Мақсаты:
Студенттерді әлеуметтанулық
зерттеу құралдарын жасау
жолдарымен таныстыру және қолданылатын сұрақтардың түрлерін талқылау.
1.
Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеу түсінігі. Классификация
өлшемдері.
2.
Іздеу (бақылау) зерттеуі. Пилотажды
және бақылаулық зерттеуге
салыстырмалы сипаттама.
3.
Бейнелеу және аналитикалық зерттеу. Қайталанатын зерттеу түрлері.
Мониторинг. Жағдайды талдау (case study).
4.
Зерттеудің сұраулық әдісі.
5.
Сұхбат (еркін, стандартты, фокусталған, топтық, индивидуалды, бетпе-
бет).
6.
Анкеталық сұрау (экспресс-сұрау, топтық, индивидуалдық, іштей,
сырттай, бұқаралық, эксперттік).
7.
Құжат талдау (контент-талдау).
8.
Бақылау: енгізілген, енгізілмеген.
9.
Эксперимент.
10.
Әлеуметтік мәліметтерді жинаудық жетістіктері мен кемшіліктері.
Әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеу
әдістемелерінің қазіргі
жиынтығы өте кең және әр алуан. Сондықтан, зерттеулерді бірқатар негіздер
бойынша жіктеуге болады, атап айтқанда:
- қарқыны мен күрделілігі бойынша;
- шапшандығы мен уақыт шегі бойынша;
- зерттеу объектілері мен қолдану саласы бойынша;
- әлеуметтанушылық және маркетингтік ақпарат жинаудың қолданылатын
негізгі әдістері бойынша.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің әдіснамасы мен қисыны бойынша екі
басты және бастапқы принциптік талапты тұжырымдайық:
1. Әрбір әлеуметтанушы әлеуметтану классиктерінің еңбектерінде көрініс
тапқан және қазіргі әлеуметтану жөніндегі оқулықтарда біршама жүйелі түрде
баяндалған әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің тарихи қалыптасқан
теориясын,
әдіснамасын, қисынын, әдістері мен рәсімін терең және толық
меңгеруі тиіс.
2. Әрбір
әлеуметтану тұрғысынан зерттеу, бір жағынан,
зерттелетін
әлеуметтік проблеманың мәнін көрсететін әлеуметтану теориялары, ұғымдары
негізінде құрылуы тиіс,
екінші жағынан, ол проблемалық жағдайда тұрған
адамдардың әлеуметтік болмысының орындылығы
мен әлеуметтанушының
тәжірибесіне бағытталады.
Жалпы, әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің қисыны оның өткізілу
кезеңдерімен анықталады. Әлеуметтану тұрғысынан
зерттеу кезеңдерінің
көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:
Достарыңызбен бөлісу: