«Әлемдік мәдениет тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет5/6
Дата30.11.2016
өлшемі1,18 Mb.
#2885
1   2   3   4   5   6

Орта ғасырдағы Ислам мәдениеті.

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұсынысы саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.


Ислам дінінің көшпелі һәм руларға бөлінген араб қоғамында пайда болғаны белгілі. Дегенмен, ислам діні негізінен отырықшылықты, қалалық мәдениетті уағыздайды. Қазақ халқының тарихына қарайтын болсақ, ірілі-ұсақты рулар мен тайпалардың басын қосқан күш осы ислам діні болған. Ислам қауымдастығына қосылмаған түркі тайпалары болса мүлдем басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды, чуваштарды, сібір халықтарын т.т. айтуға болады. Америкада зорлықпен шоқындырылған қаралардың, Африкадағы отарланған халықтардың, Оңтүстік Америкадағы қызылтерілілердің де тағдыры ұқсас. Демек, әр халықтың мәдени ортасын анықтайтын басты фактор – дін. Мұсылман халқымыздың басты қасиеттерінен меймандостық, ағайынмен тату болу,
Дін адамдардың іс-әрекеттеріне бірінші дәрежеде ықпал жасайтын құдірет. Ислам діні мәдениеттің негізгі салаларымен шұғылданады да егжей-тегжейде адамға таңдау еркі береді. Мәселен, исламият адамдардың киінуі мәселесінде негізгі қағидаларды белгілейді, бірақ дәл қандай киім үлгісін киюге араласпайды. Ислам діні адамдардың халал тағамдарды жеуін сұрайды, бірақ тамақты дайындау және қабылдау салтына араласпайды. Мәселен, Қытайдағы мұсылмандар ағаш таяқшамен, Еуропадағы мұсылмандар қасықпен, араб елдеріндегі мұсылмандар қолымен тамақ іше алады. Негізгі мәселе, халал, яғни рұқсат етілген таза тағамдарды жеу.
Кейбір әдебиеттерде, мәселен Жоржи Зейданның (Джирджи Зейдан, Jurji Zeidan, 1861-1914) «Ислам мәдениеті тарихы» атты еңбегінде мәдениет былайша сипатталған: «Мәдениет дегеніміз бір қоғамды қоғам, жамиғатты жамиғат, ұлтты ұлт жасайтын, оны өзге ұлттардан ажырататын өмірлік көріністердің топтамасы. Осы өмірлік көріністер әр ұлттың өзіне тән болып келеді». Қысқаша қайырып айтқанда мәдениет «әр ұлттың өзіне тән ойлау және өмір сүру салтының жүйесі» болып табылады.
Мәдениеттің негізгі қасиеттері мыналар:
1.Ұлттық сипатқа ие
2.Табиғилық және тірілік
3.Жалғастылық және тарихилық
4.Ұлттың ортақ мұрасы болып табылады
5.Өзегі өзгермейді
6.Үйлесімді тұтастық болып табылады
7.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Міне, осы қасиеттердің барлығын зер сала зерттегенімізде ислам дінінің қазақ халқының мәдениетіндегі ең маңызды бөлік екенін көреміз. Ендеше, Қазақстан мемлекетінің сыйлығын алған жазушы Дулат Исабеков ағамыздың «дін мәдениеттің құрамдас бөлігі емес екен, дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін...» деген сөздерінің ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық болады.

Мұсылман елдерiнде алғашқы материалдардың пайғамбарымыз Әз Мұхаммедтен (с.а.у.) кейiнгi ғасырларда-ақ, пайда болғанын айтуға болады. Құран Кәрімдегi исламға дейiнгi қауымдар мен Пайғамбарымыздың кезiндегi араб, йаһұди (еврей) және христиан қоғамдарының дiни-әлеуметтiк өмiрiн суреттейтiн аяттарды айтпағанның өзiнде, хадис және тарих кiтаптарында арабтардың мұсылмандықтан бұрынғы наным-сенiмдерi, әлеуметтiк құрылымдары, дiни ритуалдерi және исламмен пайда болған өзгерiстер туралы аса құнды материалдар кезiгедi. Ислам дiнi өзге дiндермен көптеген ұқсас жақтары болғанымен нақтылы монотеизм, яғни «тәухид» қағидасына негiзделген, көптәңірлі (политеистiк) қоғамда пайда болғанына қарамастан, Мекке қоғамының мәдени үрдiстерiне қарсы бағытта қалыптасқан дiн. Ислам дiнi Меккедегi тәңiрлер (пұттар) пантеонын жойып, оның орнына бас тәңiр емес, бiрегей және бiрлiк ұғымды бiлдiретiн Аллаһ Тағалаға иман етудi, Одан басқа ешкімге, ешнәрсеге құл болмауды, табынбауды бұйырады. Сондықтан, ислам нанымы адамдарға толықтай материалдық һәм рухани азаттық бередi. Бұның әлеуметтiк өмiрдегi көрiнiстерi пұттарға табынатын яки белгiлi бiр дiни тапқа құлшылық жасататын басқа дiни-әлеуметтiк жүйелерден (христиандық, суфизм т.т.) айырмашылықтары орасан зор. Демек, ислам социологиясы мен мұсылман қоғамдарды зерттеген кезде Батыстың ұстанымдары мен әдiстерінен гөрi зерттеу субъектiсiне тән әдiстердi қолдану тиiмдi болады





ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТI ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ

Тараз көне қытай, араб, парсы және ұрым (Бизантия) деректерінде жиі кезігетін мәшһүр қала. Қытай саяхатшылары мен араб тарихшыларының еңбектерінде әбден суреттеліп аталатын Тараз қаласы Иран уә Тұран далалары тоғысқан жердегі үлкен сауда орталығы және Жібек жолы бойымен жүретін керуен жолдарының торабы ретінде көрінеді. 576 жылы өлген Истеми қағанға елшілікке жіберілген Земархтың саяхаты туралы деректерді жазған Бизантия тарихшысы Менандре Протектордың еңбегінде бұл қала “Талас”, қытай саяхаткері Хиеюен-Тсаңның еңбегінде “Та-лұ-си”, кейбір қытай авторлардың еңбектерінде “Та-ла-за” ретінде, ал араб авторлардың еңбектерінде “Тараз”, “Тираз”, “Талас” формасында аталған. Белгілі шығыстанушы Хоуорттың пікірінше Тараз ХХ ғасырдың басындағы Әулие Ата қаласының орнында болған Академик В.В. Бартольд бұл пікірді қолдайды, ал Шаваннестің пікірінше Тараз қаласы Әулие Атаның 5 фәрсах түстігінде болған. Осы деректердің барлығы да Тараздың VI-XIII ғасырларда қаншалықты мәшһүр болғандығын көрсетеді.Алайда, Тараздың мұсылмандыққа бет бұруындағы шешуші уақиға 751 жылы осы өңірде болған және тарихи әдебиеттерде “Талас ғазауаты” деп аталған соғысқа тікелей байланысты. Өйткені, Таласта болған ғазауат, түрiк қағандығындағы iшкi қырқыстарды пайдаланған қытайлардың Жетiсу өңiрiн жаулап алып, Шашқа (Ташкент) дейiн барған кезінде болған еді. Талас ғазауатынан кейiн Орталық Азия халықтары лек-лек болып мұсылмандықты қабылдайды. Олар өздерiн қытай шапқыншылығынан қорғаған мұсылмандарды жақсы көредi, елдер арасында махаббат, достық пайда болады. Мұсылмандар мен басқа дін өкілдерінің арасында оң өзгерістер, жылы мұғамалалар хасіл болады. Алайда, қытайлық авторлар, Талас ғазауатын Орта Азиядан күдер үзген соғыс деп бағалайды. Өйткенi, олар жеңiп алғанда, Орта Азияның қытай билігіне қосылары анық еді. Мұның табиғи нәтижесі түрiк-соғдылар жаппай бұддашылықты қабылдауға мәжбүр болар еді. Демек, Талас ғазауаты тек саяси-әскери тағдырды емес, Орталық Азияның діни тағдырын да шешкен бек маңызды уақиға.


775-875 жылдары қарлұқ қағандығы хақ дiн Исламды қабылдап, ел арасында мұсылманшылық сенiм кең тарайды. Қалаларда мешiттер салынып медреселер ашылды. Мысалға, аталмыш дәуірге жататын Ақыртас керуенсарайын (VIII ғ.) айтуға болады. Тараз қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан ғимарат 751 жылы болған Талас ғазауатынан кейін қарлұқтардың басым көпшілігі мен басмыл, шығыл тайпалары Исламиятты қабылдаған тұста салынған. Археологтардың болжауынша осы керуенсарайды алғашқы мұсылман түркілер салған. Көне дәуір тарихшылары Ибн Хұрдадбих (820-886) пен Ибн Құдамның еңбектерінде “қасрибас” деп аталған ғимарат осы болуы мүмкін. Сөйтiп, осы өңірде алғаш рет оқу-бiлiм ордалары бой көтереді.

Қарлұқ мемлекетi 766-940 жылдары өмiр сүрiп, X ғасырдың бiрiншi ширегiнен бастап йағма уә шығыл тайпаларының жиілеп кеткен одақтық шабуылдарынан күш-қуаты әлсiрейдi. 940 жылы Баласағұн қаласы одақтық күштердiң қолына түсiп, қарлұқ қағандығы құлайды да билiк Қарахан әулетiне өтеді. Қарлұқтардың басым көпшiлiгi көшпелi болғанымен отырқшылары да бар-тұғын. Тараз қаласы қарлұқ дәуiрiндегi Ислам мәдениетiнiң ең көрікті орталығы болды. Табылған заттарда адам және хайуан сұлбаларының азайып, гүл-шешектердiң көбеюi мұсылмандықтың бұл өңірде кең тарағандығының белгiсi. Түрiк және қарлұқ дәуiрінде Шу алқабының маңызы арта түскені белгілі. Шу өңiрiнiң белгiлi қалалары Асбара, Құлан және Мирки (Мерке) болатұғын. Осы аймақтың байырғы тұрғындары соғды тiлiнде сөйлейтұғын соғдақ халқы едi. Соғдылардың түрiктер мен түргештерге ықпалы әр уақытта күшті болған. Мұның белгiсi – түрiк қағандары Бизантияға жiберген елшiлердi соғдылардан таңдаған. Түргеш қағандары өз теңгелерін соғды әлiппесiмен басып шығарған. Соғдылар қай жағынан қарағанда да көшпелi түркiлердiң отырықшы өмiрге аууына басшылық еткен. Сарық деген жерде табылған алғашқы мұсылман-түркi мазарлары хақ дiн Исламның саты-саты таралғанының ең айқын айғағы. Мұнда мұсылман өлiктер әшекей бұйымдарымен бiрге көмiлген .Исламнан бұрынғы өлікпен бірге жеке заттарын көрге салу салты байқалады. Қарахан мемлекетi ресми түрде Ислам дiнiн қабылдағанымен, халықтарда осы сықылды бұрынғы әдеттер алғашқы дәуірде сақталған. Бүгінгі Тоқмақ ауданы тұсындағы Бұрана ескерткіші алғашқы дәуір мұсылман архитектурасының керемет туындысы. Бұрана сөзi мұнара сөзiнiң өзгерген формасы болуы керек. Бұранада көптеген Ислам мұраларын кездестiруге болады. Қала Қарахан кезеңiнiкi деп болжануда.

Тұран халықтарының VII ғасырда Исламмен танысқаннан кейiн адамзат тарихының ең жарқын өркениетiн қалыптастырғанын мақтанышпен айта аламыз. Ма-уера-ән-Нәһірде уә Түркістанда бой көтерген Тараз, Исфижаб, Отырар (Фараб), Сығанақ, Баласағұн, Алмалық, Йесе, Бұхара, Самарқанд, Мәру (Мары), Хиуа, Тiрмiз, Ташкент, Балх т.т. және Орта Шығыстағы Мекке, Мәдине, Шам, Бағдад, Басра, Кұфа, Қаһира, Ыстамбұл т.т. қалалары күллі адам баласы шоғырланатұғын мәдениет, ғылым, өркениет туындыларына толған. Түркiлер Ислам мәдениетi мен ғылымдары негiзiнде қалыптастырған әскери, саяси, ғылыми, хұқұқи жүйелер, әдебиет туындылары түгел дерлiктей Исламияттың iзiн сiңiрген айрықша қазыналарымыз. Қала басқару жүйесi, бiлiм беру (мағариф) низамдары, ғылыми зерттеулер (тахқиқат) және тариқаттары, қазылық билiгi, көркемөнер уә тiл ғылымдары (лұғат), ғарыштану, дәрiгерлiк (тыб) уә химия пәндерi, кәсiби iсмерлер дайындау тәсiлдерi (санағат), әлеуметтiк қайырымдылық қорлары және рабаттар, уақыптар, тәккелер, денсаулықты сақтау (хифз-ұс-сыхха, шифахана) және сауықтыру шаралары, мұсылман (түрiк) моншалары, қолөнер туындылары, ғашықтық сарындары, даналық шиырлары, теңiз зерттеулерi, жағырапиялық ашулар, зергерлiк өнерi т.т. мiне, осылардың көбiсі Тараз сияқты дамыған қалаларда дүниеге келген.

Ислам тарихының алуан түрлiлiгi, орасан зор байлығы уә жан-жақтылығы тiкелей еліміз орналасқан Орталық Азияға қатысты. Орталық Азияда Ислам тарихының ең мәшһүр тұлғалары, Құран мен Хадис ғалымдары өмір сүрді, шаирлар, қаламгерлер, даналар, өнерпаздар керемет туындыларымен ислами мұрағаттарға өз үлесiн қосты. Ертедегі Қазақстан жерінен шыққан әл-Фараби (870-950) әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері -Отырар (Фараб) қаласы. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны «екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) деп атаған. Мәселен, Аристотельдің «Жан туралы» трактатын ол 200 рет қайталап оқыдым, деп жазып қалдырған. Философияда идеалист болғанымен, Құдайға сенсе де, әл-Фараби ғылыми жұмыстар жүргізіп, оны материализмнің пайдасына шешті. Ол дүниені алты бөлшектен тұрады деді. Олар – жәй бөлшектер (от, су, ауа, жер), минералдар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар, аспан денелері. Оның ойынша, дүниені тануға болады, ал танымды тудыратын - сезім мүшелері. Заттардың түр-сипаты туралы түсінік түрлі әдістен құралады дейді: а) сезу; б) ойлау; в) заттың өзі арқылы. Әлемде бөлшектенбейтін еш нәрсе жоқ екенін айтты. Қозғалыстың бастамасы да, шегі де жоқ деген пікірді уағыздады. «Қайырымды қала» басшысы болу үшін іштен туған он екі қасиет қажет дейді. Олар: жақсы дене құрылымы, ұғымталдық, естігенді, көргенді есте сақтай білу, сезімталдық, сөзшеңдік, оқуға ұқыптылық, қанағаттылық, адалдықты сүю және өтірікті жек көру, қайырымдылық жасау, байлықты жек көру, әділеттікті сүю, қысымшылдықты және қысымдық жасаушыны жек көру, табандылық. Әл-Фараби қалдырған рухани қазына 130-дай трактаттан тұрады. Қазақстан Ғылым академиясы оның философиялық, логикалық, жаратылыс ғылымы, әлеуметтік – этикалық, музыкалық трактаттарын қазақ, орыс тілдерінде жеке – жеке кітап етіп шығарды.



Қожа Ахмет Иассауи (1094 - 1167) – ақын, дана ойшыл, сопылық бағыт ұстаған. Туған жері Сайрам, ал өмір сүрген жері – Яссы, қазіргі Түркістан қаласы. Сол жерде дүние салған. Ислам дінін насихаттаушы. Мұхаммед пайғамбар жолынан ауытқып, байлыққа, басқа қызықтарға берілген бай, молда, ишан, бек, сұлтандарды сынаған. Пайғамьар жасына жеткен соң жер астынан үңгір қаздырып, қалған өмірін сонда өткізген. Аңыз бойынша, жер астында да сонша жыл өмір сүрген. Ел осы «Әзірет Сұлтан» дейді. Арада екі ғасыр өткен соң Әмір темір ол кісінің қабірі басына атақты кесене орнатқанын айтқан едік. Меккеге бара алмаған кісілер Түркістандағы кесенеге келіп, дұға оқытса, жеткілікті деген де сөз бар. Негізгі еңбегі – «Диуани хикмет» (Даналық кітап). Қожа Ахмет Иассаудің қазақ жерінде зор беделге ие болғанын айттық. Білімін Бұхарада толықтырған. Өзін Арыстан Бабтың шәкірті деп есептеген. Дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын, Мұхаммедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. Арыстан Бабпен өзі арасында сабақтастықты ұстаған. Қожа Ахмет Иассауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұщтастырған. Сондықтан Қожа Ахмет Иассауи шығармаларында Алла (ислам), Құдай (Зороастра), тәңір (шамандық) діндеріндегі түсініктер бірін – бірі жалғастырып, бірдей, қатар қолданылады. Әулиелерге сиыну, түнеу әдеттерін де қабылдап, елге таратады. Бұл да Қожа Ахмет Иассауидің ел арасында беделінің артуына себепкер болды.

Орта ғасырлық қазақ мәдениеті.

Ортағасырлық қазақ мәдениеті Ұлы Жібек жолынан басталады. Оған Ұлы Жібек жолындағы тауарлар, ортағасырлық ескерткіштер (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі және тағы басқалар), «Ақыл кітабы», «Даналық кітап», «Түркі тілдер сөздігі жатады».

Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Оның бір тармағы Суяб, Тараз және Испиджап қалаларының үстімен жүрді. Испиджаптан солтүстік-батыстағы Фараб, Шауғар, одан әрі Сырдарияның төменгі ағысына кететін тармақтар бөлініп шықты. Жібек жолымен ең алғашқы қатынас – байланыс б.з. бұрынғы ІІІ-ІІ ғасырларда жасалған. Бұл қатынас Бадахшан тау'ларында лазурит және Жәркентдәрияның жоғарғы ағысындағы Хотан ауданынан нефрит тасынын кен орындары табылыи, өнделе бастаған кезде пайда болды. Бадахшанда өндірілген лазурит Иран, Месопотамия, Алатол, Мысыр мен Сирияға тасьшды. 1 мыңжыл-дықтың ортасында Бадахшан лазуриті Қытайға жетті. "Лазурит жолы" Орта Шығысты Жерорта теңізімен жөне Үндістанмен бай-ланыстырды. Сол сияқты Шығыс Түркістан мен Қытайды байла-ныстырған "Нефрит жолы" болды.

Б.з.-дан бұрынғы І мыңжылдықтың ортасында "Дала жолы" болған. Геродоттың сипаттауы бойынша ол Қара теңіз жағалауынан Донға дейін, Оңтүстік Орал маңындағы сарматтар жеріне, Ертіс пен Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген аргиппейлер еліне дейін барған. Осы жолмен былғары, аң терілері, иран кілемдері, бағалы металдан жасалған бұйымдар тасымалданды. ІХ—ХІІІ ғасырлар Орта Азияда қала мәдениетінің өрлеу кезеңі болды. Қалалар саны арта түсті, олардың көлемі кеңейді, қолөнер мен сауда өркендеді. Осындай құбылыс Қазақстанда да жүріп жатты. Жетісудың солтүстік-шығысында қалалық мәдениеттің жаңа үшінші ауданы пайда болды. Бұл аймақта VIII ғ. пайда болған қалалардың көлемі IX—XII ғасырларда айналасынан жаңа рабадтар салынуы есебінен ұлғая тусті, орталықтағы ескі үйлердің орнына жаңа құрылыстар салынып, бұл қалалар ірілене түсті. Әуелде олар ірі шонжарлардың тұрағы әрі қажет төнген кезде бас сауғалайтын қамалы ретінде салынды, мұнда рудың беделді, бай адамдары тұрды. Кейін қолөнер мен сауда өркендеді, қарапайым халық көшіп келе . бастады. Қытайдан жібек қағаз, айна, сырлы бұйымдар әкелінді. Батыс елдерден қытайға қас бояйтын сүрме, Вавилонның бағалы киімдері. Маржандар мен інжулер шыны, мата тасылып жатты. Қытай мен батыстың арасындағы сауда мәдени байланыста соғдылықтар үлкен рөл атқарды. Олар өз тарапынан саудаға күміс бұйымдар, түсті шыны,дәрілік және бояулық шөптер, кілемдер шығарумен айналысты. Сауда жергілікті ақсүйектерге айтарлықтай пайда келтірді және жорықта түсірген олжаларын сатуға да мүмкіндік берді. Византиядан, Соғды, Қытай және басқа көптеген елдерден шыққан сәнді, әсем заттар түркі шоңжарларының ордаларынын, бай қалалықтардың үйінен орын алып жатты. Археологиялық қазба кезінде Жетісудан византиялық таңбасы бар құмандар, алтын теңгелер мен қытайлық айналар көптеп табылды.

Көшпелілермен айырбас сауда оларға таяу орналасқан Испиджап, Отырар, Дех-Нуджикес сияқты ірі қалалардын өтетін жәрменкелерде жүзеге асырылды.

Отырар, Суяб, Тараз қалаларында құйылған қаңлы, түркеш, тухус теңгелері бұл тайпалардың саудасында ақшаның да қолданылғанына дәлел бола алады.

Жергілікті теңгелер аймақішілік сауданың болғаның дәлелдесе, Соғды (VI ғасырдың соны мен VIII ғ. Басында) түркі теңгелері, Ферғана, Бұхар билеушілері,қытайлық Таң әулеті шығарған теңгелердің табылуы халықаралық сауда жүйесінде қалалардың маңызды рөл атқарғаның айқындай түседі. Жазба деректерде « Саудагерлер қаласы » деп аталатын Тараз маңында ірі сауда орталығы болған. Ал Суяб қаласы туралы «Онда әр елдің саудагерлері кездеседі, ал халқының жартысы саудамен айналысады» деп жазылған.

Ортағасырлық қазақ мәдениеті негізіндегі қала мәдениетімен тығыз байланысты. IX-XII 5асырларда Орта Азияда қала әдениетінің өрлеу кезеңі болды. Қалалар саны арта түсті, орлардың көлемі кеңейді, қолөнер мен сауда өркендеді. Осындай құбылыс Қазақстанда да жүріп жатты. Жетісудың солтүстік-шығысында қалалық мәдениееттің жаңа үшінші ауданы болды бұл аймақта VII ғ пайда болған қалалардың көлемі IX-XII ғасырларда айналасынан жаңа рободтар салынуы есебінен ұлғая түсті, орталықтағы ескі үйлердің орнына жаңа құрылыстар салынып, бұл қалалар ірілене түсті. Әуелде олар ірі шоңжарлардың тұрағы әрі қажет төнген кезде бас сауғалайтын қамалы ретінде салынды, мұнда рудың беделді, бай адамдары тұрды. Кейін қолөнер мен сауда өркендеді, қарапайым халық көшіп келе бастады.

Көшпелілердің отырықшылыққа көшуінің бір дәлелін тұрғын үй мен қыш ыдыстарынан білеміз. Қазақстанның оңтүстігінде XI ғасырда тұрғын үйдің жаңа түрлері –анфиладалы, айқышты бөлмелі және қатарластырыла салынған үй-жайлар пайда болды. Жетісуда қалалық үйдің қасында жазда тіршілік ететін киіз үйлердің тігілуі де бұған дәлел.

Көшпелілер керамикасында кертікті тапсырма біліктермен және сызып түсірілген оюлармен әшекейленген қыш құмыралар көп кездеседі. X-XII ғасырларда көшпелілердің әсерімен ыдыс қақпақтарын ою, бедерлеу және жапсыру арқылы әшекейлеу стилі қалыптасты. IX-XII ғасырларда бұрынғыша Жібек жолының маңызы басым болды.



Осы арадағы сауда жолдарымен Енисейдегі хакастарға әр үш жыл сайын жібек тиеген керуен өтіп тұрған. Қала үшін төңірегіндегі дала тұрғындарымен сауданың маңызы зор болды. Бұл сауда екі жаққа да тиімді болғандығына мына бір селжұқ құжаты дәлел: «Көшпелілердің әкелген заттары отырықшыларға көп пайда түсіріп,байлығын арттырды. Бұл игіліктің пайдасынан ақсүйекткер мен қарапайым халық та өзіне тиесілі үлесін алып отырды» Жібеук жолы арқылы екпе өсімдіктер: жүзім, шабдалы мен қауын, дәм-татымдық шөптер мен қант, көкөністер мен жемістер таралды. Алайда саудадағы басты тауар жібек болды. Жібек алтын сияқты халықаралық валютаға айналды, оны патшалар мен елшілерге сыйлық ретінде ұсынды, жалдамалы әскер ақысына және мемлекеттік борышты өтеуге пайдаланды.

Қыпшақ тайпаларынан шыққан атақты жырау, күйші және философ Қорқыттың өмірі мен шығармашылығына байланысты мәселелер сөз етіледі. « Қорқыт ата кітабы » атақты « Шаһнамаға » ұқсас және сол кездегі түрік мәдениетінің энциклопедиясы деуге болады. Қазақ аңыздары бойынша, Қорқыт ата өзінің желмаясына мініп алып, халыққа мәңгілік бақыт әкелктін жерұйықты іздеген. Ол философиялық өте маңызды мәселе өлім мен өмірдің мағынасы туралы, шектеулікті жеңіп шығудың жолдары туралы талай тамаша пікірлер айтады. Мәңгі өмір іздеген Қорқыт үнділік Будда сияқты, қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, көктем-жаздағы жас желек күзде сарғайғаны тәрізді, өмірде де «өлмейтін нәрсе жоқ» екендігі туралы қорытындыға келеді.Енді ол мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді.Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарға өлмес күйлерін қалдырды. Қысқаша айтқанда, «Қорқыт ата кітабы» түрік халықтарының алтын қорынан өзіне тиісті орнын алып отыр. Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма – «Диуани хикмет»(«Ақыл кітабы»).Қожа Ахметтің өмірде жасаған бір ерлігі оның 63 жасқа келгеннен кейін, «пайғамбар жасына жеттім, одан әрі өмір сүру, жарық дүниені көру күнә» деп бар байлығын мүсәпірлерге таратып, өз еркімен жер астындағы үңгірде тіршілік етуімен байланысты. Оның пәк өміріне риза болған атақты Асқақ Темір ғажайып Қожа Ахмет Иассауи ғимаратын салдырды. Қазақстан жеріндегі Реннесанс көріністерінің бірі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». Осыдан IX ғасыр бұрын жазылған (1069-1070ж.) бұл дастанда түрік мәдениетінің негізгі нышандары айқындалып, бақытты өмір сүру мұраттары тұжырымдалады.Жүсіп Баласұғын Хас- Хаджибтің бұл еңбегі шын мәнісінде ортағасырлық түрік мәдениетінің энциклопедиясы деп қарастыруға болады. Жүсіп Баласұғын Шығыс Рененссансының кемелденген кезінде өмір сүрген және Әл-Фараби бастаған Шығыс перипатетикасынан, әрі сопылық поэзиядан нәр алған. Сондықтан оны белгілі бір мәдениет ағымына үзілді-кесілді қоса салған дұрыс емес. Ол өзіндік бір дәстүр бастаған ұлы тұлғалардың қатарына жатады.тарихи-мәдени ағын талай арнадан қуат алды. «Құтадағу білік» ( «Құтты білік») -6520 бәйіттен тұратын философиалық-тәлімдік шығарма. Дастанның аты Жүсіп Баласағұнның өмір тірегіқұт, яғни парасатты, нұрлы өмір деген басты принципке сүйенген. Жүсіп Баласұғынның түп-тамырларын тек Ренессанс идеяларынан ғана емес, ең алдымен тағдыры ұқсас түрік халықтарының мәдени мұралары төңірегінен іздеу керек. Яғни, «Құтты білік», кейбіреулердің айтатынындай, араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда Х – XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірлік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Кунтуды-әділ ел басшысының рәмізі. Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, ақыл-парасаттылықтың иесі, елге бақ-дәулет, яғни құт әкелетін Айтолды бейнесі арқылы ашылған. Күн мен Ай қашаннан кіндік Азия халықтарының пір тұтқан күш-қуаттары еді. Уәзірдің ақылды ұлы Ұғділміш-осы мәдиниетке тән білімділік пен парасаттылықтың көрінісі. Әдеп пен тәртіп,байсалдылық Ұғділміш бейнесінде философиялық тәсілмен суреттелген. Түрік тайпалары Шығыс Ренессансының жай ғана шеткі аймағы емес екенінің бір куәсі – Махмұд Қашқаридың (ХI ғ.) « Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы ») атты туындысы. Бұл сөздікті тек тілтанулық құрал демей, сонымен бірге ортағасырлық түрік мәдениетінің озық өркениетке қосқан бір үлесі деп қарастырған жөн. Мұсылман әлемін баурап алған мәдениетке өзін әлемге таныту қажеттігі туды. Оны Махмұд өзінің теңдесі жоқ шығармасында ойдағыдай жүзеге асырады. Махмұд Қашқаридың негізгі зерттеген мәселесі – түрік тайпаларының мәдениеті. Осы мақсатпен ол бүкіл түрік тайпаларымекендеген кеңістікті аралап шықты . «Мен түріктер , түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын, қыстық пен жайлауларын көп жылдар кезіп (аралап) шықтым, лұғаттарын жинадым, түрлі сөз қасиеттерін үйреніп, анықтадым. Мен бұл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылық тарды да анықтау үшін істедім. Әйтпесе мен тілде олардың ең білгір адамдарынан, ең үлкен мамандарынан , көрегендерінен, тайпаларынан шыққан, соғыс істерінде мықты найзагерлерінен едім. Оларға ден қойғаным сондай, түріктер, түркімендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар және қырғыз тайпаларының тілдері түгелдей көңіліме қонып, жатталып қалды. Солардын бәрін мұқият бір негізде жүйеге салдым ».

Ортағасырлық қазақ мәдениетіндегі ескерткіштер, қазақ-жыраулардың жыраулары, ортағасыр ақындарының кітаптары қазіргі мәдениеттің дамуына кең жол ашты.



Христиандық мәдениеттің қайнар көздері мен бастаулары, басты кезеңдері.
Өзінің табиғаты жағынан сан қырлы,әрі жан-жақты болып келетін христиан мәдениеті-Иисус Христос дінін қабылдаған барлық халықтарға тән мәдениет болып саналады. Христиан діні б.з.б. І ғасырда құдіретті Рим империясының

шығысында қалыптасты. Алғашқы кездегі иуданизмнің бір тармағы ретінде пайда болған бұл дін б.з.б 50- ші жылдары қасиетті Павелдың арқасында миссионерлік дін дәрежесіне жетті. ІV ғасырда Рим императоры Константин Константинопольде христиан дінін мемлекттік дін деп жариялады. 1054 жылы христиан діні: католиктік және провославиелік болып екіге бөлінсе, ал XVI ғасырда бұл діннің жаңа тармағы - протестанттық ағым пайда болады.

Христиан дінінің қалыптасып, оның кеңінен таралуына көптеген ғұлама-даналар өздерінің қомақты үлестерін қосты. Солардың бірі-б.з.б.20-шы және б.з. 54-шы жылдарында өмір сүрген, Ф.Энгельс «Христиан дінінің нағыз атасы» деп дәріптеген Филон Александрийский болды. Филонның діни сарындағы белгілі еңбектерінде гректің идеалистік философиясы мен иудейлік мифологияның көзқарастары жан-жақты талқыланады.

Христиан дінінің болашағы мен оның өмірлік тағдыры Сенеканың(б.з.б.4-ші жыл мен б.з. 65-ші жылдары аралығындағы өмір сүрген ) атымен де тығыз байланысты. Сенеканың пайымдауынша, табиғи материя-дүниенің төменгі бастамасы болып табылады, ал оны тірілтуші құдай. Құдай барлық тіршілік атаулының иесі,адамзат баласының, одан қалды бүкіл тіршілік атаулының тағдыры тек қана соның қолында.

Христиан мәдениетінде құдайдың бейнесін бейнелеудің өзі де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Көне Грекиядағы құдайлардың адамдардан басты айырмашылығы –олардың мәңгілік өмір сүретіндігі мен құдіреттілі еді. Бірақ,ол құдайлар жер бетіндегі тіршілік иелері-адамдарға өте ұқсас болып келді, өйткені олар адамдар ішті жеді,өмірге сәби келтірді және т.б.

Христиан дінінің,христиан мәдениетінің мән-мағынасын тереңірек түсіну үшін, оның құндылық бағытарына да көңіл бөлген жөн, өйткені құндылық бағыттар- жеке адамның жан дүниесінің басты элементтері болып табылады.Ол адамның өмірінде жинаған бай тәжірибесіне, оның жан-дүниесінің толғаныстары мен ішкі сезімдік қасиеттеріне тығыз байланысты болып келеді.Демек, мәдени құндылық бағыттар адамның іс-әрекетіне ерекше мән-мазмұн береді. Құндылық бағыттар-адамның философиялық, саяси,эстетикалық,адамгершілік көзқарастарының, ой-пікірлерінің мәнді жиынтығы болып саналады.

Христиан дініндегі басты этикалық құндылық-құдайдың өзі. Құдай- ол махаббат, махаббат болғанда құдайды шын көңілмен мойындап қастерлейтіндерге ғана арналған шынайы махаббат. Құдай дүние жүзіндегі өмір сүріп жатқан халықтардың ешқайсысында алдамайды,бәрін тең санайды. Ендеше, христиан діні бір халықтың екінші бір халыққа үстемдік жасауын ешбір қолдамайды. Христиан дінінде Інжіл шарттарын жүзеге асырудың басты жолдарының бірі- монахтық өмір болды. Монахтық өмір-христиандық өмірдің және христиан дінінің ғасырлар бойғы бай тәжірибесінің таңғажайып құбылысы болып саналады. Монахтық өмірдің басты орталығы-ежелгі Мысыр мемлекеті болды. Өмірдің рахаты мен қызығынан саналы түрде безген тақуалық өмірдің негізін салушы-Ұлы Антоний еді. Ол ен далада құдайға құлшылық етіп,шыдамдылық пен қажырлылықтың керемет үлгісін көрсетті.

Неміс князьдері 1526 жылы өз қарамағындағы халықтың қай дінде болатындығын шешу құқығына ие болған болатын, бірақ Шпейер рейхстагы бұл мәселені қайта қарап,оны заңсыз деп тапты. Бұл заңсыз әрекетке қарсы бір топ неміс князьдері 1529 жылы «Қарсылық»(Протест) жариялады,міне, осы тарихи оқиғаға байланысты «протестанизм» термині пайда болды.



Протестанизм ағымының басты мәселесі-әр адамның өз күнәлерін өтеуіне тығыз байланысты болды,Протестанизм адам өз күнәларынан арылу үшін монастырьларда өзін-өзі азапқа салмауы және индульгенцияларды сатып алмауы тиіс, өйткені, бұлардың бәрі де Інжілге жат джеп санады. Протестанттардың пікірінше, құдйтағаланың өз күнәһарларынан күтетіні- олардың өз күнәларын шын жүректен мойындап, қапалануы болып табылады.

Протестанизм адам еркінің құдайға толық тәуелді екндігі туралы қағиданы халықтың санасына берік орнықтыра отырып, адам қоғам үшін қажырлы еңбек ету барысында өз бойындағы күнәлардан біртіндеп арылуға және алдына қойған мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік алады деп түйіндеді.

Протестанизм ағымын ғылыми тұрғыдан зерттеумен айналысушы белгілі социолог М. Вебердің пікірінше, «Капиталистік қоғамдағы кәсіпкерлік протестанизм ағымының тұрғысынан қарастырғанда мүлде басқаша сипатқа ие болды. Олардың пайымдауынша,кәсіпкерлікпен шұғылданушылар қалталы байлар, ұятсыз алыпсатарлар болмауы керек. Бұл маңызды істі қоғамның мүддесіне сай жүргізе білетін іскер, табиғатынан байыпты, өз ісіне адал, әрі жетік білетін адамдар жүргізулері қажет және «қызмет адам үшін емес,керісінше адам қызметі үшін жаратылуы»принципі жүзеге асырылуы дұрыс болады.

Қорыта келгенде,христиан дінінің екі мың жылдық тарихына тереңірек үңіле қарасақ өнердің түрлі салаларының, оның ішінде әсіресе сәулет өнерінің,музыканың, хормен ән айтудың, сурет өнерінің,шіркеу әдебиетінің және т.б. туындап, кейіннен заман ағымындағы өзгерістерге байланысты бүкіл халықтың игілігіне айналғандығын байқаймыз. Христиан өнері бүкіл Еуропа халықтарының мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады. Кейінгі замандардағы талай дарынды жазушылар,ақындар,сазгерлер,суретшілер және т.б. өнер адамдары христиандық мәдениет пен ізгілік қағидаларын өз шығармаларының арқауы етті.
Орыс мәдениеті – мәдениеттің провословиелік типі

Орыс мәдениеті-адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Орыс мәдениеті-өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет,ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді.

Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері,негізінен,төмендегі факторларға байланысты болды: Көптеген этникалық топтар мен халықтар мекндеген орасан зор территорияны игеру;христиан дінінің ерекше тармағы-православиені руханилық пен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру;уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс еуропалық өркениеттік процестерге оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.

Бүгінгі таңда,көп ғасырлық тарихы бар орыс мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты.Ұлттық топырақта пайда болып,өзіндік бет-бейнесімен ерекшеленсе де,әлемдік мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын орыс мәдениеті,византиялық көркем жүйемен және т.б. мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Орыс мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария,Сербия,Армения,Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік жатты.

Ежелгі славяндар мәдениеті-орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады.Оның басты мәдениетінің құндылықтары-қасиетті жырлар,мифология,аңыз-ертегілер және т.б. Ғалымдардың пікірінше,олардың көпшілігінің текстері христиан дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастарынан кешірген,сондықтан да болар Ресей топырағында пұтқа табынушылық мәдениеттің дамуы жоғары болды.

Христиан діні 988 жылы Князь Владимирдің басшылығымен қабылданады. Славян халықтарының жаңа тарихи кезең – Киев Русьі дәуірәінде жүзеге асырылған. Бұл шараның нәтижесінде орыс мәдениеті жаңа сатыға көтеріледі.

Христиан дінін қабылдағаннан кейінгі аз ғана уақыттың ішінде,әсіресе,князь Ярослав кезінде ежелгі Русьтің мәдениеті өзінің шарықтау шегіне жетті.Киев Еуропаның ең ірі қалаларының біріне айналды. Шетелдік саяхатшылар Киевті «екінші патша қала» деп атаса,ХІ ғасырдағы батыс жазушысы Адам Беременский Киевті «Грекияның арайлы ажары болған Константинопольдың бақталасы» деп өте жоғары бағалады. Бізге жеткен деректер бойынша ХІ-ХІІ ғасырларда ерекше даңққа бөленіп, «Орыс қаласының анасы» атанған Киевте 400-ге жуық шіркеу мен сегіз базар болған,князь Ярославтың(ХІ ғасыр) кезінде тұрғызылған таңғажайып ескерткіш-София соборын көргенде белгілі саяхатшы Павел Алеппский қатты таңданып, «оның бар ғажайыбын қамтуға адам ойы жетпейді» деп мойындаған.

ХІІІ-ХІV ғасырларда орыс мәдениетінің орталығы Новгород қаласы болды. Орыс халқының рухы сіңген өнер туындылары: Новгород кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монастырының Георгиев соборы т.б. Новгородтың князьдік ғибадатханалардың ішіндегі ең мәртебесі – Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады.

XIV –XV ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз тарихы басталады.

Киев Русьінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мәдениетінің тарихында ХІХ ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден,бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бұл дәуірді «ұлы орыс Ренессансы» деп атауға толық қақымыз бар. Орыстың қырық жазушысы адамзаттың екі бірдей ғасырына рухани азық берді. ХІХ ғасыр-адамзат баласының ынтымақтастығы мен теңдігі,бақыты мен еркіндігіне байланысты философиялық-адамгершілік ізденістерге толы болды. ХІХ ғасыр-ХХ ғасыр табалдырығында туындап келе жатқан жаңашылдық пен мәдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең,орыс мәдениетінің «алтын ғасыры». «Алтын ғасыр» ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуінен басталды да, ұлылығы жөнінен ешкімнен де кем түспейтін метафизик-философ В. Соловьевтің өлімімен аяқталды.Ресей тарихындағы бірде-бір ғасыр дәл Алтын ғасырдағыдай Ресейді құтқаруға, жаңғыртуға бағытталған теориялар мен ілімдерді өмірге келтірген жоқ.

«Ғасырлар тоғысы»- орыс мәдениетінің «Күміс ғасыры»деп аталатын ерекше даму кезеңіне қолайлы жағдайлар жасады. Өз ғұмырының өте қысқа болғанына қарамастан «Күміс ғасыры» әсіресе философтар мен мәдениеттанушылар үшін жемісті ғасыр болды,өйткені Н.Бердяев(1874-1948), Г.Федотов (1886-1951), С. Булгаков (1871-1944), А.Лосов (1893-1988) т.б. осы ғасыр перзенттері. Ресей ғалымдарының көпшілігі 1922 жылы шетелге қашып кетуге мәжбүр болды,сөйтіп ұлы ойшылдар өз өмірлерін сақтап қалды.

Қорыта келгенде, ғасыр басындағы орын алған идеологиялық және саяси жағдайларға байланысты тыйым салынған «Күміс ғасырдың» мол мәдени мұралары ғасыр аяғында халқына қайта оралды. Ресей қоғамы мен оның мәдениеті қандай сындарлы кезеңді басынан кешірсе де ғасырлар бойы жасалған мәдени құндылықтар өз мәнін жоймақ емес.



18- 20 ғ. Аяғындағы қазақ мәдениеті.

Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық.Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікті емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәнгігі берілген еңші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті- оның тылсымдық сипаты. Мысалы, "ата қоныс" ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды.

Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі, Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуан даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады.Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының онтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді.Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір онтиниум ретінде бағалаумен қатысты. ХХ ғасырда қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар.

Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қырым, Қоқан, Ыстамбол, Хиуа, Алтай, Қазан, Ордос т.б. түріктердің өз жері, ал бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес елдер болып есептелген.



Қазақ эпосын және басқа да мәдени мұраларын зерттеушілер "өзгенікіне" тек беріне пайда болған қалмақтарды ғана емес, сонымен қоса сонау ерте заманнан көшпелілермен тартысып келген отырықшы империяларды жатқызады.
Қазіргі мәдениеттің жалпы сипатамасы.

Жаңа Еуропалық мәдениет жаңа буржуазиялык қарым-қатынастардың негізінде пайда болды. Батыс Еуропа елдері үшін XVII ғ. — капитализмнің калыптасу кезеңі, ал жаңа қоғамдық қарым-қатынастар XV—XVI ғ. Үлы географиялық ашуларға, капиталистік елдердің отаршылдық саясатына тікелей байланысты болды. Капитализм мен буржуазиялық мәдениеттің туындап, қалыптасуы — дүниежүзілік жаңа тарихи кезеңнің беташары болды, десек қателеспеген болар едік. Осы орайда белгілі ғалым А.Ф. Лосев былай деп пайымдайды «Жаңа Еуропалық мәдениет — өзінің сипаты жағынан буржуазиялық-капиталистік мәдениет. Мүнда субъект объектіден жоғары түрады, ал адам табиғат патшасы деп жарияланды». Жаңа мәдениеттің, жаңа идеялар мен ақыл-ойдың қалыптасуына XV—XVI ғ. Етек алған халықтық қозғалыстар өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы тарихи кезеңде жаңа үлттық, қарым-қатынастар қалыптасып, үлттық мемлекеттер қүрылып, жаңа мәдениеттің дамуына даңғыл жол ашылды. Әрине, буржуазиялық қоғамның алғашқы сатысындағы мәдениеттің капитализмнің одан кейінгі кезеңдеріндегі мәдениеттермен салыстырғанда түбегейлі айырмашылықтары болды. Өйткені XVII ғ. Қазіргі адамзат баласының алдында туындап отырған түбегейлі мәселелер (дүниежүзілік соғыс, ғылыми-техникалық прогрестің зардаптары, табиғат байлықтарын ысырапсыз пайдалану және т.б.) ол кезеңде туындамаған болатын. Бірақ, осы жағдайларға қарамастан, XVII ғасырда да қырғи-қабақ соғыстар мен қақтығыстар, зорлық-зомбылық пен қантөгістер бір сәтке толастамай, аштық пен эпидемия — халықты қайғы-қасіреттерге үшыратты. Осы сияқты ғасыр тудырған қатыгездіктер мен қиындықтарға қарамастан адамзат баласы тығырьщтан шығудың, қоғамды қайта қүрудың, өмірді нөрлендірудің жолдарын қарастырды. Бүл дәуірде Ренессанс мәдениетінің тамаша дәстүрлері қайтадан жаңғырды, жаңа заман тудырған тарихи-мәдени жағдайларға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмүнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, үлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда ай-тарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғ. Ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Рылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты. XVIII ғ. Еуропалық мәдениет — XVII ғ. Мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет. XVII ғ. Рационализмнің қалыптасү кезені болса. Ал Х^ТТТ ғ ғасырына айналды. Бұл дәуірдің үлы ағартушы — гуманистері: Вольтер мен Руссо (Франция), Гете мен Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев (Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, қүлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протестанизм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-соңды болып көрмеген қызығушылықтың пайда болуы және т.б. – осылардың бәрі де жаңа ғасырға тән белгілер еді. XVIII ғ. Қүдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті. XVIII ғ. Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б. жаңа леп, соны бағыттар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін өздерін Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, тіпті Англия сияқты еркениетті елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды. Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789—1793 ж. Ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Қүрама Штаттары да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды. Франциядағы саяси революция, АҚШ-тағы тәуелсіздік жолындағы күрес және Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі Реформация кезеңінен басталып, үзаққа созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысын шығарды. Ол қорытынды – қоғамның жаңа түрі - «өнеркәсіп өркениетінің» қалыптасуы болды. Бүл кезеңде феодалдық қоғам мен шаруашылықтың на-туралдық жүйесі ғана емес, сол қоғамға лайықталып қалыптасқан қоғамдық сана да күйзеліске үшырады. Моральдық кризис қоғамдағы білімді адамдарды да қамтыды. Қоғамда өз орнын таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына, халықтың қайыршылығы мен қүқықсыздығына, қала люпендерінің азғындауына қарсы түрар күш – мәдениет болды. Ол қоғамда жасампаздық пен шығармашылық рөл атқарды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік өзгерістерге тікелей байланысты болды.

ХІХгасырдын, мэдениеті. Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бүл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың үлы ойшылдары: О.Шпенглер, Й. Хейзинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті – бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты. Олар — рационализм, антропоцентризм, сциентизм, еуроцентризм және т.б. болды. Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш үлы уақиғасы: Англиядағы өнеюкәсіп төнкепісі Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі және Үлы Француз революциясы ерек-ше ықпал етті. Дәлірек айтқанда, бүл үлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбүрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бетпердесі адамзат тағдырының өзгерістерге үшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бүл факторлар осыдан екі ғасыр бүрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады. Ерекше атап өтетін бір жайт, XX ғ. Етек алған «сауықтық мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бастаған болатын. Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жаппай шығарыла бастады. Әрине, өнер туындыларының халық арасына кеңінен тарауы, халықтың жалпы мәдени дәрежесін арттыруға себепкер болатындығын мүлде жоққа шығаруға бол-мас, бірақ бүл жағдай өнердің дәрежесін төмендетіп, оның күпиялық қасиетін жоюға себепкер болғандығын да естен шығармаған жөн. Сондықтан да болар, осы бір сындарлы тарихи кезеңде халык көңілінен шығар нағыз өнердің қажетгігі біліне бастады. Өнер қоғам – дық көңіл-күйдің жаршысы болды. Философия тіліне айнала бастаған өнер адамгершілік пен ізгіліктің қайнар бүлағы, адамның жан-дүниесінің айнасы болды. Өнер – мә-дениет саласындағы әрбір өзгерісті терең сезініп, дәуір тынысына сай бейімделе білді. Бүл ой-түжырымдарымызды дәлелдеу үшін, ең бастысы — «өнердІң қоғамның соты» рөлін қалай атқарғандығын толық түсіну үшін тағы да XIX ғ. өнерінің тарихына қысқаша тоқталып өтелік. Бүл ғасырдағы өнердің дамуындағы екі кезеңді ерекше бөліп алып қарастырған жөн сияқты. Бірінші кезең, декаданс («қүлдырау» деген мағынаны береді). XIX ғ. 50 ж. Бастап бірінші дүниежүзілік согысқа дейін созылады. Осы бір «революциялық дәуірдің» әрбір қоғамдық уақиғасы халықтың творчестволық қиялын оятты, өнер саяси-әлеуметтік мазмүнға ие болды. Үлы француз революциясынан канаттанып, шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте түсті. Романтикалык өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды. Олардың прогрессивтік идеялары утопиялық социализм идея-ларымен де үштасып жатты. Романтиктер мен утопистердің дәл осындай идеялық бауырластығын калай түсіндіруге болар екен? Оларды жақындастырған жағдайлар: қоғамдық қүрылысты сынау, халық тағдырына ортақтасу, жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күңгірттігі және т.б. болды. Тамаша болашақты тіпті болмағанда қиялында жүзеге асыру — романтиктерге тән қасиет екендігін естен шығармаған жөн. Нақты өмір мен қиялдағы өмірді салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақта-рының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамдысынай отырып, бүл ортадан безіне қашады. Мүндай коңілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «кашушылықтың» үш бағыты болды. Біріншісі, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адамның көңіл-күй күйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі. Сондықтан да болар романтиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым ауыл адамдарын ерекше дәрштеп, олардың рухани байлығын паш ететін халықтық фольклорды жоғары бағалады. Бүрыннан белгілі экзотикалық елдермен қатар, ұлы географиялық ашылымдар барысында ғана белгілі болған елдердің әсем табиғаты — олардың өнер туындыларының басты тақырыптарының біріне айналды. (Байронның поэзиясындағы, Делакруадың суреттеріндегі шығыс тақы-рыптары және т.б.). Ал нақты өмір көріністері болмаған жағдайда романтиктер өздерінің таңғажайып қиялдарына еркіндік берді, оған Гофманның, Гейненің, Вагнердің фантастикалық шы-ғармалары жатады. Екінші бағыт, өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниені қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерде романтиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасырлар кезеңін, оның өмір-салты мен салт-дәстүрлерін (В. Скоттың рыцарьлық романдары, Вагнердің опералары және т.б.), шаруалардың патриархалдық түрмыс-тіршілігін (Ж. Санд, Колридж) және т.б. өмірлік жағдайларды өз шығармаларының арқауы етті. Үшінші бағыт, адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан-дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романтиктер өз шығармаларында бүл дүниенің қарама-қайшылықтарын шындық түрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гофман мен Гауфтың ертегілері, Т. Жерико мен Э. Делакруаның портреттері жөне т.б.)- Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сүйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағынасы бар деген корытынды жасауға болады. Олар: «романтикалык тарихилық» және «индивидуалистік субъектизм») Үлттық мәдениеттің қайнар бүлағына зер салу, мәдени қүбылыстарды тарихи түрғыдан алып қарастыру, басқа халықтардың өмірімен танысу кездерінде романтиктер бүл тарихи процестердің қайталанбайтындығына. өте сирек кездесетініне, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар екендігіне көз жеткізді. Олай болса «романтикалық тарихилық» - буырқанған рево-люциялық дөуірдің жемісі болып табылады. Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, онын бүралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі – жүректің үні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъектизм» бағыты келіп ту-ындайды. Оның мән-мағынасы — жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден түңілушілік сезімінің пайда болуы. В, Вейдле «Романтизм дегеніміздің өзі — жалғыздық» деп тегіннен-тегін айтпаған сияқты. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы күрескер — энтузиастар болды. Ен бастысы олар — халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мол мәдени мүраларына сүйенді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, романтизмнің дамуы әр елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайларға тығыз байланысты болды. Мысалы, Францияда романтизм буырқанған қоғамдық-саяси өмірдів айнасына айналды. Әсіресе, еркіндікті сүю мен патриотизм — француз романтизміне тән басты қасиет болып табылады. Саяси бытыраңқылық жағдайында қалыптасқан неміс романтизмінің де өзіне тән ерекшеліктері болды. Бұл дәуірде неміс романтиктері музыка, әдебиет және т.б. өнер салаларындағы асқан үздік шығармаларында қоғамдық өмірге сын көзбен қарай отырып, философиялық, эстетикалық тұжырымдар, теориялар жасады.

Романтизммен қатар XIX ғ. Ортасына қарай реализм ағымы да өзіндік бет-бейнесін таныта бастады. Реализмнің қалыптасуы капиталистік қарым-қатынастардың белең алуымен тығыз байланысты болды. Мүндай өзара тәуелділікті кездейсоқ жағдай деп қарастыруға болмайды, өйткені капитализм жағдайында әлеуметтік қайшылықтар асқынып, қоғамның бет-бейнесі, әдет, саяси-ғүрыптары айтарлықтай өзгерістерге үшырады. Қоғамда орын алған мүндай жағдайлар адамның рухани дамуына ерекше ықпал жасады. Өз кезегінде бүл процестер реалистік өнердің туындауына түрткі болды. Ал дәл осы кезеңде қалыптасқан әлеуметтік-тарихи немесе сыншыл реализм Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің реализмі, ағартушылық дәуірінің реализмі сияқты өзіне дейінгі тарихи кезеңдердегі реалистік өнердің игі дәстүрлерін өз бойына сіңіре білді. Осы орайда, сыншыл реализмнің тамыры тереңде екендігін, оның революцияшыл романтизммен де тығыз байланыста болғандығын атап өтуіміз қажет, өйткені бүл ағымдардың өзара тоғысуының басты себебі — буржуазиялық қоғамның келеңсіз көріністерінде жатыр. Реалистер де, романтиктер де адамның рухани дүниесіне ерекше назар аударды, оларға тарихи сана-сезім, халық мүдделері өте жақын болды. Бірақ «болмыстан» қашқан романтиктерге қарағанда «сыншыл реалистер» болмыс сырын ашып көрсетуге, қоғамдық өзгерістердің себептерін түсіндіруге тырысты. Әлеуметтік тақырыптарды қамтитын романдар жазуға деген әуестенушіліктің сыры осы жағдайға байланысты болса керек. Үлы қаламгер О. Бальзактың пікірінше, француз әдебиеті дүниежүзілік әдебиетте соны бағыт танытып, алғаш рет «қоғамдық адамның» бет-бейнесін жан-жақты сомдай білді. Көркем өнер саласында да Франция елі реалистік бағыттағы тамаша туындылар берді. Олардың қатарына: Т. Руссоның пейзаждары, О. Домьенің графикасы, Ж.Ф. Милленің шаруалар өміріне арналған суреттері және т.б. жатқызуға болады. Еуропа реализмі (Э. Золя, Ч. Диккенс, У. Теккерей және т.б.) өнер сахнасына іскер адамдарды шығара бастады, сөйтіп кәсіпкерлік пен бизнес дүниесінде жаңа кейіпкер — буржуаның рөлі арта түсті. Бірақ реалистік өнер өкілдері қарапайым адамдардың тағдырын, олардың өміріндегі қилы-қилы кезеңдерді, олардың жан-дүниесін, сезім толқындарын жан-жақты көрсетуді де естен шығармады. Мысалы, Менцель кескіндеме өнері саласында өндіріс тақырыбын қозғай отырып, өнер арқылы жүмысшы мәселесін шешуге әрекет жасады. Капитализмнің өзіне тән сипаты — заттық тәуелділікке негізделген жеке адамның тәуелсіздігі мәселесі де реалистік ағым назарынан тыс қалмады. Реализм бүл тәуелділік жүйесін әлеуметтік түрғыдан қарастырды. Мысалы, реалистік тұрғыдан жазылған романдардың мазмүнын алып қарастыратын болсақ, онда буржуазиялық қогамның жеке адам тағдырына үстемдігі мен оның қыспағынан қүтылудың оңай еместігі дәлелденеді. Осы түрғыдан алып қарастырғанда, реалистік туындылар көне заман трагедияларымен, одан қалды романтизм ағымымен үндес болып келеді. XIX ғ. 80 ж. Реализм негізінде жаңа бағыт — натурализм ағайынды Гонкур, А. Додэ, Э. Золя және т.б.) пайда болды. Натурализм позитивизммен (Г.Спенсер) және Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясымен тығыз байланыста қалыптасты. Бірақ бүл ағымдардың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Реализмде аңсаған арман-мүратқа жету сарыны басым болса, натурализм әлеуметтік рухқа толы болды. Натурализм адамдық мән мен өмір сүрудің мағынасын биологиялық себептермен байланыстыра қарастырып, адам тағдыры мен мінез-қүлқының қалыптасу сырларын ашып көрсетуге әрекет жасайды. Натуралистік ағымның өкілдері капиталистік қоғамда дөрекі шындықтың болмай қоймайтындығын, буржуазиялық түрмыс жағдайында адамның көңіл-күйінің басыңқы күйде болатындығын атап көрсетті. Мүндай жағдайлар пессимизм мен фатализмге апарып, «бейтараптық» принципі әлеуметтік енжарлықты ақтау қүралына айналды. XIX ғ. 50 ж. Еуропа енері декаданс дәуірін басынан кешірді. Декаданс («қүлдырау» деген мағына береді) өзінің қалыптасу кезеңінде реализмнің түрлі бағыттарымен байланыста болды, сондықтан да болар бүл қарама-қайшылықтарға толы күрделі ағым болып саналады. «Декаданс» термині XIX ғ. Аяғы мен XX ғ. Басында пессимистік, селсоқтық көңіл-күйлерге байла-нысты рухани мәдениет пен өнер саласындағы дағдарысты көрсе-ту мақсатында қолданыла бастады. Мүндай көңіл-күй алғаш рет француз «символизмінде», ағылшын «эстетизмінде», «өнер өнер үшін» концепциясының теоретиктерінің (Д. Рескин, О. Уайльд және т.б.) шығармаларында көрініс тапты. Одан кейінгі уақытта «декаданс» сарыны «модернистерге» де пайда болып, «импрессионизм» ағымында өз жалғасын тапты. өнерінің туындылары буржуазиялық өмір салтының «құнды-лықтарын тамаша игере бастағандардың жартылай идеалистік, порнографиялық шығармаларына мүлдем қарама-қайшы келді. Тамаша өнер туындылары жарыққа шыққан Ш. Бодлердің заманы Наполеон ІП-нің Екінші империясының кезеңі болатын. Осы бір уақыт шеңберінде руханилықты пайдақорлық пен сатқындыққа икемдеу әрекеті, халық мүддесі дегенді желеу етушілік, яғни демогогиялық науқан қыза түскен болатын. Заман ойшылдарының бірі Ф. Ницше қоғамдағы болып жатқан мәдени процестерден тыс қала алмады. Ол бүрыннан да көтеріліп жүрген «қүндылықтарды асыра бағалау» мәселесін философиялық түрғыдан жан-жақты зерттеуге ат салысты. Бұл кезеңде «сана» категориясына деген сенімнің тас-талқаны шықты, дәстүрлі мәдени күндылықтардың бүкіл жүйесі өзінің өмірсіздігін көрсетті, болашаққа деген үміт оты сөнді, тіпті қүдайға деген сенімнің өзі де өше бастады (Қүдай өлді, ал оны өлтірген өзіміз). Қоғамдағы мүндай дағдарыстың нәтижесі қандай болды және неге әкеліп соқты? Нәтижесінде дүние ұсақталды, рухани қүндылықтардың мәні жойыла бастады. Ф. Ницшенің пайымдауынша, мүндай мәдени тоқыраудың тууы заңды құбылыс болып табылады, өйткені мәдениет өзінің қалыптасып, даму процесінде «қүлдықпен», қүлдық психологиясымен тығыз байланыста болады, ал өз кезегінде «қүлдық мәдениетінің» үстемдігі сөзсіз регреске, декаданс қүбылысына әкеліп соғады. Жоғарыда айтылған пікірлерден нақты қорытындылар шығарайық. XIX ғ. Аяғында тар мағынада — өнер саласында, ал кең мағынада — мәдениет саласында қандай жағдайлар қалыптасты? Дәуір тынысын терең сезініп, оның рухын өз бойына сіңірген, дүниені ғылыми түрғыдан танып-білуге бағыт алған «натурализм» мен «импрессионизм» ағымдарының айналадағы дүниеге, болмысқа жақын болуға тырысушылығы бүларды да дағдарысқа әкеліп тіреді. Жинақылық пен сақтық қасиеттерді таныта білген «символизм» ағымы тоқырау мен іріп-шірудің қаупін сезіне алғанымен, қоғам тудырған келеңсіз көріністерге қарсылық көрсете алмай дәрменсіздік танытты. Әрине, Ншше өз тарапынан белсенділік танытып, жігерлі қарсылық көрсетті, бірақ бүл қарсылық барысында үлы ғалым технократтық дүниені апаттан күтқаруға себепкер болатын мәдени қүндылықтарды есінен шығарып алды. Бүл тарихи кезеңде де болашаққа, оның ішінде мәдениеттің болашағына үлкен үміт артылды. Бірақ XIX ғ. Техникалық дамудың деңгейі мен мәдешг прогрестің мүмкіндіктері бірдей дәрежеде қарастырылмады, қоғамдық санадағы экономикалық фактордың рөлі асыра бағаланды. Прогресс мәдениетке қауіп бүлтын төндірсе, ал өркениет пен техника оған апат даупін туғызды. Ал бүл өмірлік мәселе — XIX ғ. Мәдениет тағдырына тікелей байланысты көкейтесті мәселе болды. Мәселенің дәл осылай айқын да, ашық қойылуының дүрыстығын өмірдің өзі, дәлірек айтқанда бүл дәуірдің басқа да тарихи уақиғалары мен сілкіністерін былай қойғанда, дүниежүзілік соғыстардың өзі-ақ дәлелдеп берген.
Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты.
Қазiргi Қазақстан Республикасын алып қарайық. Отаршылық және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы айқындалды және төл мәдениеттi жаңғырту ниетiндегi заңдi әрi түсiнiктi ұмтылым қалыптаса бастады. Бiрақ азаматтық қоғамның орнына жетi аталық үрдiске, рулық-тайпалық басқару жүйесiне, исламның орнына тәңiршiлiк пен шаманизмге қатып келу, дүниежүзiлiк тарихты шежiрешiлдiкпен ауыстыру ж.т.б. осы архаизмнiң көрiнiстерi жатады. Мысал келтiрейiк. Әрине "жетi атасын бiлмейтiн ұл жетесiз". Бiрақ қазiргi ақпараттық әлемде, экрандық мәдениетте, өркениеттердiң тоғысу заманында бұл мәселе тәрбиелiк-жадылық мағынаға ие болып, басқа өркениеттiлiк құндылықтарға орнын бередi.

Қазiргi кезде өркениеттi елдерде мәдени тұтастанудың төмендегiдей жүйесi қалыптасқан: адам-отбасы-мәдени шағын топ-этномәдениет-үлкен өркениет-адамзат. Бұл жерде формалдық логикадағы ұғымның манмұны мен көлемнiң керi қатынасы заңды әрекет етедi. Яғни, ең мағыналы мәдени тұға дам болып табылады

Қазақстан өзiнiң геомәдени кеңiстiгi бойынша конфуцийлiк және православиелiк өркениеттердiң ортасында орналасқан. Алайда ТМД-ның кейбiр мемлекеттерiмен салыстырғанда, Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен келiсушiлiктiң мығым екендiгi белгiлi.

Мұны көптеген факторлармен түсiндiруге болады. Олардың арасында мәдени фактордың да алатын орны ерекше. Бiздiң пiкiрiмiзше, қазiргi Қазақстан Республикасының iшкi жағдайын анықтайтын маңызды және аумақты мәдени топқа еуразиялық менталитет өкiлдерi жатады.

Қазақстандағы Ресей ықпалы тек республикадағы үлкен славяндық топтың барлығымен (соңғы деректер бойынша республика халқының саны – 40-42%) ғана емес, қазақ халқының ұзақ жылдары бойы Реседiң қол астында болуына қатысты. Отаршылдықтың қазақ мәдениетiне тигiзген терiс әсерлерi жөнiнде осыған дейiн жеткiлiктi айтылды. Алайда, бiрнеше ғасырлар бойы бiрге өмiр сүрудiң нәтижесiнде қазақ халқының мәдени құрылымында бiраз өзгерiстер болды. Бұл процесс ең алдымен тiлдi қамтыды және орыстiлдi қазақтар (ұйгiрлар, өзбектер, татарлар т.б.) мәселесiн тудырды. Белгiлi елтанушы ғалым М. Тәтiмовтың деректерiне сүйенсек, 1992 жылы қазақтардың 25%, яғни төрттен бiрi өз ана тiлiнде үй-iшiнде сөйлесуден қалған. Жеке қалаларда бұл процент тым жоғары: Алматыда-85% , Қостанайда-75%, Қарағандыда-80%; салыстыру үшiн басқа тенденцияны алайық: орыстiлдi қазақтар халықтың Қызылорда облысында 3,5%, Атырауда-4%, Жамбылда-6,5%, Семейде-12,5% құрастырады. Тұжырымдап айтар болсақ, қазақтар арасында шешушi демогорафиялық фактор – тiлдiк ортаны тiкелей ықпалмен өз ана тiлiн жоғалту ендi ғана тоқталып, өз ана тiлiне үрдiсi жаңа ғана күщ ала бастады.

Республикада адамгершiлiк мәдениетiн дамыту бағытында аз iстер iстелiп жаиқан жоқ. Бұл ретте жас қауымды халықтың дәстүрлiк адамегершiлiк нормаларына, принциптерiне, ережелерiне үйлесiмдi тәрбилеумен қатар, қазiiргi заман талаптарына сәйкес өркениеттi елдерде басты назар аударылатын этикет (әдептiлiк) ережелерiн де бiлуге және күнделiктi өмiрде орындаға құмату қажет.



Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптартырғанда әдептiң құқықпен жақын екендiгiн, қоғамда тәртәп пен заңдылықты реттейтiндiгiн естен шығармаған жөн. Келеңсiз көрiнiс рушылдыққа қайтып келек, оның коррупция, таныстық, енжарлық, өктемдiкпен байланысты екендiгiн байқауға болады.

6.3.3 Практикалық (семинар) сабақтары




Семинар тақырыптары

Сағат саны

1.

Әлемдік мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениеттік тіл.


1

2.

Әлемдік мәдениет түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, саясат.


1

3.

Әлемдік мәдениет және өркениет.


1

4.

Ежелгі мысыр мәдениеті.


1

5.

Номадалардың ежелгі мәдениеті.

1

6.

Ежелгі Шығыс Азияның мәдениеті

1

7

Ежелгі Рим мәдениеті.

1

8.

IV-ХVғ.ғ Византия мәдениеті.

1

9.

Ежелгі Грекия мәдениеті.

1

10.

Ортағасырдағы Ислам мәдениеті.

1

11.

Ортағасырлық қазақ мәдениеті.

1

12.

Христиандық мәдениеттің қайнар көздері мен бастаулары, басты кезеңдері.

1

13.

Орыс мәдениеті-мәдениеттің провославиелік типі.

1

14.

Қазіргі мәдениеттің жалпы сипаттамасы.

1

15.

Егемен Қазақстанның мәдени саясаты.

1



6.3.4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет