Электрическая цепь


Амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан туындаған үш ЭҚК –терді былай жазамыз



бет2/3
Дата18.12.2022
өлшемі224,62 Kb.
#163134
1   2   3
Байланысты:
Үш фазалы тізбек

Амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан туындаған үш ЭҚК –терді былай жазамыз:

Амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан туындаған үш ЭҚК –терді былай жазамыз:

А фазасында :

  • еА=Emsinωt
  • В фазасында :

  • еВ= Emsin(ωt - 2π/3)
  • С фазасында :

  • еС= Emsin(ωt +2π/3
  • Үш фазалық жүйеде генератордың фазалық орамаларын жұлдызша және үшбұрыш сұлбаларымен жалғау тәсілдері қолданылады.

Генератор орауыштарын жұлдызша түрінде қосқанда үш орауыш қысқыштарын бір нүктеге қосады , оны генератордың нейтральды нүктесі N деп атайды. Генератордың нейтральды нүктесін N жерлестіреді. Нейтральды сым деп генератор мен жүктеменің нөлдік нүктелерін жалғайтын сымды атайды. Нөлдік сымның тоғын In деп атаймыз. Генератордың А, В, С нүктелерін жүктемемен қосатын сымдарды сызықтық деп атаймыз. Соларда өтетін тоқты сызықтық деп атап, оларды IA,IB, IC деп белгілейді.
Сызықтық сымдардың арасындағы кернеуді сызықтық деп атап, көбінесе екі индекспен белгілейді, мысалы UAB (А және В фазаларының арасындағы сызықтық кернеу). Сызықтық кернеудің модулін Uл белгілейді.
Генератордың әрбір үш орауышын генератор фазасы деп атайды; әрбір үш жүктемесін – жүктеме фазасы; солар арқылы өтетін тоқтарды – генератордың фазалық тоқтары Iф, ал олардағы кернеуді фазалық кернеулер (Uф) деп атайды.
Жұлдызша сұлбасында:
сызықты кернеулер фазалық кернеулерден түбір асты үш мәніне артық болады немесе төмендегі қатынастай болады:
Сызықтық кернеу:
фазалық кернеу: 
сызықты тоқтар мен фазалық тоқтар мәндері өзара тең болады : Ic = Iф

Сонымен нөлдік сымның атқаратын қызметі тұтынушының фазаларында бірдей кернеуді ұстап тұру үшін қажет. Нөлдік сымның арқасында тұтынушының әр фазасы генератордың фазасына параллель қосылады. Сондықтан жүктеменің кез-келген өзгерістерінде тұтынушыдағы және генератордағы кернеу бірдей болады. Егер үш фазадағы тұтынушының саны симметриялы болатын болса, нөлдік сымда ток күші болмайды. Бұл дегеніміз симметриялы жүктемедеүш фазалық жүйе үш сымдық болуы мүмкіндеген қорытынды жасалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет