бөліктерінің разрядын жүзеге асыруға жол беріледі.

Ток разрядының мәні әрдайым бірдей болуы қажет. Бақылау мақсатындағы разрядтау кезінде өлшеулер нәтижелері алдыңғы разрядтардың өлшеу нәтижелерімен салыстырылады. Аталған батарея үшін максималды мәннен жоғары емес токпен батареяны зарядтау мен разрядтауға жол беріледі. Зарядтаудың соңындағы электролиттің температурасы СК типіндегі батаерялар үшін 40 0С жоғары болмауы тиіс. СН типіндегі батареялар үшін зарядтық тогы максималды болған кезде 35 0С-дан жоғары болмауы тиіс.



  1. Электр станцияларындағы аккумуляторлық батареялардың үй-жайларындағы ағынды-сору желдеткіштері батареяларды зарядтау алдында қысымды және газ толығымен тазартылғаннан кейін, бірақ зарядтау аяқталғаннан кейін кем дегенде 1,5 сағаттан кейін, бірақ одан бұрын емес ажыратылады.

Қосалқы станциялардағы аккумуляторлық батареялардың үй-жайларындағы желдету жүйесін пайдалану тәртібі нақты шарттарды ескере отырып өндірістік нұсқаулықпен анықталады.

Әрдайым зарядтау мен кернеуі 2,3 В дейін теңгерімді зарядтау режимінде өндірістік нұсқаулыққа сәйкес аккумуляторлық батареялардың үй-жайы желдетіледі.



  1. Электр станцияларындағы батареялардың авариялық разрядталуынан кейін 90 %-ға тең сыйымдылыққа дейін оның заряды 8 сағаттан артық уақыт ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аккумуляторлардағы кернеу 2,5-2,7 В-ге жетуі мүмкін.

  2. Аккумуляторлық батареяларды аздап зарядтау және зарядтау үшін түзету құрылғыларын пайдалану кезінде ауыспалы және тұрақты ток тізбегі ажырату трансформаторы арқылы байланысуы тиіс. Түзету құрылғылар ажырату туралы сигнализация құрылғыларымен жабдықталады.

Тұрақты ток шиналарындағы пульстеу коэффициенті РҚА құрылғыларын қоректендіру бойынша жол берілетін шектен асып кетпеуі тиіс.

  1. Басқару тізбегін қоректендіретін тұрақты ток шиналарындағы релелік қорғау, сигнализация, автоматика мен телемеханика құрылғыларындағы кернеу қалыпты пайдалану шарттарында электр қабылдағыштардың номиналды кернеуінен 5 %-дан жоғары ұстауға жол беріледі.

Тұрақты токтың барлық жиынтықтары мен айналма магистральдары резервтік қоректендірумен қамтамасыз етіледі.

  1. Номиналды кернеуіне байланысты аккумуляторлық батареяны оқшаулау кедергісі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес болуы тиіс.

Тұрақты жедел ток шиналарының оқшаулағыш бақылауға арналған құрылғы қондырғысы 220 В желідегі 20 кОм дейін полюстерінің бірін оқшаулау кедергісін төмендету кезіндегі дабылға әсер етуі тиіс, 110 В желі 10 кОм, 60 В желіде – 6 кОм, 48 В желіде – 5 кОм, 24 В желіде – 3 кОм.

Тұрақты ток желісін оқшаулау кедергісін пайдалану мақсатында оқшаулауды бақылау үшін құрылғыларды орнату екі реттен төмен болмауы тиіс.

Сигнализация құрылғысын іске қосу кезінде жерге қатысты оқшаулау деңгейiн төмендете отырып, жедел ток тізбегіндегі ақауларды жедел түрде жою шаралары қолданылады. Бұл ретте осы желiдегі кернеуді төмендетпей, оқшаулауды зақымдау орындарын iздеуден басқа жұмыстарды атқаруға жол берілмейді.


  1. Қышқыл аккумуляторлық батарея электролитiнiң талдауы бақылау элементтерінен алынған сынамалар бойынша жыл сайын жүргiзiледі. Бақылау элементтерiнің көлемі батареяның жай-күйiне байланысты энергетикалық объектінің техникалық жетекшісі белгіленеді, бiрақ кемінде 10%. Бақылау элементтері жыл сайын өзгертіліп отырады. Бақылау мақсатындағы разрядтау кезінде электролит сынамасы разряд соңында таңдап алынады.

Үстемелеп құю үшін құрамында хлор мен темірдің жоқ болуына тексерілген дистиллирленген су пайдаланылады.

С және СК типтеріндегі аккумуляторлық батериялардың бактеріндегі булануды азайту үшін шынымен немесе электролитпен реакцияға түспейтін басқа оқшаулау материалымен жабылуы тиіс. Осы мақсатта майды пайдалануға жол берілмейді.



  1. Аккумуляторлық батареялар үй-жайларындағы температура 10 0С-дан төмен болмауы тиіс; әдеттегі кезекшілігінсіз қосалқы станцияларда және егер батарея сыйымдылығы таңдап алынса, температураның төмендеуін ескере отырып, температурасының 5 0С-қа дейін төмендеуіне жол беріледі.

  2. Аккумуляторлық батареялар үй-жайларындағы есіктерге «Аккумулятор бөлмесі», «Өртке қауіпті», «Темекі шегуге тыйым салынады» деген жазбалар болуы тиіс және ашық отты қолдану мен темекі шегуге жол бермеу туралы қауіпсіздік белгілері ілінеді.

  3. Аккумуляторлық батареяларды тексеру энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

Электролит кернеуі, тығыздығы және температурасы айына кемінде 1 рет өлшенеді.

  1. Электр станциялары мен қосалқы станцияларда аккумуляторлық қондырғылармен қызмет көрсету аккумуляторшыға немесе арнайы дайындалған электр монтеріне (мамандықты қоса атқарумен) жүктелуі тиіс. Әрбір аккумуляторлық қондырғыларда осы тексерулер мен жүргізілген жұмыстардың көлемі туралы жазуға арналған журнал болуы тиіс.

  2. Аккумуляторлық қондырғылармен қызмет көрсетуші персонал:

батареяның жекелеген элементтерінің кернеуін, тығыздылығы мен электролит температурасын бақылау құралдарымен;

типтік нұсқаулыққа сәйкес арнайы киімдер мен арнайы мүкәммалмен қамтамасыз етілуі қажет.



  1. Аккумуляторлық қондырғылар мен батареялардың жөндеу жұмыстары өз қажеттілігінше жүргізілуі тиіс.

  2. Басқа типтердің жабық түрде орындалған қышқыл аккумуляторлы, сондай-ақ сілтілі аккумуляторлы батареялар дайындаушы-зауыт нұсқаулығының талаптарына сәйкес пайдаланылады.



Конденсаторлық қондырғылар


  1. Конденсаторлық қондырғылардың жұмыс режимдерін басқару автоматты болуы тиіс, қолмен басқарылатын кезде электр энергиясының талап етілетін сапасын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Конденсаторлық қондырғы (конденсаторлық батарея немесе оның секциясы) номиналды кернеуінен төмен төмендеген кезде қосылады және номиналды кернеудің 105-110%-ға дейін артуы кезінде ажыратылады.

  1. Номиналды кернеуі 110 % болған кезде және кернеуді арттыру мен жоғары гармониялық құрамына байланысты 130 %-ға дейін қайта жүктеумен конденсаторлық қондырғының жұмыс істеуіне жол беріледі.

  2. Егер жеке конденсатордан шығарылатын кернеу 110 %-дан асып кетсе, конденсаторлық қондырғыларды пайдалануға жол берілмейді.

  3. Конденсаторлар орнатылған жердегі қоршаған орта ауасының температурасы конденсаторларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мәннен асып кетпеуі тиіс. Осы температурадан асып кеткен жағдайда желдету тиімділігін арттыру шаралары қолданылады. Егер 1 сағат ішінде температура төмендемесе, конденсаторлық қондырғы ажыратылуы тиіс.

  4. Төменде берілген конденсатор температурасынан төмен болған кезде конденсаторлық қондырғыны қосуға жол берілмейді:

минус 40 0С - У және Т климаттық орындалу конденсаторлары үшін;

минус 60 0С - ХЛ климаттық орындау конденсаторлары үшін.



  1. Конденсаторлық қондырғыны қосуға тек конденсаторлар (қоршаған ауа) температурасының көрсетілген мәндерге дейін жоғарылауынан кейін және осы температура кезінде оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген уақыт ішіндегі шыдамдылығы кезінде жол беріледі.

  2. Егер фазалардағы ток 10 %-дан артық ажыратылатын болса, конденсаторлық қондырғы жұмысына жол берілмейді.

  3. Конденсаторлық қондырғылар ажыратылған кезде оның қайта қосылуы ажыратылудан кейінгі 1 минуттан кешіктірілмей жүргізіледі.

  4. Қорғау әрекеттерімен ажыратылатын конденсаторлық қондырғыларды қосуға оның өшіп қалуының себебін анықтағаннан және жойғаннан кейін рұқсат беріледі.

  5. Трихлордифенил сіңірілген конденсаторлар тұрқынында техникалық деректері бар тақтайшаның жанында жақтары 40 м сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш түріндегі айырым белгілері болуы тиіс.

Осы конденсаторлармен қызмет көрсету кезінде қоршаған ортаға трихлордифенил түсуінің алдын алу шаралары қолданылады.

Трихлордифенил сіңірілген, істен шыққан, тұмшаланған контейнерлерде сақталады, контейнер конструкциясы қоршаған ортаға трихлордифенилдің түсуіне жол бермейді.

Трихлордифенил сіңірілген, зақымданған конденсаторларды жою арнайы жабдықталған полигонда орталықтандырыла жүргізіледі.


  1. Конденсаторлық қондырғыларды ажыратпай тексеру айына кемінде 1 рет жүргізіледі.

  2. Конденсаторлық қондырғылардың орташа деңгейдегі жөндеу жұмысы олардың техникалық жай-күйіне байланысты жүргізіледі. Конденсаторлық қондырғылардың ағымды жөндеу жұмысы жыл сайын жүргізіледі.

  3. Конденсаторлық қондырғыларды сынау электр жабдықтарын сынау көлемі мен нормаларына және дайындаушы зауыт нұсқаулығына сәйкес ұйымдастырылады.



Электр жеткізудің әуе желілері


  1. Электр жеткізудің әуе желілерін (бұдан әрі – ӘЖ) пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету мен олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

  2. Құрылыс жүргізу мен техникалық қайта жабдықтауға, құрылымдауға, қайта жаңартуға жататын ӘЖ-ні жобалау бойынша тапсырмалар беру кезінде электр жүйелерін пайдаланатын ұйымдар ӘЖ жобаланатын аймақтағы нақты жағдайлар туралы деректер (көктайғақ және жел жөнінде, ӘЖ сара жолындағы атмосфераның ластануы жөнінде, ӘЖ және олардың элементтерінің істен шығып қалуы және басқа да жергілікті жағдайларды сипаттайтын деректер) бар жобалау ұйымдарына беруі және оның жобалық құжаттамаларда есепке алынуын талап етуі тиіс.

  3. Мердігер ұйым арқылы орындалатын және электр желісін пайдаланатын ұйымдардың пайдалануға беруге жататын ӘЖ құрылысын жүргізу, техникалық қайта жабдықтау, қайта жаңғырту және жетілдіру кезінде соңында жұмыс өндірісі бойынша техникалық қадағалау, атқарылған жұмыстардың бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру ұйымдастырылуы қажет.

  4. Электр желiсiн пайдаланылатын ұйымдардың ӘЖ-ні пайдалану үшін электр жеткізу желісінің аяқталған құрылысын пайдалануға қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

  5. Қарау, тексеру және өлшеу кезінде анықталған зақымданушылықтар мен ақауларды жою арқылы алдын ала тозудан ӘЖ элементтерін сақтау бойынша жұмыстар техникалық қызмет көрсету кезінде атқарылады.

ӘЖ-нің күрделі жөндеу жұмысы кезінде ӘЖ-нің жалпы немесе жекелеген элементтерін бастапқы пайдалану сипаттамасын беру немесе қайта қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені орындалады.

Техникалық қызмет көрсету жөндеу және техникалық қайта жабдықтау барысында ӘЖ орындалуы тиіс жұмыс тізбесі ӘЖ-ні пайдалану жөніндегі үлгілік нұсқаулықта берілген.



  1. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары ӘЖ-нің ажырату мерзімінің ұзақтығын максималды қысқаруына мүмкіндік беретін қажетті жұмыстарды жүргізу арқылы кешенді түрде ұйымдастырылады. Олар желілердің ажыратылуымен, бір фазаның (фазалық жөндеу) ажыратылуымен және кернеуді алусыз жүргізілуі мүмкін.

  2. Техникалық қызмет көрсету мен ӘЖ жөндеу жұмыстары арнайы машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, такелаждарды, жабдықтарды, аспаптар мен құрылғыларды пайдалана отырып орындалады.

Механикаландыру құралдары нормаларға сәйкес жинақтастырылады және кәсіпорындар мен оның бөлімшелерінің жөндеу-өндірістік базаларына (бұдан әрі – ЖӨБ) жеткізіледі.

ӘЖ жұмыстарын орындаушы бригадалар ЖӨБ және диспетчерлік пунктерге қажетті құралдармен жабдықталуы қажет.



  1. ӘЖ пайдалану кезінде электр желілерін қорғау қағидалары қатаң сақталады және олардың орындалуы бақыланады.

Электр желілерін пайдаланатын ұйымдар ӘЖ жүргізілетін аудандарда орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдарға қағидалардың талаптары туралы хабарлауы қажет.

  1. Неоцинктелген металл тіреуіштерінің коррозияға қарсы жабыны мен темір бетон және ағаш тіреуіштерінің, сондай-ақ болат тростар мен тіреуіш тартқыштарының металл тетіктері энергетикалық объектінің техникалық басшысының өкімімен қайта қалпына келтіріледі.

  2. ӘЖ-нің трассасы бұталардан және ағаштардан мерзiмдi түрде тазаланады және өрт қауiпсiздігі сақталады; ендi сүйеулердін белгіленген ені және ағаштардың кесiліп алынуы жүргізілуі тиіс.

Орман соқпақтарында өскен және ӘЖ сымдары мен тіректеріне құлау қаупі бар жекелеген ағаштар иелігінде екпелері бар ұйымды бұл туралы хабарландыра және ағаш кесу билеттерін (ордерлерді) ресімдей отырып кесілуі тиіс.

  1. Қарқынды ластануға ұшыраған ӘЖ-нің учаскелерінде арнайы немесе күшейтiлген оқшаулама қолданылады және қажет болған жағдайда оқшаулағышты тазалау (жуу), ластанған оқшаулағыштарды алмастыру орындалады.

Қарқынды ластану аймақтарында құстардан және жаппай ұя салу орындарынан оқшаулау жабындыларының болуына мүмкіндік бермейтін, сондай-ақ қауіп төндірмейтін жеке олардың өміріне арнайы құрылғылар орнатылады.

  1. Арқандар өткiзгiштерiн қосу саны арқаны ӘЖ-ге екi қосқыштан аспайтын рұқсат етiлуге кесiп өтетiн әрбiр өткiзгiштегі басқа ӘЖ-дері бар жұмыс iстейтiн сызықтың қиылысу аралықтары және байланыс тораптарына ӘЖ пайдаланулардың жанында кесiп өтiлетiн ӘЖ регламенттелмейді.

  2. Электр желісін пайдаланатын ұйымдар ӘЖ жобасына сәйкес тіреуіштерде орнатылған тұрақты белгілерді жарамды күйде ұстауы қажет.

  3. Электр желісін пайдаланатын ұйымдар автокөлік жолдарымен ӘЖ қиылысында орнатылған габариттерді шектейтін жол белгілерінің автокөлік жолдары бар кернеуі 330 кВ және одан жоғары ӘЖ қиылысында орнатылған және осы ӘЖ-нің қорғауға алынған аймақтарында көліктің тоқтап тұруына жол бермейтін жол белгілерінің жарамдылығына назар аударуы тиіс.

  4. ӘЖ пайдалануда олардың мерзімді және кезектен тыс тексерулері ұйымдастырылуы тиіс. Мерзімді тексеру кестесін электр желілерін пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы бекітуі тиіс.

Барлық ұзындық бойынша әрбір ӘЖ-ні тексеру мерзімділігі жылына бір реттен кем емес болмауы тиіс. Сондай-ақ жылына бір реттен кем емес инженерлік техникалық персонал күрделі жөндеу жұмысына жататын барлық ӘЖ-бен жекелеген ӘЖ тексеру жүргізілуі қажет және толығымен тексерілуі тиіс.

35 кВ және одан жоғары ӘЖ-дегі немесе 20 және одан да көп қызмет ететін учаскелердегі қарқынды ластанатын аймақтардағы сондай-ақ ашық желілердегі қысқыштардың және қашықтықтағы кернеулердің сымдары мен тростарын таңдап тексеретін жоғары тексерулер 6 жылда кемінде 1 рет кернеуі 35 кВ және одан жоғары қалған ӘЖ-де (учаскелерде) 12 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі. 0,38-20 кВ ӘЖ-дегі жоғарғы тексерулер қажет болған кезде ғана жүргізіледі.



  1. ӘЖ немесе олардың учаскелеріндегі кезектен тыс тексерулер жүргізіледі:

сымдар мен тростарда мұзданудың пайда болуы кезінде, сымдар селкілдеп тұрған кезде және өзендердiң жайылуы кезінде, орман және даланы өрт алған кезде, сондай-ақ дүлей апаттардан кейiн;

релелік қорғаудан ӘЖ-нің автоматты түрде ажыратылуынан кейін.



  1. ӘЖ бойынша мынадай тексерулер мен өлшеулер жүргізіледі:

ӘЖ трассаларының жай-күйін тексеру – сымдардан бұтақтарға дейін габариттерді тексеру мен өлшеу кезінде – қажет болған кезде;

ағаш тiректерi бөлшектерiнің шiруiн тексеру ӘЖ-ні пайдалануға енгiзгеннен кейiн 3-6 жылдан кейiн, бұдан әрi – 3 жылда кемінде 1 рет, сондай-ақ тiрекке көтеру немесе бөлшектердi ауыстыру алдында;

оқшаулағыш пен желілік арматураның сыртқы жай-күйін тексеру алғашқыда аспалы тарелкалы фарфор оқшаулағышының электр берiктiгiнiң тексеруi 1-2-жылдарда, бұдан әрi ақауын iрiктеудi деңгей және ӘЖ-ге оқшаулағышының жұмыс жағдайларына байланысты мерзiмдiлiкпен пайдалануға 6-10-жылдарда қайыра ӘЖ-дің енгiзілуiнен кейiн;

тексеру жүргізу кезінде тіреуіштер, сымдар, тростардың жай-күйін тексеру;

6 жылда кемінде 1 рет жиі емес электр өлшемдерiнiң 35 кВ және одан жоғарысы кернеудi ӘЖ өткiзгiштердiң болттық қосуларының күйiн тексеру; болттық қосулар, қанағаттанарлықсыз күйде болғанда, жаруларға душар болғанда, одан кейін жөнделеді немесе ауыстырылады;

құрсауларды болттық қосылулармен анкерлiк бұрандамалардың гайкаларын тексеру және тарту – 6 жылда кемінде 1 рет;

iргетастар мен U тәрізді бұрандаларды тексеру – 6 жылда кемінде 1 рет;

темір бетон тіреулер мен тіреуіштердің жай-күйін тексеру – 6 жылда кемінде 1 рет;

металл тiректердiң коррозияға қарсы жамылғы күйiн тексеру және траверс, жердiң iшiнара жаруымен металдық табалдырықтар және тартулардың тұтқарлары – 6 жылда кемінде 1рет;

тiректi тартқыштардың тартылуын тексеру – 6 жылда кемінде 1рет;

тiректердiң жерге тұйықтау кедергiсiн, сондай-ақ нөлдік сымның қайтадан жерге тұйықталуын өлшеу – осы Қағидалардың 880-тармағына сәйкес;

пайдалануға қабылдау кезінде кернеу 1000 В-ге дейiн ӘЖ-дегі фаза-нөл ілшегінің кедергiсiн өлшеу, әрі қарай жаңа тұтынушыларды жұмылдыру мен осы кедергiнiң өзгеруіне әкелетін жұмыстарды орындау кезінде;

тiреуіштердiң, сымдардың, тростардың жай-күйін, сымдардан жердің беті мен түрлі объектілердің бетіне дейінгі, қиылысатын құрылысқа дейінгі арақашықтығын ӘЖ-ні қарау кезінде тексеру.


  1. ӘЖ-ні қарау, тексеру мен өлшеу жұмыстарын жүргізу кезінде байқалған жарамсыздықтар пайдалану жөніндегі құжаттамада беріледі және олардың сипаттамасына байланысты жақын арада немесе техникалық қызмет көрсету немесе ӘЖ-ні күрделі жөндеу жұмысынан өткізу кезінде жойылады.

  2. ӘЖ-ні күрделі жөндеу жұмысынан өткізу электр желісін пайдаланатын ұйымның техникалық басшысының шешімімен темір бетон және металл тіреуішті ӘЖ-де –12 жылда кемінде 1 рет, ағаш тіреуіштері бар ӘЖ-де – 6 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі.

  3. Тіреуіштер мен ӘЖ-нің басқа да элементтерінің конструктивті өзгеруі, сондай-ақ жерге тіреуішті бекіту жолдары техникалық құжаттама болған кезде және электр желілерін пайдаланатын ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен ғана орындалады.

  4. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлер бойынша жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмысы, техникалық қайта жабдықтау, ӘЖ қайта жаңғырту мен жетілдіру жер пайдаланушылардың келісімімен жүргізіледі және осы пайдаланылатын жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдары болмаған кезде немесе осы дақылдардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкіндігі кезінде жүргізіледі.

ӘЖ жұмысындағы бұзушылықтардың алдын алу және осындай бұзушылықтардың салдарын жою бойынша жұмыстар жер пайдаланушының келісімінсіз, бiрақ оларға жүргізілетін жұмыс туралы хабардар ете отырып, кез келген жыл мезгілінде жүргізілуі мүмкін.

Электр желілерін пайдаланатын ұйымдардың аталған жұмыстарын атқарғаннан кейін пайдаланатын жерлерді мақсатты түрде пайдалануға жарамды күйге келтiру керек.



  1. Сымдары бірлесе ілінген ӘЖ-ні пайдаланатын ұйымдар келісілген мерзiмдерде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Авариялық жағдайларда жөндеу жұмыстары екінші торапқа (желі немесе сым иесі) алдын ала хабарлай отырып жүргізіледі.

  2. Қарқынды түрде көк мұздың пайда болуына әкелетін кернеуі 1000 В-ден жоғары ӘЖ-де көк мұзды еріту электр тогымен жүзеге асырылады.

Электр желісін пайдаланатын ұйымдар ӘЖ-де көк мұздың пайда болу процесін бақылауы және көк мұзды еріту схемасын дер кезінде қосуды қамтамасыз етуі қажет. Көк мұз ерітілетін автоматты түрде бақылау құрылғылармен және көк мұздың пайда болуы мен еру процесінің сигнализациясымен, сондай-ақ қысқартатын коммутациялық аппараттармен жабдықталады.

  1. Кернеуі 110 кВ және одан жоғары ӘЖ-нің зақымдану орындарын, сондай-ақ 6-35 кВ ӘЖ-дегі фазааралық тұйықталу орындарын қашықтықтан анықтау үшін арнайы құралдар орнатылады. Дәнекерленген кернеуі 6-35 кВ ӘЖ-ге зақымданған учаскенің сілтемелері орнатылады.

Электр желілерін пайдаланылатын ұйымдар кернеуі 6-35 кВ ӘЖ-нің жерге тұйықтау орындарын анықтау үшін жылжымалы құралдары болуы қажет.

  1. Электр желілерін пайдаланылатын ұйымдардағы ӘЖ-де авариялық зақымданушылықты дер кезінде жою мақсатында белгіленген нормаларға сәйкес материалдардың және бөлшектердің авариялық қорлары сақталады.



Күш беретін кәбілдік желілер


  1. Күш беретін кәбілдік желілерді пайдалану кезінде олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысы жүргізіледі.

  2. Пайдалануға енгізу кезінде әрбір кәбілдік желілерге жол берілетін жоғары ток жүктемесі орнатылады. Жүктемелер егер учаскенің ұзындығы 10 м-ден аз болмаса өте төмен жылу шарттары бар трасса учаскелері бойынша анықталады. Осы жүктемелердің артуы желілердің қызуы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар бойынша жол берілетін шектен артып кетпейтіндей жылу сынауының негізінде жол беріледі. Бұл ретте кәбілдердің қызуы төмен деңгейде салқындатылатын трасса учаскелерінде тексеріледі.

  3. Кәбілдік құрылыстарда кәбіл жұмыстарының жылу режимін, ауа температурасы мен желдету құрылғысының жұмысын жүйелі бақылау ұйымдастырылуы қажет.

Кәбілдік туннельдер, каналдар мен шахталар ішіндегі жазғы маусымдағы ауа температурасы сыртқы ауа температурасынан 10 0С-дан артық болмауы тиіс.

  1. Авариядан кейінгі мерзімде ток байынша:

10 кВ-ге дейінгі кернеулі қағаз оқшаулағышы бар кәбілдер үшін 30%-ға;

полиэтилен және поливинилхлорид пластикатымен оқшауланған кәбілдер үшін - 15 %-ға;

резеңке және вулкандалған полиэтилен кәбілдері үшін - 18 %, 5 тәулік ішінде күніне 6 сағаттан астам емес, бірақ жылына 100 сағаттан артық емес ұзақтығымен қайта жүктеуге жол беріледі.

15 жылдан артық пайдаланылып жүрген кәбілдер үшін ток бойынша қайта жүктеу 10 %-дан артық болмауы тиіс.

Кернеуі 20 және 35 кВ қағаз оқшауланған бар кәбілді қайта жүктеуге жол берілмейді.

Кернеуі 110 кВ және одан жоғары кәбілдік желілерді қайта жүктеу дайындаушы зауыттармен регламенттеледі.



  1. Әрбір маймен толтырылған желілер немесе кернеуі оның 110 кВ және одан да жоғары секциялары үшін желілердің өзіндік белгілеріне қарамастан май қысымының өзгеру шегі белгіленеді. Олардан кәбілдік желілер ауытқыған кезде ажыратылады және оның қосылуы бұзушылықтардың себептері анықталғаннан және жойылғаннан кейін ғана жол беріледі.

  2. Маймен толтырылған кәбілдік желілердегі май сынамасы мен кернеуі 110 кВ және одан жоғары пластмасса оқшаулағышы бар кәбіл муфтасындағы сұйықтық сынамасы жаңа желінің іске қосылуы алдында, қосылғаннан кейінгі бір жылдан соң, содан кейін 3 жылдан кейін және әрі қарай 6 жылда бір рет алынады.

  3. Кернеуі 1000 В жоғары кәбілдік желілерді пайдалануға беру кезінде ҚНжЕ мен қабылдаудың салалық қағидаларында қарастырылған құжаттамалардан басқаларында төмендегілер рәсімделеді және энергетикалық кәсіпорындарға беріледі:

трассаның осы ауданындағы байланыстың дамуына байланысты 1:200 және 1:500 масштабында орындалған байланыстырушы муфтаның орнатылған орындары көрсетілген орындалатын трасса схемасы;

кернеуі 110 кВ және жоғары кәбіл желісі үшін кәбіл желісінің түзетілген жобасы желілерді жүргізер алдында пайдаланушы ұйыммен келісіледі және кәбіл маркасы өзгерген кезде дайындаушы зауыт пен пайдаланушы ұйыммен келісіледі;

кернеуі 35 кВ кәбіл желілері үшін және кернеуі 6-10 кВ кәбіл желілерінің аса күрделі трассалары үшін жолмен және басқа да байланыс жолдарымен тоғысу орындарындағы кәбілдік желің кескінінің схемасы;

барабандардағы кәбілдің жай-күйінің актілері мен қажет болған кезде бөлшектеу хаттамасы мен тексеру үлгілері (импорттық кәбілдер үшін бөлшектеу міндетті);

кәбілдік журнал;

кәбілдік желінің барлық элементтерінің тіркеу тізімі;

барлық жерасты байланыс жолдары бар кәбілдердің тоғысулары мен жақындасуы көрсетілген құрылыс және жабық жұмыстарының актілері;

кәбіл муфтасын монтаждау бойынша жасалған акті;

монтаждауға транштар, блоктар мен каналдарды қабылдау актілері;

электр-химиялық коррозиядан кәбілдік желілерді сақтау бойынша құрылғыларды монтаждау актілері, сондай-ақ жобаға сәйкес коррозиялық сынақтардың нәтижелері;

төсеуден кейінгі жоғары кернеулі кәбіл желілерін оқшаулауды сынау хаттамасы;

оқшаулау кедергісін өлшеу нәтижелері;

жабылар алдындағы траншеялар мен каналдардағы кәбілдерді тексеру актілері;

температурасы төмен болған кезде төсер алдында барабан кәбілдерінің қызуы туралы хаттама;

өрт сөндіру мен өрт сигнализациясының жүйелерін автоматты стационарлық қондырғыларын тексеру мен сынау актілері.

Кернеуі 110 кВ және одан да жоғары кәбілдік желілерді пайдалануға қабылдау кезінде аталған құжаттардан басқа монтаждау ұйымы энергетикалық объектіге қосымша төмендегілерді беруі қажет:

кәбілмен қорректендіру аппаратураларының жоғары белгілері (110- 220 кВ желісі үшін төмен қысым);

желілердің барлық элементтеріндегі майды сынау нәтижелері;

қоректендіру бойынша сынақ;

жоғары қысымды желілердегі қорректендіру агрегаттарын сынап көру мен сынау нәтижелері;

қысымның сигнализация жүйесін тексеру нәтижелері;

төсеу кезіндегі тартуды күшейту туралы актілер;

төсеуден кейін жоғары кернеулі қорғау қабатын сынау туралы актілер;

кәбілдер, муфталар мен қорректендіру аппаратураларын зауыттық сынау хаттамалары;

муфтаны автоматты жылыту құрылғыларын сынау нәтижелері;

ток өткізу желілері мен әрбір фаза (экрандар) қабаттарындағы токты өлшеу нәтижелері;

кәбіл желісінің жұмыс сыйымдылығын өлшеу нәтижелері;

оқшаулаудың белсенді кедергісін өлшеу нәтижелері;

құдықтар мен соңғы муфталарды жерге тұйықтау кедергісін өлшеу нәтижелері.

кернеуі 1000 В дейін кәбілдік желілерді пайдалануға беру кезінде кәбілдік журнал желісінің түзетілген жобасы, сынау мен өлшеу актілері мен хаттамалары рәсімделеді және тапсырыс беруге жіберіледі.



  1. Салынып жатқан ұйымдардың басқа ведомстволардың және пайдалануға берілетін барлық кернеулі кәбіл желілерін төсеу мен монтаждау пайдаланатын ұйымның техникалық қадағалауы жүргізіледі.

  2. Әрбір кәбілдік желілердің желілер бойынша негізгі мәліметтер берілген паспорты, сондай-ақ осы Қағидалардың 792-тармағына сәйкес құжаттамалары бар мұрағат папкасы болады.

Есепке алудың автоматтандырылған жүйесі бар кәсіпорындар үшін паспорт мәліметтері ЭЕМ жадысына енгізілуі мүмкін.

Ашық төселген кәбілдер, сондай-ақ барлық кәбілдік муфталар түсініктемесі бар биркалармен жабдықталады; кәбіл биркаларында желінің басы мен соңында желінің таңбасы, кернеуі, қимасы, нөмірі немесе аталымы көрсетіледі; байланыстыратын муфталар биркаларында – муфта нөмірі, монтаждау күні.

Биркалар қоршаған ортаның ықпалына орнықты болуы тиіс. Желінің ұзындығы бойынша 50 м сайын ашық төселген кәбілдерге, сондай-ақ трасса бұрылыстары мен кәбіл өткізілетін орындарда отқа төзімді қалқалар мен қоршаулар (екі жағынан) арқылы орналастырылады.

Кәбіл құрылыстарында төселген кәбілдердің металл неоцинктелген броньдері мен металдандырылмаған қабаты бар металл конструкциялары, сондай-ақ кәбілдік металл қораптар жанбайтын коррозияға қарсы лакпен және сырмен мерзімді түрде жабылады.



  1. Кәбіл желісінің жүктемесі энергетикалық объектінің техникалық басшысы белгілеген уақыт мерзімінде өлшенеді.

Қажет болған жағдайда осы өлшеу деректерінің негізінде жұмыс режимі мен кәбіл желісінің схемасы нақтыланады.

Осы тармақтың талаптары электр станциялары мен қосалқы станциялардың тарату қондырғыларының шиналарынан кететін тұтынушылардың кәбіл желілеріне да таратылады.



  1. Кәбіл желілерін тексеру осы Қағидалардың 23-қосымшасына сәйкес мерзімде айына 1 рет жүргізіледі.

Кернеуі 1000 В төмен кәбіл муфтасын тексеру электр жабдықтарын тексеру кезінде жүргізіледі.

Су асты кәбілдерін тексеру энергетикалық объектінің техникалық басшысы белгілеген мерзімде жүргізіледі.

Кәбілдік желілерді іріктеу бақылау тексерулерін инженерлік-техникалық персонал мерзімді түрде жүргізеді.

Су тасқыны кезінде және нөсерден кейін, сондай-ақ релелік қорғау арқылы кәбілдік желілердің ажыратылуы кезінде кезектен тыс тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Тексеру кезіндегі кәбілдік желілердегі анықталған бұзушылықтар анықтау туралы ақаулар мен олқылықтарды тіркеу журналына тіркеледі. Бұзушылықтар қысқа мерзім ішінде жойылады.


  1. Тұрақты да жедел қызмет көрсететін электр станциялары мен қосалқы станциялардағы туннельдер, шахталар, кәбілдік сатылар мен арналар айына кемінде бір рет тұрақты емес жедел қызмет көрсететін электр станциялары мен қосалқы станцияларында энергетикалық объектінің техникалық басшысы белгілеген мерзімде тексеріледі.

  2. Кәбілдік құрылыстарға орнатылған өрт сигнализациясы мен автоматты түрде өртті сөндіру құрылғыларын техникалық қадағалау мен пайдалану сумен өрт сөндірудің автоматты қондырғыларын пайдалану жөніндегі, энергетикалық кәсіпорындардағы өрт сигнализациясының автоматты қондырғыларын пайдалану жөніндегі және ауа-механикалық көбіктерді қолдана отырып өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

  3. Қандай болса да уақытша және қосалқы құрылыстарды (шеберхана, құрал-жабдықтар бөлмесі, қоймалар) кәбілдік үй-жайларда орнатуға, сондай-ақ сол жерлерде қандай да материалдар мен жабдықтарды сақтауға жол берілмейді.

  4. Электрленген рельс транспорттары немесе агрессивті топырақтары құрал-жабдықтар, бар аудандарда кәбіл желілері коррозияға қарсы қорғалғаннан кейін ғана пайдалануға берілуі мүмкін.

Бұл аудандарда кәбіл желілерінде кезбе тогы өлшенеді және кәбіл желісінің әлеуетті диаграммалары мен коррозиялық аймақ картасы жасалады және жүйелі түрде түзетіліп отырады. Барлық жерасты байланысы үшін бірлескен коррозияға қарсы қорғау ұйымдастырылған қалаларда әлеуетті диаграммалар түсіру талап етілмейді.

Кәбіл әлеуеттері кезбе ток аймақтарында, катодпен қорғалған құбыржолдарымен байланыс кәбілдері бар күш беретін, кәбілдердің кәбілдер жақындайтын орындарда және коррозиядан қорғау қондырғыларымен жабдықталған кәбіл учаскелерінде өлшенеді. Шлангілі қорғау қабаттары бар кәбілдерде коррозияға қарсы қабаттың жай-күйі бақыланады.



  1. Энергетикалық объектілер жердегі кезбе тогының мәнін төмендету бойынша іс-шараларды қалалық трамвай, метрополитен мен электрленген темір жол басқармалары мен қызметтерінің орындауын қадағалау қажет.

Электр коррозиясы, жер немесе химиялық коррозия салдарынан металл қабаттарының бұзылу қаупі кәбілдік желілерде байқалған кезде оның алдын алу шаралары қолданылады. Муфтаға жалғас алюминий қабатты учаскелеріндегі коррозияның алдын алу мақсатында негізгі құжаттардың ұсыныс хаттарына сәйкес олардың қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Қорғаныс құрылғылары тұрақты бақыланады.

  1. Кәбіл трассаларын қазу мен олардың қасындағы жер жұмыстары энергетикалық объектінің жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.

  2. Кәбілден 1 м тереңдікте жер қазу машиналарымен қазба жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ 0,3 м-ден артық тереңдіктегі кәбіл топырағын қопсыту үшін кен балғалары, сүймендер мен қоймаларды қолдану кәбілдің орнатылған қалыпы қабат тереңдігінде жол берілмейді.

Ұратын немесе дірілдеумен жүктелген тетіктерді қолдануға кемінде 5 м тереңдікте жол беріледі.

Жұмыс басталар алдында энергетикалық объекті персоналының қадағалауымен трассаны бақылау мақсатында ашу жүргізіледі. Жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін қосымша техникалық шарттар беріледі.



  1. Электр желілерін пайдаланушы ұйымдар трассаларға жақын жерлердегі жұмыстарды жүргізу тәртібі туралы кәбіл трассалары жүргізілген ұйымдар мен аудандық елді мекендерге жүйелі түрде хабарлануы қажет.

  2. Кәбілдік желілер электр жабдықтарын сынау көлемі мен нормаларына сәйкес тұрақты токтың жоғары кернеуін профилактикалық сынайды.

Жөндеу жұмыстарынан кейін немесе трассаларды ашумен байланысты қазба жұмыстарынан кейін кәбіл желілеріндегі кезектен тыс сынау қажеттілігі энергетикалық объектінің, электр желілерін пайдаланатын аудандардың, ұйымдардың басшылығымен анықталады.

  1. Оқшауламаны құрғатудың салдарынан кернеуі 25-30 кВ қағаз оқшауламасы бар кәбілдердің көлденең учаскелерінде электрлік соғулардың алдын алу үшін оларды жүйелі түрде ауыстыру немесе оларға тежегішті жалғастырғыш орнатылуы қажет.

Ағып кетпейтін қоректендіру массасы мен платмасса оқшаулағышы бар немесе газбен толтырылған кәбілдері бар кернеуі 20-35 кВ кәбіл желілерінде тік учаскелердің оқшаулау жай-күйін қосымша бақылау мен олардың мерзімді түрде ауыстырылуы талап етілмейді.

  1. Қабаттарды қадағалау кезінде және шланг жабыны бар брондалмаған кәбілдерді пайдалану кезінде шлангінің жай-күйіне көңіл аударылуы тиіс. Жарық шлангілері бар кәбілдер жөнделуі немесе ауыстырылуы тиіс.

  2. Кәбіл желілерінің кәсіпорындарында зақымдану орындарын анықтайтын аппараттармен, өлшеу құралдарымен, жылжымалы өлшеу және сынау қондырғыларымен жабдықталған зертханалар болуы қажет.

  3. Зақымданған кәбілдер мен зақымданған кәбілдік муфталардың үлгілері зақымдану себептерін анықтау үшін және олардың алдын алу шараларын әзірлеу үшін зертханалық зерттеулерге ұшырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет