Дәрістің мазмұны: “Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. әлеуметтану - әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың өзін-өзі ұйымдастыру нысандарының: әлеуметтік жүйелердің, әлеуметтік құрылымдар мен институттардың қалыптасуы, дамуы және қызмет етуі туралы ғылым. Бұл әлеуметтік субъект әлеуметтік – қауымдас-тықтардың белсенділігінен туындайтын әлеуметтік өзгерістер туралы ғылым; алуан түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы өзара байланыс және өзара әрекет механизмдері ретіндегі әлеуметтік қарым-қатынастар туралы ғылым; әлеуметтік іс-әрекеттер мен бұқаралық мінез-құлықтың заңдылықтары туралы ғылым
.Өзіндік бақылау сұрақтары:
Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанудың объектісі және пәні. Әлеуметтанудың түсіндірмелі аппанраты. Әлеуметтанудағы «әлеуметтік» түсінігі.
Әлеуметтанулық теориялардың құрылымы. Теоретикалық және қолданбалы социология. Макро және микро социология.
Әлеуметтанудағы теоретикалық және эмпирикалық мәселесі.
Әлеуметтанудың функциялары: теориялық-танымдық, ұйымдастырушылық-техникалық, басқарушылық, болжамдық.
Әлеуметтік факт түсінігі. Әлеуметтану және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |