Электр желілерінің қауіпсіздігіне ықпал ететін жермен ток өткізуші бөліктердің тізбектік байланысу көрсеткіштері
Әдетте электр желілерін есептеу және эксплуатациялау кезінде «электрэнергиясының көзі – И, байланыс тізбегі ЛС, электрэнергиясын қабылдауыш - П» тізбегі қарастырылады (сурет 7. а). Онда қажетті электрэнергиясының қажетті сапасы және қысқа тұйықталу секілді апаттық өртқауіпті жағдайлардан қорғау қамтамасыз етіледі, электрэнергиясын тұтынуды есепке алу жүргізіледі. Осы аралықта көпшілік электр жарақаттары бір фазалы жанасу деп аталатын тәртіпте орын алады, яғни олар өзге тізбектерде қалыптасады, негізінен жермен байланысқа түсетін тізбектерде: электрэнергиясының көзі И – ток өткізгіш бөлік – адам денесі – жер – жермен байланысқан тізбек ZУ – ток өткізгіш бөлік (сурет 7. б).
Сурет 7. Жермен байланыс тізбектерін еспке ала (а) және есепке алмау кезіндегі электрэнергиясы көзі мен қабылдауышы арасындағы байланыс
Өрт қауіпті жағдайлардың көпшілік жағдайлары жерге бір фазалы тұйықталу деп аталатын тәртіпте де орын алады. Екі нұсқада да тәртіптің қауіптілігі тізбектің көрсеткіштеріне, оқшаулаудың кедергісіне, сыйымдылығына, жерлендіруге тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |