Қор биржаларының мәмiлеге қатысушыларын, яғни алып сатушыларды «аюлар» және «бұқалар» деп екiге бөледi. Аюдың әдетi – табанымен таптау. Төмендетуді ойлайтын биржалық алыпсатарлар («аюлар») өзінде әлі жоқ акцияларды мәміле жасасқанда белгіленген курс бойынша мерзімге сатады және мәміле мерзімі біткенге дейін барынша төмен курспен құнды қағаздарды сатып алуға және жедел мәміле шартында белгіленген барынша жоғары бағамен сатуға үміттенеді.
Ал бұқа деп атау – жағымсыздық әдетi – қарсыласты мүйiзiне iлу. Жоғарылатуды ойлайтын делдалдардың(«бұқалар») керісінше құнды қағаздарды курстың жоғарылауы күтілетін мерзімге сатып алады және кейіннен оларды табысты сатуға үміттенеді. Сонымен, биржада ойыншылар – “аю” бағалы қағаз курсының төмендеуiне, ал “бұқа” оның жоғарылауына iс-әрекет жасап ойнайды.