Vamed – денсаулық сақтау және емдік туризм саласындағы кешенді қызмет нысандарын жобалау, құрылысын жүргізу, басқару бойынша Еуропадағы компаниялар тобының алдыңғы қатарлысы. Vamed тобының «бәрін бір қолдан шығару» тәсілі оларды барлық әлемге серікьес ретінде танытты, бұған 50 елдегі 500-ден астам денсаулық сақтау жөніндегі жоба дәлел болады.
|
|
|
Вена Университеті – Еуропадағы көне университеттердің бірі. Ол неміс тілді ЖОО арасында ең көп тәлімгерлері бар білім ордасы. Онда шамамен 63000 студент білім алады. Университетте қатысушылардың таңдауына 130-дан астам курстар ұсынылады.
|
|
Healthcare Belgium – 2007 жылы Бельгияның 11 алдыңғы қатарлы ауруханасының бастамасымен негізі қаланған коммерциялық емес ұйым. Ұйымға Agfa Healthcare, Dexia банкі, Бельгияның Кәсіпкерлер федерациясы (VBO-FEB), виртуалды колоноскопияны оқыту орталығы (VCTC) және Ion Beam Applications (IBA) компаниясы үлкен көмек көрсетеді.
|
|
Belmedim (Radiomatix) – Радиология саласындағы ғаламдық қызметтер жеткізушісмі ретінде құрылған Бельгия компаниясы.
|
|
Еуропалық Одақтың ғылыми-технологиялық дамуының Жетіншірамалы бағдарламасы (7 РБ) 2007 – 2013 жылдардың арасында жұмыс жасайды. Оның мақсаты - Еуропада бірыңғай ғылыми кеңістікті құру, сондай-ақ Еуропа экономикасын одан әрі дамыту. Еуро Одақтың Рамалық бағдарламалары 1984 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.
|
|
Эльзевир (Elsevier) – ғылыми, техникалық және медициналық әдебиетті шығаратын 400 жылдық тарихы бар әлемдегі ең ірі баспа холдинг. Эльзевирдің баспа және электронды өнімдеріне әлемнің 180 еліндегі ғылыми-зерттеу орталықтары, кітапханалар, университеттер, ведомстволар мен министрліктер жазылады. Баспа бүкіл әлемдегі 30 млн. астам ғалым, медик, студент және мамандарды ғылыми деректермен қамтамасыз етеді.
|
|
MediSend International – АҚШ-тың Даллас қаласында базасы орналасқан коммерциялық емес, гуманитарлы ұйым. Ол биомедициналық құрал-жабдықтарды жөндеу саласындағы техникалық қолдау көрсетеді, тренингтер өткізіп, оқытады және дамушы елдердің ауруханаларына медициналық керек-жарақтар мен жабдықтарды жеткізеді.
|
|
Korea International Medical Association – Кореяда медициналық туризмды дамытуға атсалысу үшін құрылған және ел үкіметінің қолдауына ие болған ресми ұйым, сондай-ақ медициналық туризм саласындағы ұлттық саясатты енгізумен айналысады ұйым. Бүгінгі таңда 42 аурухана мен арнайы клиникалар KIMA мүшесі болып табылады.
|
|
Abbott – денсаулық сақтау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын әлемдегі ең ірі көпұлтты компания. Компанияның жұмысы емдеу тәсілдері мен жаңа дәрі-дәрмектерді шығаруға және инновациялық медициналық технологияларға негізделген.
|