2.ДӘРІС. ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ.
Әлеуметтану ғылымы пән ретінде ХІХ ғ. ортасында қалыптаса бастайды. Ағартушылық дәуірі мен буржуазиялық төңкерістер салдарынан қоғам туралы түсініктер, қоғам дамуы туралы мәліметтер жинақталып, оны зерттеуге деген қызығушылық пайда болады. Француз оқымыстысы, әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы О. Конт (1798-1857 жж.) қоғам туралы сұрақтарды алғаш қарастырған адам болды. Ол әлеуметтануды әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөледі.
Конт ойынша алғашында әлеуметтік физика деп аталған әлеуметтану қандай да бір ақиқат өмір сүретін ретіндегі, жаратылыстық заңдарымен басқарылатын және уақытта дамитын қоғам туралы алғашқы ғылым. Ол бақылау және эксперимент арқылы қоғам дамуын зерттейтін рационалдық амалды жасауға ұмтылды.
О. Конттың әлеуметтанымдық көзқарастарын дамытқан ағылшын ойшылы Г. Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының әсерін сезінген Спенсер қоғамды биологиялық ағзалармен салыстырып, оның жеке бөліктерін (мемлекет, шіркеу, білім беру орындары т.б.) ағзаның жеке бөліктерімен (жүрек, жоғарғы жүйке жүйесімен т.б.) салыстырады
Спенсер әлеуметтануда бірінші болып құрылым және функция ұғымдарын қолданған. Қоғамның қарапайым жағдайлардан бастау алып, барлық бөліктері өзара тіпті ұқсас емес элементтерімен күрделі қоғамға өтетіні, дамитыны туралы идеясы жемісті болды.
О.Конт пен Г.Спенсер дінді «бірлікке», «бірігуге», «реттеуге», «біріктіруге» және т.б. қол жеткізу құралы деп есептеді. Адамға денсаулық қандай қажет болса, қоғамдық дара және ұжымдық болмыс үшін діни байланыс та қалыпты, керекті жағдай. Спенсер қоғамда «қандай болса да дінге» әрқашан орын болуы керек деп есептейді. Осындай әдістемелік принциптерді соңғы әлеуметтанымдық концепциялар мұраға алды.
ІІІ. Эмиль Дюркгейм (1858-1917 жж.). Негізгі еңбегі «О разделении общественого труда». М.,1996 ж. Ол қоғамның ешқандай басқаға теңгерілмейтін ерекше түрдегі шынайылық екенін дәлелдеп, әлеуметтанудың басты міндетін әлеуметтік ортаны зерттеу деп есептейді. Қоғамдық элементтер болып, әлеуметтік фактілер алға шығады.
Дюркгеймнің әлеуметтануы бүтіндей алғанда әлеуметтік өмірдің биологиялық түсіндірмесіне қарсы бағытталды десек те, ол биоорганикалық бағыттың, бәрінен бұрын Спенсердің әсерін сезінді. Оның құрылымдық-функционалдық талдауы қоғам мен ағза арасындағы аналогияға, ұқсастыққа негізделді.
Дюркгейм Конт тәрізді қоғамды келісім және ынтымақтастық сферасы ретінде қарастырады. Оның ойынша ынтымақтастықтың екі түрі бар: механикалық және органикалық. Механикалық ынтымақтастық дамымаған, ежелгі қоғамдарға тән, өйткені оның адамының ісі мен әрекеті біртекті. Мұндай қоғам өзіне адамды толық бағындыруға, оның санасы мен мінез-құлқын реттеуге талпынады. Органикалық ынтымақтастық еңбек бөлінісіне, кәсіби мамандануға, адамдардың өзара байланысына негізделеді. Ынтымақтастықтың осындай түрінде әрбір адам қоғамнан тәуелсіз, еркін, дербес болады.
Дюркгеймнің адамның өзіне қол жұмсауы, суиситке арналған еңбегі де бар. Ол қоғамдағы суицит деңгейі әлеуметтік – діни, отбасы, саяси, ұлттық ерекшелік құбылыстары жиынтығына тәуелді болатынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |