Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы дәріс әлеуметтану


Тақырыбы Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде



бет7/31
Дата15.12.2021
өлшемі37,44 Kb.
#101516
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
лекция социология2020

Тақырыбы Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде

Мақсаты: студенттерге қоғам ұғымы, оны зерттеудегі жүйелі әдістер туралы түсіндіру. Қоғам мен әлеуметтік жүйені теориялық зерттеудің көпжақтылығымен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.

  Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150 – ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанымен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілері бар.

    Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама берді.

    Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет