Сызықты электр схемаларын түрлендіру Электр тізбектерін есептеген кезде, осы тізбектердің схемаларын қарапайым және есептеу үшін ыңғайлы схемаларға түрлендірген дұрыс, мысалы бірконтурлы немесе екі түйіні бар схемалар. Осындай түрлендірулерге тұрақты және айнымалы токтың сызықты тізбектері жатады. Төменде тұрақты ток тізбектеріне
қатысты түрлендірулер қарастырылған, бірақ сондай түрлендірулер айнымалы ток тізбегінде де қолданылады.
Элементтердің бірізді, параллель және аралас қосылуы Бірізді қосылуы.2.5 суретінде бейнеленген тізбектің барлық бірізді қосылған элементтері бойынша бір ғана I тогы өтеді. Элементтердегі осы токтан кернеулердің кемуі Ом заңы бойынша анықталады … .
2.5 Сурет
Тізбектің қыспақтарындағы кернеу Кирхгофтың екінші заңы бойынша есептеледі
U = U1 + U2 +…+ Un = IR1+IR2+…+IRn=I , (2.3)
мұндағы R = – элементтері бірізді қосылған тізбектің қосынды (баламалы) кедергісі.
Баламалы тізбек 1.19 суретінде бейнеленген.
2.6 Сурет
Осы тізбектегі ток Ом заңы бойынша анықталады: