Электрондық үкіметтің сайтына тіркелу, эцқ алу, анықтамалар алып үйрену. Электрондық үкіметпен онлайн түрде өтініш беріп үйрену



Дата04.02.2022
өлшемі2,56 Mb.
#130695
Байланысты:
Дельманов Алтынбек Зертханалық Жұмыс 1


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті
«Ақпараттық технологиялар
және қауіпсіздік» кафедрасы


Зертханалық жұмыс №1
Пәні Ақпараттық комуникативтік технологиялар
Тақырыбы Электрондық цифрлық қолтаңба
Қабылдаған Кадирова Ж.Б.
Орындаған ГПР-21-1
Тобының студенті
Дельманов А.н.



2022


Зертханалық жұмыс №1


Жұмыстың тақырыбы: Egov порталымен жұмыс
Жұмыстың мақсаты: Электрондық үкіметтің сайтына тіркелу, ЭЦҚ алу, анықтамалар алып үйрену. Электрондық үкіметпен онлайн түрде өтініш беріп үйрену.


Тапсырма1:

  1. Жеке кабинетке кіріп, өз фотоңызды орналастырыңыз (скрин)

  2. ЭЦП алу. Пароль

  3. Медициналық жазбалар тулалы мәліметті орналастырыңыз (скрин)

  4. Кез келген бір анықтама алып орналастырыңыз (мысалы: Психоневрологиялық ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама)




  1. Жеке кабинетке кіріп, өз фотомды орналастырдым.

2. Браузерді іске қосыңыз және мекен-жай жолына теріңіз: pki.gov.kz. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының басты беті пайда болады.



"ЭЦҚ кілттерін алу"мәзірін басыңыз. Қажетті бөлімді таңдаңыз: "жеке тұлғалар".
Ашылған терезеде ақпаратпен танысыңыз және "өтінім беру"батырмасын басыңыз.
Пайда болған терезеде келісіммен танысыңыз және келіскен жағдайда "Растау"батырмасын басыңыз.



Ашылған терезеде суретте көрсетілген кодты және өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (бұдан әрі – ЖСН) енгізіңіз.



Содан кейін "ЖСН тексеру"батырмасын басыңыз. ЖТ МДҚ базасымен ЖСН енгізілген сәтті тексеруден кейін, сіздің ТАӘ туралы деректер автоматты түрде толтырылады.


Содан кейін, өзіңіздің электрондық пошта мекенжайыңызды "E-mail" өрісіне енгізу қажет (бұл жол міндетті емес). Осы электрондық пошта мекенжайына тіркеу куәліктерінің жай-күйі туралы ақпарат келіп түседі, сондай-ақ өтінім беру аяқталғаннан кейін сізге Тіркеу Орталығына ұсыну үшін өтінім нөмірі мен өтініш жіберіледі.

Төменде берілген өтінім расталатын облыс пен қаланы рет-ретімен көрсетіңіз.
Одан кейін тізімнен "кілттерді сақтау орны" түрін таңдау қажет – дербес компьютер, жеке куәлік, eToken PRO 72K, JaCarta, Kaztoken, AKey.
Казтокенге әдетті Пароль: 12345678, eToken PRO (Java, 72k), Jakarta, AKey: 1234567890.
Әрі қарай, кілттерді сақтау жолын таңдаңыз.
Қауіпсіз медианы пайдаланған жағдайда оны компьютерге қосыңыз, бағдарлама компьютерге қосылған құрылғыларды өздігінен табады.

"Дербес компьютер" сақтау орнын таңдаған жағдайда, "кілттер қоймасына жол" жолында негізгі контейнерлер (жеке кілттер) жасалатын папканы көрсетіңіз де, "Ашу"батырмасын


басыңыз.



Бұдан әрі "өтінім беру"батырмасын басыңыз.

Келесі терезеде өтінім нөмірі пайда болады.
Өтінім бергеннен кейін сіздің компьютеріңізде жеке кілттер қалыптастырылды, олардың бар-жоғына сіз өтінім беру кезінде жол көрсеткен папканы ашып көз жеткізе аласыз.

Өтінішті сәтті тапсырғаннан кейін сіздің e-mail-ге (оны тіркеу кезінде көрсеткен жағдайда) ҚР ҰКО сайтында тіркеу куәліктерін алуға өтінім берілгені туралы жазбаша хабарлама келеді, онда сіздің өтініміңіздің нөмірі де көрсетіледі. ҚР ҰКО ақпараттық хатты жеткізуге жауапты емес екенін атап өткіміз келеді. Егер ол болмаса, спам қалтасын тексеріп, көрсетілген мекен-жайдың дұрыстығын тексеріңіз немесе пошта серверіңіздің сенімді екеніне көз жеткізіңіз.

3. Медициналық жазбалар тулалы мәліметті орналастырдым




  1. Психоневрологиялық ұйымда есепте тұруы/тұрмауы туралы анықтама алдым




Тапсырма2:  

  1. Play-Market қосымшасынан «Сканер штрих-кода» жүктедім.


келесі QR-кодтарды сканерледім.








  1. Өзімнің ұнататын видеоға QR-код жасадым.



  1. QR-код түрінде визитная карточка жасадым. Зертханалық жұмыстың титулдық парағына орналастырдым.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет