«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет48/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Бақылау сұрақтары:

  1. Жоғары вольтты сақтандырғыштар.

  2. Майда дәнді толықтырғышты сақтандырғыштар.

  3. Атқыш сақтандырғыштар.

  4. Сақтандырғыштарды таңдау.

  5. Қорғауыш жерлендіру және нөлдеу. Қорғауыш жерлендіру, арналуы, әсер ету принципі және қолданылуы.

  6. Жерлендіргіш құрылғылардың түрлері.



Дәріс 15

Тақырыбы: ҚОРҒАУЫШ НӨЛДЕУ, АРНАЛУЫ, ӘСЕР ЕТУ ПРИНЦИПІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ. НӨЛДЕУ СҰЛБАСЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ АРНАЛУЫ.
Қорғауыш нөлдеу, арналуы, әсер ету принципі және қолданылуы

Нөлдеу – үш фазалы желідегі ток көзі орамасының жерлендірілген бейтарап нүктесімен, бір фазалы желілердегі ток көзінің жерлендірілген шығысымен және тұрақты ток желілеріндегі ток көзінің жерлендірілген орта нүктесімен кернеу үстінде қалуы мүмкін электр қондырғысының ток жүрмейтін металл бөліктерін арнайы электрлік қосу.

Үш фазалы ток желісіндегі нөлдеудің принципиалды сұлбасы 26 суретте келтірілген.

Ток көзінің жерлендірілген бейтарап нүктенің нөлденетін бөліктерінің көрсетілген қосылыстарын қамтамасыз ететін өткізгішті нөлдік қорғауыш өткізгіш дейді.

Нөлдік қорғауыш өткізгішті жұмысшы нөлдік өткізгіш деп аталатын түрінен ажырата булген дұрыс, сондай-ақ олда ток көзі орамасының бейтарап, шығыс және орта нүктелерімен қосылған. Бірақ, ол электр қабылдауыштарын қоректендіруге арналған, яғни жұмысшы ток тізбегінің бір бөлігі болып табылады және ол бойынша жомысшы ток жүреді.

Ережеге сәйкес жұмысшы ток өткізгіш фазалық өткізгіштер оқшаулауышына тең оқшаулауышқа ие болуы керек; оның қимасы ұзақ уақыт бойында ток өтуге септелуі қажет.

Мысалы, бөлмені жарықтандыру мақсатында екі сым келеді – бірі фаза, ол бойынша ток шамға беріледі, ал екінші нөлдік жұмысшы, ол бойынша ток сыртқы желіге қайтады. Бұл сымдар бірдей: олар бірдей оқшаулауышқа және өткізгіштікке ие.

Нөлдік жұмысшы өткізгішті бір мезетте нөлдік қорғауыш ретінде қолдану ұсынылады, яғни энергия қабылдауыштарды нөлдеу үшін (бір фазалы және тұрақты ток қабылдауыштарынан өзге). Бұл жағдайда нөлдік жұмысшы өткізгіш қорғауыш өткізгіш және нөлдік жұмысшы талаптарын қанағаттандыратын болуы керек.

Егер нөлдік жұмысшы өткізгіш бір мезетте нөлдік қорғауыш ретінде қолданылмаса, сақтандырғыш орнатуға болады.

Нөлдеудің арналуы – жерге қатысты кернеуде қалған нәтижесінде қаңқаға тұйықталу немесе өзге себептермен ток жүрмейтін электр қондырғысының қаңқасына және басқа металдарға кездейсоқ жанасу кезінде токпен зақымдану қауіпін жою.


1 – электрқондырғысының қаңқасы;

2 – қысқа тұйықталу тогынан қорғайтын аппраттар

Сурет 26. 1000 В дейінгі үш фазалы желідегі нөлдеудің принципиалды сұлбасы
Нөлдеудің жұмыс принципі – үлкен токты туындату мақсатында қаңқаға тұйықталуды бір фазалы қысқа тұйықталуға түрлендіру (яғни фазалық және нөлдік қорғауыш өткізгіштер арасында тұйықтау), ол қорғаудың қосылуын және осыған орай электр қондырғысының зақымдалған аймағын желіден автоматты ажыратуға қабілетті болады. Мұндай қорғау болып табылады: қысқа тұйықталу токтарынан қорғау үшін орнатылатын сақтандырғыштар немесе максималды ток автоматтары: жылулық қорғалған магнитті қосқыштар: асқын кернеуден жіне қысқа тұйықталу токтарынан бір мезетте қорғауды жүзеге асыратын қосарланған автоматтар.

Мұнан бөлек, қаңқаны (немесе өзге ток жүрмейтін металл бөліктерін) нөлдеу нөлдік қорғау өткізгіші арқылы жерлендірілгендіктен, қаңқаға тұйықталудан автоматты ажыратылуға дейінгі мезетте аталған жерлендіргіштің қорғауыш қасиеттері туындайды. Қаңқаны нөлдік өткізгіш арқылы жерлендіру апаттық жағдайда олардың жерге қатысты кернеуін төмендетеді.

Осылайша, нөлдеу екі қорғау әрекетін жүзеге асырады – зақымдалған қондырғыны желіден жылдам автоматты ажырату және жерге қатысты кернеуде қалған ток жүрмейтін нөлденген металл бөліктерінің кернеуін төмендету.

Бұл кезде ажырату тек ғана қаңқаға тұйықталу кезінде жүзеге асырылады, ал кернеуді төмендету – ток жүрмейтін нөлденген металл бөліктерінің барлық кернеу түзілу жағдайларында, соның ішінде қаңқаға тұйықталу кезінде және т.б.

Қолданылу аймағы – бейтарап жерлендірілген 1000 В дейінгі үш фазалы төрт сымды желілер, соның ішінде кеңінен таралған 380/220 В кернеулі желілер, сонымен қатар 220/127 және 660/380В желілер. Нөлдеу үш сымды тұрақты ток желілерінде де қолданылады, сонымен қатар бір фазалы екі сымды айнымалы ток желілерінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет