«Электр тізбектерінің теориясы» пәнінің дәріс сабақтар тақырыптары Дәріс тақырыбы



бет1/32
Дата08.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#98799
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
ЭТТ лекция


«Электр тізбектерінің теориясы» пәнінің дәріс сабақтар тақырыптары


1.Дәріс тақырыбы:Кіріспе. Электр тізбегі теориясының негізгі анықтамалары, түсініктері және заңдары.
№ 1 дәріс тезистері:
Электрлік тізбек – электрмагниттік және энергия мен ақпараттың басқа түрлерін өндіру, тасымалдау, тарату және өзара түрлендіру үшін арналған құрылғылар жиынтығы.
Электрлік тізбектің негізгі құрылғылары – электрмагниттік энергияның көзі, электр энергиясын тасымалдау үшін арналған құрылғылар, электрмагниттік энергияны түрлендіру үшін арналған құрылғылар және қабылдағыштар.
Электрмагниттік энергияның көзі − бұл жылулық, механикалық, химиялық және энергияның басқа түрлерін электрмагниттік (генераторлар, гальваникалық элементтер, жылулық элементтер, аккумуляторлар және т.б. құрылғылар) энергияға түрлендіретін құрылғы.
Электр тізбектерінің теориясында есептеулер мен талдау жүргізгенде активті және пассивті элементтерді айырады. Электрлік тізбектің активті бөлігі электрмагниттік энергияның көздерінен тұрады, ал олар ЭҚК (электр қозғаушы күші) және ток көздеріне бөлінеді. Активті элементтер – қорек көздері. Активті бөлігі «А» әріпімен тікүшбұрыш түрінде белгіленеді. Электр тізбектің пассивті бөлігінде электрмагниттік энергияның көздері болмайды. Пассивті элементтерге резисторлар, индуктивтілік орауыштары, конденсаторлар, жартылайөткізгішті аспаптар және т.б. жатады. Пассивті бөлім «П» әріпімен тікүшбұрыш түрінде белгіленеді. Параметрлер – пассивті элементтерді көлемдік бағалайтын шамалар, оларға кедергілер, индуктивтілік және сыйымдылық жатады.
Электрлік тізбектер сызықты және сызықты емес болып бөлінеді. Сызықты электрлік тізбек тек қана сызықты элементтерден тұрады. Сызықты элементтер – параметрлары (кедергі, индуктивтілік, сыйымдылық), олардағы токтан (немесе қыспақтарындағы кернеуден) тәуелсіз болатын элементтер, сондықтан осы элементтердің вольтамперлік сипаттамалары сызықты болады. Сызықты элементтердің параметрлері − R кедергісі, L индуктивтілігі , С сыйымдылығы тұрақты. Кем дегенде, бір сызықты емес элементке ие тізбек сызықты емес болады. Сызықты емес элементтер – параметрлері (кедергі, индуктивтілік, сыйымдылық), олардағы токтан (немесе қыспақтарындағы кернеуден) тәуелді болатын элементтер, сондықтан осы элементтердің вольтамперлік сипаттамалары сызықты емес болады. Сызықты емес элементтердің параметрлері − R кедергісі, L индуктивтілігі , С сыйымдылығы тұрақты емес және олардағы токтан тәуелді.
Өткізгіш ортадағы электр тоғы, бұл электр зарядтарының реттелген қозғалысы. Электрлік тоқ зарядының уақыт бойынша өзгеру жылдамдығы сияқты анықталады және ампермен (A) өлшенеді

Электр тоғы тұрақты және айнымалы болуы мүмкін, яғни уақыт бойынша өзгереді. Токтың оң бағыты ретінде, оң зарядтардың минустан плюсқа қарай қозғалысын қабылдайды. Әдетте, токтың бағыты ерікті алынады және стрелкамен көрсетіледі. Егер алынған оң бағытты ескеріп, токтың есептеулер нәтижесі плюс таңбасына ие болса, онда оның оң бағыты ерікті алынған бағытпен сәйкес келеді. Егер ток теріс таңбалы болса, онда ол қарама – қарсы бағытталған. R активті кедергісі арқылы I тоғы өтсін. Бұл бөліктің соңын (қыспақтарын) 1 және 2 сандарымен белгілейік ( 1.1 суреті). R – Оммен (Ом) өлшенеді.

1

2




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет