«Электр тізбектерінің теориясы» пәнінің дәріс сабақтар тақырыптары Дәріс тақырыбы



бет28/32
Дата08.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#98799
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
ЭТТ лекция

Операторлық алмастыру сұлбасы

Операторлық түрдегі Кирхгоф заңдары
Кирхгофтың І заңы:

Кирхгофтың ІІ заңы:

Кирхгофтың екінші заңын жазған кезде нольдік емес бастапқы шартын ескеріп жазады:



Әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5,6]


13.Дәріс тақырыбы:Бейсызықты электр тізбектері және оларды талдау тәсілдері.
№ 13 дәріс тезистері:
Вольтамперлік сипаттамасы (ВАС) бейсызықты болатын элементтерден тұратын электр тізбегі бейсызықты электр тізбегі деп аталады, ал тізбектегі элементтер бейсызықты элементтер деп аталады.



13.1 Сурет
Бейсызықты тізбектерге Киргофтың заңдарын қолдануға болады, алайда беттестіру әдісіне негізделген талдау әдістерінде қолданылмайды. Осындай тізбектерде сызықты емес элементтің кедергісі мен өткізгіштігі осы элементтегі токтың (кернеудің) лездік мәнінің бейсызықты функциясы болып табылады. Демек, олардың мәндері айнымалы, сондықтан есептеуге тигізетін пайдасы аз.
Бейсызықты электр тізбектерінде көбінесе графикалық әдісті қолданады, сызықты электр тізбектерінде Кирхгоф заңдарымен сәйкес ток пен кернеуді қосатын немесе азайтатын болса, мұнда вольтамперлік сипаттамаларының абсцисс немесе ординатын қосады немесе алады.
Әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5,6]


14.Дәріс тақырыбы:Параметрлері таралған тізбектер туралы ұғымдар. Біртекті желінің теңдеулері және сипаттамалары. Таралу жылдамдығы және толқын ұзындығы. Шығынсыз желілер. Тұрғын толқын.
№ 14 дәріс тезистері:
Осы уақытқа дейін R L С элементті электр тізбектері қарастырылғанда олардың параметрлері тізбектің белгілі бір элементтерінде шоғырланған (ораманың магнит өрісінің энергиясы оның магниттік өзекшесінде), сыйымдылық конденсаторда (электр өрісінің энергиясы конденсатор қатпарларының арасында); резистивті кедергі резисторда (электр энергиясының жылулық энергияға түрленуі резистордың ток өткізетін қабатында жүреді). Мұндай тізбектер шоғырланған параметрлі деген атау алады.
Дегенмен, электр тізбегін шоғырланған параметрлі түрде барлық уақытта қарастыру мүмкін емес, мысалы, байланыс желілерінде, фидерлерде және т.б. электрмагниттік энергияны тасымалдауды қарастырғанда өрістің магниттік және электрлік энергиясы бүкіл құрылғы ұзындығы бойымен таралады және электрмагниттік энергияның жылулық энергияға түрленуі де құрылғының бүкіл ұзындығы бойымен жүреді деп ескеріледі. Мұндай тізбектерде ұзындық бойымен таралған индуктивтілікпен, сыйымдылықпен, резистивтік кедергілермен ұшырасуға тура келеді, сондықтан олар параметрлері таратылған тізбектер деп аталады.
Таратылған параметрлі тізбектің аз ғана бөлігінің (кесіндісінің) шығысындағы ток пен кернеудің шамасы оның кірісіндегі ток пен кернеу шамасына тең болмайды және шамасы бойынша да, фаза бойынша да ерекшеленеді. Осылайша, тізбектің кез келген нүктесіндегі ток пен кернеу тек уақыт t функциясы ғана емес, кеңістік координатасының функциясы бола алады (мысалы, тізбектің бір ұшынан басталған арақашықтық).
Тізбекті екі класқа бөлу – шоғырланған және таратылған параметрлі – шартты түрде қабылданады. Бір тізбекті жұмыс істеп тұрған жиілігіне байланысты шоғырланған және таратылған параметрлі жүйе ретінде қарастыруға болады. Шындығында, тізбектің кірісінде гармоникалық сигнал әсер ететін болса, онда электрмагниттік тербелістер таралуының ақырғы жылдамдығына (жарық жылдамдығына жақын) байланысты қорек көзінен тербеліс периодына тең уақыт ішіндегі ауытқу (возмущение) электрмагниттік тербеліс толқынының ұзындығына тең арақашықтықты өтеді: l = cT= c/f, мұндағы с – жарық жылдамдығы; f – тербеліс жиілігі.
Бұдан әрі таратылған параметрлі тізбектердің үлкен тобынан электрмагниттік энергияны қашықтықтарға беруге арналған және ұзындығы электрмагниттік тербелістер толқындарының ұзындығынан асатын ұзын желілерді оқып үйренеміз. Оларға екісымды әуелік байланыс желілері, байланыстың өткізгіш жүйелерінің симметриялы және коаксиалды кабельдік желілері, радиохабаршыны антеннамен байланыстыратын фидерлер және т.б. жатады. Ұзын желінің конструктивті берілгендері (желі сымының материалы мен диаметрі, олардың өзара орналасуы) және оның параметрлері желі ұзындығы бойымен сақталады. Мұндай ұзын желілер біртекті деп аталады.
Біртекті желінің беріліс теңдеулері
Біріншіреттік параметрлер. Ұзын желілер әртүрлі конструкцияларға ие болады. Екісымды әуелік желі арнайы тіректерде оқшаулатқыштардың көмегімен бекітілген параллель оқшауланбаған сымдардан тұрады. Сим­метриялы кабельдік тізбек оқшауланып ширатылған екі сымнан тұрады, оны жұп деп атайды.
Біртекті ұзын желінің моделі онжеті симметриялы бірдей П-тәрізді төртұштылардан тұратын тізбекті сұлбаны білдіреді (Сурет 1). Тізбектің буындарының номиналды параметрлері алдыңғы панелде көрсетілген. Тізбекті сұлбаның басы мен аяғында амперметрді, токты шектеуші резисторларды және жүктемелерді жалғауға арналған қосымша ұштары бар. Осы мақсатта кернеулер генераторлар блогының теру өрісін қолдануға болады.
Синусоидалы режімінде, желінің соңына жазылған шығынсыз желінің теңдеулері:
;
,
мұндағы, х' – желінің соңынан бастап есептелетін арақашықтық, км.
Бос жүріс кезінде (I2=0):


Қысқа тұйықталу кезінде (U2=0):


Келісілген режімде (ZЖ=ZC)шығынды есепке алғанда:
=
=
Ұзын желінің кіріс кедергісі кернеудің оның кірісіндегі тоғына қатынасы ретінде анықталады. Жалпы жағдайда U2 = ZЖI2, онда l ұзындығы бар шығынсыз желінің кіріс кедергісі:

ZЖ бос жүріс кезінде, ZЖ0 қысқа тұйықталу кезінде желінің кіріс кедергісі тең:
Бос жүріс және қысқа тұйықталу кезінде шығынсыз желінің кіріс кедергісі таза реактивті сипатты болады. 0-ден -ге дейін  l өзгерген кезде оның мәні 0-ден ±-дейін мәндерді қабылдай алады. Желінің электр ұзындығын әдетте толқын ұзындығының l/үлесінде анықтайды. Ол жиіліктен және желінің нақты ұзындығынан тәуелді болады. = 2болғандықтан, l = l 2f(L0C0) болса, l/ = l f(L0C0).
Осыдан жиілікті анықтауға болады, осы жиілікте желінің электр ұзындығы берілген мәнге сәйкес келеді:

мұндағы, n –тізбекті сұлбаның буындарының саны.
Келістірілген режімде, яғни ZЖ = ZК болған кезде кез-келген желінің кіріс кедергісі сипаттамалық кедергіге тең. Толқын ұзындығының төрттен біріне тең болатын l = 90о желіде және кез-келген жүктемеде желінің кіріс кедергісі:

Әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5,6]
15.Дәріс тақырыбы:Төртұштылар және электрлік сүзгілер.
№ 15 дәріс тезистері:

Электр тізбегінің екі жұп қысқышы бар бөлігі төртұшты деп аталады. Энергия көзіне жалғанатын бір жұп қысқыш кірістік (біріншіреттік), ал қабылдағышқа жалғанатын екінші жұбы шығыстық (екіншіреттік) деп аталады. Төртұштылар сызықты және сызықты емес бола алады. Энергия көздерінің болуы немесе болмауына байланысты сәйкес түрде активті немесе пассивті болады. Ауыстыру сұлбасы бойынша бірэлементті немесе көпэлементті болып бөлінеді. Төртұштылар кірістік және шығыстық қысқыштардың орындарын ауыстырғанда бөлініп алынған тармақтарда режимдердің ауысуы немесе ауыспауына байланысты симметриялы емес және симметриялы болуы мүмкін. Төртұштылар қайтымды және қайтымды емес болып бөлінеді (Барлық сызықты пассивті төртұштылар қайтымды болады).


Төртұштылардың маңызды қасиеті оларды талдау есебі 2x2 түріндегі матрицалы теңдеулерді шешуге келтірілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет