«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған


Майда дәнді толықтырғышты сақтандырғыштар



бет39/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Майда дәнді толықтырғышты сақтандырғыштар

Бұл сақтандырғыштар ПР-2 сақтандырғыштарына қарағанда біршама жетілдірілген. ПН-2 типті сақтандырғыштың шаршылы қаңқасының қимасы 1 (сурет 16) берік фарфор немесе стеатиттен дайындалады. Қаңқаның ішінде ленталы тегіс кірістіргіш 2 және толықтырғыш кварц құмы 3 орналасқан. Тегіс кірістіргіш дискіге 4 дәнекерленеді, ол пышақты түйістіргіштермен 9 байланысқан пластиналармен 5 бекітіледі. Пластиналар 5 қаңқаға винттермен бекітілген.


Сурет 16. ПН-2 типті сақтандырғыш
Толықтырғыш ретінде 98% кем емес SiO2 мазмұндайтын кварц құмы қолданылады, оның дәндерінің ірілігі (0,2-0,4) · 10-3 м және ылғалдылығы 3% жоғары емес. Себу алдында құмды мұқият 120-180°С температурада кептіреді. Кварц құмының дәндері жоғары жылу өткізгіштікке және жақсы дамыған салқындатқыш беттікке ие.

Тегіс кірістіргіш қалыңдығы 0,1-0,2 мм мыс лентадан дайындалады. Токты шектеуге қол жеткізу үшін кірістіргіш кішірейген аймақтарға ие 8. Тегіс кірістіргіш толықтырғышты толығымен қолдану үшін үш параллель тармаққа бөлінген. Жұқа лентаны қолдану, кішірейген аймақтардан тиімді жылу бөлу берілген номиналды ток үшін кірістіргіштің минималды қимасын алуға мүмкіндік береді. Ол жоғары токты шектеу қабілетін қамтамасыз етеді. Бірнеше кішірейген аймақтарды біріктіру кірістіргіштің балқуынан кейінгі токтың жоғарылауын бәсеңдетеді. Себебі сақтандырғыш доғасында кернеу жоғарылай түседі. Балқу температурасын төмендету үшін кірістіргішке қалайы жолақтары 7 қапталады (металлургиялық эффект).

Қысқа тұйықталу кезінде тегіс кірістіргіш және доға толықтырғыш дәндерімен түзілген арнада жанады. 100 А жоғары ток кезінде тар арнада газдың жануынан жоғарылаған вольт-амперлік сипаттамға ие. Доғадағы кернеу градиенті өте жоғары және (2-6)·104 В/м. Осыменен доғаны бірнеше миллисекундта сөндіру қамтамасыз етіледі.

Сақтандырғыш іске қосылғаннан кейін тегіс кірістіргіштер дискімен 4 бірге ауыстырылады, содан кейін патрон құммен толтырылады. Патронды герметизациялау үшін пластинаның 5 астынан асбест төсеніш 6 қойылады, ол құмды ылғалданудан сақтайды. 40 А және одан төмен номиналды ток кезінде сақтандырғыш аса қарапайым конструкцияға ие.

ПН-2 сақтандырғыштары 630 А дейінгі номиналды токқа шығарылады. Сақтандырғышпен сөндірілетін қысқа тұйықталу кезіндегі шектік ток 50 кА жетеді.

Кіші габарит, дефицит материалдардың мәнсіз шығыны, жоғары токты шектеу қабілеті аталған сақтандырғыштың артықшылығы болып табылады.

Кіші габаритті таратқыш құрылғыларда ПРС типті резбалы сақтандырғыштар қолданылады (сурет 17. а). Тізбектің бір соңы контактіге 1 келеді, ол түйісу гильзасымен 2 байланысқан, ол резбаменен шешу қалпақшасымен 3 қосылған. Тегіс кірістіргіш 4 кварц құмымен толтырылған фарфор цилиндрде 5 орналасады. Цилиндр 5 жақтауларына түйісу қалпақшалары бекітілген, оған тегіс кірістіргіш 4 қосылған. Сақтандырғыш іске қосылу көрсеткішіне ие. Тегіс кірістіргіштің күйуі кезінде арнайы серіппе босайды, ол арнайы шыны тесікке 6 көзшені ығыстырады. Сақтандырғыш іске қосылғаннан кейін цилиндр 5 күйген тегіс кірістіргішімен және дабылды құрылғысымен ауыстырылады.
Сурет 17. ПРС типті сақтандырғыш (а); сұйықметалды сақтандырғыш (б)
Бұл типтегі сақтандырғыштар 100 А дейінгі токтар үшін, 440 В дейінгі тұрақты ток және жиілігі 50 Гц 500 В дейінгі айнымалы ток үшін шығарылады. Шектік сөндірілетін ток 60 кА құрайды.

Бұл сақтандырғыштар ПН-2 сақтандырғыштарына қарағанда қымбат әрі өндіру әдісі аса күрделі. Сондықтан оларды кіші габаритті таратқыш құрылғыларда және шектеулі уақытқа қолданған мақсатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет