Жерлендіргіштер
Жасанды жерлендіргіштер белгілі – тек ғана жерлендіру мақсатына арналған, және жасанды - өзге мақсаттағы жерде орналасқан металл заттар.
Жасанды жерлендіргіштер үшін әдетте тік және көлденең электродтар қолданылады.
Тік электродтар ретінде диаметрі 5-6 см, қабырғасының қалыңдығы 3,5 мм болат құбырлар және қалыңдығы 4 мм кем емес ұзындығы 2,5-3 м бұрыштық болаттар (әдетте бұл өлшемдері 40х40 және 60х60 мм бұрыштық болаттар) қолданылады. Сонымен қатар диаметрі 10 мм кем емес, ұзындығы 10 м дейін прутты болат кеңінен қолданылады.
Тік электродтарды байланыстыру үшін және өзіндік көлденең электрод ретінде қимасы 4х12 мм жолақты болат және диаметрі 6 мм кем емес дөңгелек қималы болат қолданылады.
Электродтарды орналастыру жобаға сәйкес орындалады. Жерлендіргіштерді ыстық құбырларға және басқа топырақтың құрғап кетуіне әкелетін нысандарға, сонымен қатар топырқты мұнай, майлар таматын жерлеге жақын орналастыруға болмайды. Нәтижесінде мұндай орындарда топырақтың кедергісі кенет артып кетуі мүмкін.
Жерлендіргіштерге күшті коррозия қауіпі төнген жағдайда электродтардың қимасын қалыңдату керек немесе оларды мырышпен, мыспен қаптау қажет. Кейбір жағдайларда (өте сирек) жерлендіргіштерді коррозиядан электрлік қорғау мақсатты.
Көлденең жерлендіргіштерді орнату үшін алдын ала тереңдігі 0,7-0,8 м траншея қазады, онда құбырды немесе бұрышты болатты гидропрессті механизммен қағады (сурет 24). Диаметрі 10-12 мм, ұзындығы 4-4,5 м болат стержендер жерге арнайы құрылғылардың көмегімен бұрғылап кіргізеді, ал одан ұзындарын дірілдеткіштермен тереңдете түседі (сурет 25).
Жерге батырылған тік электродтардың жоғарғы бөліктерін болат жолақтарға дәнекерлеп жалғайды. Бұл кезде жолақтарды бүйірімен дәнекерлейді, себебі дәнекерлеу оңай әрі жермен жақсы түйіседі.
Осындай траншеяларға көлденең электродтарды да орналастырады. Бұл жағдайда да жолақты болаттан дайындалған электродтарды қабырғасымен орналастырған дұрыс.
Траншеялар қиыршық тас пен құрылыстық қоқыстардан тазартылған топырақпен толтырылады, ары қарай мұқият тапталады, ол кедергінің төмендеуіне және жерлендіргіштің зақымдалмай металды үнемдеуге әкеледі.
Сурет 24. Б.С. Гаврилов стерженді электрод қондырғысы
1 – электрлі дірілдеткіш; 2 – электрі беріліс; 3 – тереңдетілетін электрод; 4 – электродты ұстағыш; 5 – дірілдеткіш болат рессор; 6 – жоғарғы және төменгі балғалар
Сурет 25. Траншеядағы дірілді электрлітереңдеткіш жүйе
Жасанды жерлендіргіштер сондай-ақ электр тогын өткізетін бетоннан жасалуы мүмкін.
Табиғи жерлендіргіштер ретінде жерге орналастырылғансу құбырлары мен металл құбырлар (жанғыш сұйықтықтар немесе жарылыс қауіпті газ құбырларынан басқа) болуы мүмкін, артезиан құдықтарының, ұңғымалардың құбырлары және т.б. ғимараттар мен үймереттердің жерге байланысқан металл және темірбетонды конструкциялары; жерге орналасқан кабельдердің қорғасынды қабаты; гидротехникалық үймереттердің металл шпунттар және т.с.с.
Тарату құрылғыларының және стансалардың табиғи жерлендіргіштері ретінде ауалы электр тізбегі бағаналарының жерлендіргіштерін қолдануға болады. Олар найзағайдан қорғайтын жерлендіргіш құрылғысы бар тросс тізбектеріне жалғанған.
Соңғы жылдарда жасанды емес жерлендіргіштер ретінде ауалы электр тізбегі бағаналарының темірбетонды іргетастары қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |