Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені


Дәріс №14. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар



бет26/27
Дата16.02.2022
өлшемі348,5 Kb.
#132118
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
лекция Әлеуметтану-1

Дәріс №14. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар

Қоғамдық қозғалыстар - қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау.[1]


Қозғалыстың, әдетте, ұйымдық құрылымы және тіркелмелі мүшелігі болмайды. Мүдделерінің ортақтығы жағдайында оған әртүрлі идеялық бағыттағы адамдар қатысуы мүмкін, қозғалыс құрамы кең, бұқаралық сипатта, өзгермелі. Қоғамдық қозғалыстардың мақсаттары мен міндеттері әртүрлі - әлеуметтік, саяси, рухани-мәдени және т.б. болады. Көбіне бұл мақсаттар қүбылмалы, өзгермелі және кеңейіп отырады. Қоғамдық қозғалыс, егер ол билік институттарына ықпал етуді, сайлау кампанияларына қатысуды, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім қабылдауына эсер етуді көздесе, қоғамдық-саяси болып табылады. Қоғамдық қозғалыс қызметі мәселелерінің саяси қыры олардың саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бейресми мүдделер тобымен қарым-қатынасын қарастыруы мүмкін.[
Урбанизация Біздің көптеген әлеуметтік институттарымыз аграрлық қоғамдардан, яғни түрғындардың басым бөлігі тұрып, жұмыс істейтін ауылдық жерлерден бастау алады. 1850 жылдың өзінде дүниежүзіндегі халықтың небары 2 пайызы ғана 100 мыңнан аса халқы бар қалаларда өмір сүрді (Davis, 1973). Бүгінгі уақытта дүниежүзі халқының жартысынан көбі және АҚШ тұрғындарының 80 пайыздан астамы қалалар мен астаналық аудандарда өмір сүреді. (Артта қалған және дамыған елдердегі халықтың ауысуы 14.4-сызбада көрсетілген). Қалалар қалай дамыды және олар қандай деңгейде? Қала халқының өсуі мен азаюы туралы теориялар Қүрылымдық-функциялық теориялар және конфликтология теорияшылары қалалық өмір салты мен сипатына байланысты екі түрлі көзқараста. Құрылымдық функцияшылдар қаланың өсуі мен құлдырауының артықшылықтарына мән береді. Ал конфликтология теорияшылары осы өзгерістерге эсер ететін саяси күресті зерттейді.
Қурылымдық-функциялық теория: қала экологиясы 1920-30 жылдары көпшілігі жедел дамып жатқан Чикагода тұрған қүрылымдық-функциялық әлеуметтанушылар қалаларды болжамдар арқасында дамыды деп санады. Кейбіреулері қалалар (Чикаго сияқты) орталық іскер аудандарда шоғырланған топтардан бой көтерді деп тұжырымдады (Burgess, 1925). Енді бірі қалалар транзиттік бағыттар бойында сына тәріздес формадағы секторлардан немесе басқа да үлгілерден қалыптасады деп есептеді (Hoyt, 1939). Дегенмен құрылымдық функцияшылдардың бәрінің ойы бір жерден шықты. Экономикалық бәсекелестердің арасындағы шынайы да мықты жарыс - тауарлар мен қызметтерді өндіру мен жеткізудің барынша тиімді амалдарын ұсыну үшін, қалаларды кез келген жолмен дамуға жетелейді. Кейіннен құрылымдық функцияшылдар қалалардың құлдырауы мен қала маңы аудандарының дамуы экономикалық және әлеуметтік өмірді неғұрлым тиімді ұйымдастыруга деген талпыныстардан туындап отыр деп тұжырымдады.
АҚШ-тағы урбанизация Бір ғасырда қалалық деп саналған адамдар келесі ғасырда ауылдық деп саналатын болды. Екі түсінікті анықтауда шатаспау үшін АҚШ санақ бюросы қалалық және ауылдық деген жалпылама сөздерді екі терминмен ауыстырды: астаналық және астаналық емес. Астаналық статистикалық аудан - 50 мыңнан астам халқы бар және айналасындағы аймақтармен экономикалық әрі әлеуметтік қарым-қатынас орнатқан округты анықтау үшін зерттеушілердің қолданатын термині. Кейбір астаналық аудандарда бір округ болады. Ал Нью-Йорк, Сан-Франциско немесе Детройт сияқты қалалар 6 көршілес аймақты қамтиды. Астаналық ауданның аясы қала шеңберінен асады және мысалға Нью-Йорктің үлкен ауданы сияқты аймақты қамтиды. Астаналық емес статистикалық аудан дегеніміз - үлкен қаласы да, ондай қаламен тығыз байланысы да жоқ аудан. Астаналық аудан халқы орталықта (қала аумағында) және қала маңында тұратындарға бөлінген. Тұрғындардың 60 пайызы орталықта емес, қала маңында өмір суреді. Ол адамдар астаналық өмір салтын сақтағанымен қала орталығынан 50 миль қашықта тұрады. АҚШ-та астаналық емес халық 16 пайызға дейін қысқарып кетті. Мұндай аудандар Нью-Джерсиден басқа барлық штатта болғанымен олардың көпшілігі Оргалық Батыста немесе Оңтүстікте өмір сүреді. 5 пайызға жуығы - фермерлер. Ал қалғандары - ауылдықжерлер емес, шағын қалалардың тұрғындары. Дамуы төмен елдердегі урбанизация Соңғы кездері ірі қалалар мен қалалық өмір салтының дамуы байқалады. Артта қалған елдерде мүндай өзгеріс бір түннің ішінде орнайды. Мехико, Сан-Паулу, Богота, Сеул, Киншаса, Карачи, Калькутта жэне дамушы елдердегі өзге қалалар тез өсіп келеді. Алдағы 25 жылда үлкен қалаларда (мегаполистер), сондай-ақ кедейлікте өмір сүретін, таза




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет