Бұл заң электр тізбектерінің түйіндері үшін қолданылады. Түйіндегі токтардың векторлық диаграммасы 2.3 суретінде көрсетілген.
2.3 Сурет
Қарастырылатын түйінде тоғысқан тармақтардың токтары қосылады. Токтардың бағыттары алынған оң бағыттарға сәйкес келеді. Түйінге бағытталған барлық токтар (2.1) фомуласында «+» таңбасымен ,ал түйіннен бағытталған токтар «-» таңбасымен алынады.
Кирхгофтың бірінші заңы бойынша тізбек түйінінде электр зарядтары жиналмайды және шығындалмайды.
Кирхгофтың екінші заңы: кез-келген тұйық контурдағы ЭҚК алгебралық қосындысы, осы контурдың резисторларындағы (кедергілеріндегі) кернеулердің кемулерінің алгебралық қосындысына тең. Резистивті элементі бар тізбек үшін келесі теңдеуді аламыз . (2.2)