Электрондық ығысу теориясы. Изомерия. Органикалық реакциялардың және қосылыстардың классификациясы Жоспары


Бүлардың физикалық қасиеттерінде едәуір айырмашылықтар бар



бет7/11
Дата28.09.2023
өлшемі1,96 Mb.
#182948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2. ОХТН Элетр ыгысу теор 2

Бүлардың физикалық қасиеттерінде едәуір айырмашылықтар бар:

балку t°C 20°С

100 г. суда ерігіштігі

малеин қышқылы 130 79 г.

фумар қышқылы 286 0,7 г.

 

Геометриялық изомерлердің кейбір химиялық қасиеттерінде де айырмашылықгар байқалады. Әдетте, геометриялық изомерлердің біреуі түрақгы болып келеді (көбінесе, транс-формасы).

Оптикалық изомерия

Оптикалық изомерия молекулалардың кеңістіктегі асимметриясының және сәуле жазыкдығын бұру қабілетінің салдарынан туады. Оптикалық изомерия оптикалық активті заттарда байқалады (оксиқышқылдар, көмірсулар, аминқышқылдары, т.б.).

Оксиқышқылдардың (гликоль кышқылдарынан басқа) жарық сәулесінің поляризациялану жазықтығын бұратын ерекше қызық қасиеті бар. Кәдімгі көрінетін жарық - жарықтың таралу бағытына тік бұрыш жасай жан-жаққа таралатын электромагниттік тербелістер. Егер жарық сәулесін Исландия шпатының екі кристалынан тұратын Николь призмасынан өткізсе, онда белгілі бір жазыктықта болатын тербелістерден басқа тербелістердің барлығы призмада сіңіріліп қалады. Призмадан өтіп шыққан сәулені жазық поляризацияланган сәуле деп атайды (1-сурет).

Егер поляризацияланған сәулені бір заттың ерітіндісі арқьілы өткізсе, онда ол заттың ерітіндісі сәуленің поляризациялану жазықтығын белгілі бір бұрышқа бұрады (1- сурет). Сәуленің поляризациялану жазықгығын белгілі бір бұрышқа бұруға немесе өзгертуге қабілетті заттарды оптикалық активті заттар дейді. Оптикалық активті заттар сәуле оңға немесе солға бұруы мүмкін. Соған сәйкес бұру бағытын (+) және (-) таңбалармен белгілейді. Заттардың оптикалық активтігін анықтайтын екі Николь призмасынан және ішіне тексеретін заттың ерітіндісін қүятын трубкадан тұратын құралды поляриметр дейді. Оптикалық активтілік — органикалық қосылыстарда кең тараған құбылыс. Оптикалық активті қосылыстарға оксиқышқылдар, көмірсулар, белоктар жатады.


1-сурет Жарық сәулесінің Николь призмасынан өту схемасы және оптикалық активті заттың поляризацияланған сәулені бұру.
1 - жарық көзі (поляризацияланбаған сәуле), 2 - Николь призмасы, 3 - поляризацияланған сәуле, 4 - оптикалық активті заттың ерітіндісі, 5 - поляризацияланған сәуле жазықтығының өзгеруі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет