Нью-Йорк қор биржасы - әлемдегі ең ірі және АҚШ-тың бас қор биржасы.АҚШ-тың қаржы қуаттылықтың және жалпы қаржы өнеркәсібінің нышаны. Биржада бүкіл әлемге танымал Доу-Джонстың өнеркәсіптік серіктестер үшін акциялар, NYSE Composite және NYSE ARCA Tech 100 Index қор индекстері анықталады.
Тарихы
1972ж 17 мамырында қаржы құралдарымен жұмыс істеген 24 нью–йорктік брокерлер және олардың лондонық әріптестер Нью-Йорк қор биржасын құру туралы «Платан астындағы келісім» құжатына қол қойды.
1975ж бастап 1366 жеке мүшелердің меншігінде болған коммерциялық емес корпорацияға ауысты. Корпорациядағы мүшелер орындары сатыла алады, әрбір орынның құны қазіргі кезде 3 миллион АҚШ долларына тең.
2006жылдың наурыз айының басында NYSE Archipelago Holdings электрондық биржасымен қосылуын аяқтады және өз тарихында бірінші рет инвесторларға акцияларын ұсынды, сөйтіп, коммерциялық ұйымға айналды. NYSE Group акцияларының сауда-саттығы биржаның өзінде жүргізіледі; капиталандыру 2007жылдың 5желтоқсанына қарай $22,6 млрд. құрды.
2006 жылдың маусым айының басында Нью-Йорк қор биржасының болашақта еуропалық Euronext қор биржасымен қосылып кетуі туралы жарияланды. Бұл қосылу 2007 жылдың 4сәуірінде болды.