Тақырыбы : Электр тогының химиялық әсері
Орындаған : Күресбаева Балжан
Тобы : ХТЗ -219
Қабылдаған Дәуренбекова Ақмарал
Электр тогының химиялық әсері
Қатты күйдегі металдардың негізі кристалл торы болып табылады, оның түйіндерінде оң иондар , ал иондардың арасындағы кеңістікте еркін электрондар қозғалады.
Металдың әдеттегі күйінде оның электрондары ретсіз жылулық қозғалыс жасайды. Олардың қозғалысы желсіз ауадағы шіркейлер тобының ретсіз қозғалысына ұқсайды.
Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар электрондар болып табылады.
Металдардағы электр тогы – еркін электрондардың реттелген қозғалысы. Электр өрісінің әрекетінен металдардағы электрондардың қозғалыс жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең болады.
q/m=1,8*10 11 Кл/кг
Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, металдардың балқымалары электролиттер деп аталады.
Электролиттер электр тогын жақсы өткізетіндерге жатады.
Электролиттердегі электр тогы дегеніміз – оң және теріс иондардың қарама-қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы.
Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі электролиз деп аталады.
Ағылшын физигі Майкл Фарадей Лондонда металл өңдеушінің жанұясында өмірге келді. Бастауыш мектепті бітірген соң, ол он екі жасынан бастап газет тасушы болып жұмыс істеді. 1804 ж француз эмигранты Рибоның түптеушісі ретінде жұмысқа қабылданды. Ол жастайынан білімге өте құштар болып, өздігінен білім алды. Бір досы Король институтының профессоры Гемфрид Дэвидің лекциясын тыңдауға шақыру билетін алып берді. Бұл лекция білімге құштар жасөспірімнің тағдырына үлкен әсер етті. Дэвидің хаттарына жауап бере отыра, Фарадей Король институтында Дэвидің шәкірті болып қабылданды.
ФАРАДЕЙ (Faraday), Майкл
22 қыркүйек 1791 ж –
25 тамыз 1867 ж
Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр мөлшеріне пропорционал.
m=kq немесе m=kIt Фарадей заңы
Электроанализ. Электроанализ негізіне электр тоғының әсерінен заттардың химиялық айырылысу реакциясы жатады. Сандық байланыстары мен заңдылықтарын Фарадей ашқан.
1)Электролиз кезінде бөлінетін зат массасы ерітінді арқылы өткен электр зарядтарының мөлшеріне тура пропорционал.
2)Ерітінді арқылы электр зарядының бірдей мөлшері өткенде, электродтарда заттың бірдей эквиваленттік мөлшері бөлінеді. Бұл зандылықтарды математикалық өрнек түрінде көрсетуте болады: m=M2*Q/F
мұндағы m - электролиз кезінде бөлінген немесе электродта реакцияға түскен зат массасы, г; Mэ - талданушы заттың эквивалентік массасы Бұл молярлық массаның электродтық реакцияға қатысатын электродтар санына қатынасына тең, г/моль; Q = I*t - ерітінді арқылы өткен ток мөлшері, Кл; F - Фарадей саны (96500 Кл/моль).
Электрогравиметрия және кулонометрияны электроанализ тәжірибесінде электродтық механизмге тәуелділік реакциясы арқылы ажыратады. Электрогравиметрияда анализденетін зат электродқа қатты түрде бөлінетін электродтық реакция қолданылады. Фарадей заңдары — электролиттер арқылы электр тогы өткенде электродтарда бөлінетін не ыдырайтын заттардың мөлшерін (массасын) анықтайтын электролиз процесінің негізгі заңдары. Ол заңдарды 1833 — 34 ж. ағылшын ғалымы М.Фарадей ашқан. Фарадейдің 1-заңы былай тұжырымдалады: Электролит арқылы ток өткенде электродта бөлініп шыққан заттың массасы (т) ток күшіне (Қ) және ток жүрген уақытқа (t) пропорционал, яғни т=kҚt, мүндағы k — электролиттегі заттың электрхимиялық эквиваленті деп аталатын пропорционалдық коэффициент Фарадейдің 2-заңы электрхим. эквиваленттің шамасын анықтайды: k=1M/Fn=A/F, мұндағы п — ионның заряды (валенттігі), A=kFz, электролиттегі заттың химиялық эквиваленті, яғни элементтің электрхимиялық эквиваленті оның химиялық эквивалентіне пропорционал. Фарадей заңының математикалық өрнегі электролиз кезінде бөлінетін заттың массасын, электрхимиялық және химиялық эквиваленттерін дәл анықтау үшін пайдаланылады
Фарадей заңдары — электролиздер арқылы электр тогы өткенде электродтарда бөлінетін не ыдырайтын заттардың мөлшерін (массасын) анықтайтын электролиз процесінің негізгі заңдары. Ол заңдарды 1833 — 34 ж. ағылшын ғалымы М.Фарадей ашқан. Фарадейдің 1-заңы былай тұжырымдалады: Электролит арқылы ток өткенде электродта бөлініп шыққан заттың массасы (т) ток күшіне (Қ) және ток жүрген уақытқа (t) пропорционал, яғни т=kҚt, мүндағы k — электролиттегі заттың электрхимиялық эквиваленті деп аталатын пропорционалдық коэффициент Фарадейдің 2-заңы электрхим. эквиваленттің шамасын анықтайды: k=1M/Fn=A/F, мұндағы п — ионның заряды (валенттігі), A=kFz, электролиттегі заттың химиялық эквиваленті, яғни элементтің электрхимиялық эквиваленті оның химиялық эквивалентіне пропорционал. Фарадей заңының математикалық өрнегі электролиз кезінде бөлінетін заттың массасын, электрхимиялық және химиялық эквиваленттерін дәл анықтау үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |