Оқу, білім –әлеуметтенудің құрамды бөлімдері. Қоғамдық пікірде, нормативтік құжаттарда білім институттарына білім беру функциясымен қатар әлеуметтендіру, тәрбие беру міндеттерін атқарудың орнығуы көпшіліктің мойындаған нәрсесі. Бұл мемлекеттің заңдарында анық айтылған. Білім мазмұны – индивидтің әлеуметтенуіне ғана ықпал етіп қоймайды. Тұрақты қызмет ететін «мектеп» институтының пайда болуы мәдениетке, қоғамдағы топтық қатынастар психологиясына айтарлықтай түзетулер енгізді, тіптен жана өркениетті дүниеге әкелді.
Әлеуметтену адами индивидтің әлеуметтік өмірдегі тіршілігін сақтап қалуы, оның бірлескен қоғамдық қызметке енуі қажеттілігі ретінде көрінеді. Ол өзін-өзі көрсетудің қолайлы жолын табуға мүмкіндік беретін адами мәдениеттің үлкен құрылымын қамтиды. Ол адамның өзін-өзі көрсету ретінде оның дамуының белгілі бір кезеңдерінде іске асуы мүмкін. Қалыптасу үстіндегі индивидтің өзін-өзі көрсетуі қажеттілігімен қоса өзіне басқаша адамды жалғастырушы ретінде талаптану қажеттілігі артады, бұл оның өмір мағынасын түсінуден шыққан қорытындысынан туындайды.
Өзін басқаша адамды жалғастырушы қажеттігі тәрбиеші қызметінің моральдық психологиялық факторы ретінде көрінеді. Алайда бұл фактор әлеуметтік мақсатқа сәйкес болғандықтан орныққан. Адамның қасына онымен бір мәдениеттің «тілінде» сөйлейтін, оның бастамаларына қатысуға қабілетті, оның ісін қабылдай алатын және жалғастыра алатын адам қажет. Бұл түптен келгенде отбасындағы, мектептегі, жалпы қоғамдағы тәрбие үрдісін қозғалысқа келтіреді.
Қалыптасушы «өзінше» адамның өзін-өзі көрсететін және өзін басқаша адамды жалғастырушы ретіндегі өзін-өзі көрсететін осы екі қажеттіліктің, екі үрдістің бір-біріне қарсы қозғалысы жаңа үрдіс-ағым тәрбиені қалыптастырады. Ол өз алдына жеке сала болып қалыптасады, сол уақытта «әлеуметтендіруші субъект» - тәрбиешінің пайда болатыны белгілі. Алайда бұл үшін алуан түрлі мәдениетте «тұлғаны қалыптастырудың» қоғамдық идеясы пісіп жетуі тиіс. Ол бірте-бірте «әлеуметтенушімен» қатынасты қамтиды. Қалыптастыру мақсатына негізделген осы нормативтік мазмұн тәрбиешінің іс-әрекетінің мағынасын толықтырады.
Білім берудің әлеуметтендірусіз, тәрбиесіз пайда болуы, өмір сүруі тіптен мүмкін емес. Бұл бөлімнің және тұтастықтың ара қатынасы. Алайда білімнің генезисі қандай?
Білім берудің қарапайым түсінігі «мұғалім – оқушы» сияқты келесі жәй қалып болып саналатын – «ата - ана – бала» қатынасынан алынған. Бұлардың бірі отбасы институтынан өсіп шықса, екіншісі мектепті негіздеуші болды. Мәдениетте ұрпақтың және басқа да отбасылық әдет-ғұрыптардан ерекшеленетін өзара қарым-қатынас үлгілерінің жаңа тармағын не нәрсе тудырды? Бұл құпияның сыры әлеуметтануда ертеден-ақ шешілген. «Мұғалім – оқушы» формасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа тармағы еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болған. Кәсіби рөлдердің көп түрлілігі, жинақталған тәжірибенің көлемі бастапқыда алғашқы рулық ұйымның, кейін отбасы мүшелері арасында функцияларды бөлу құрылымына жатқызылмады. Отбасылықтан тыс, қандас-туыстықтан тыс тұрған қоғамдық ұйымдардың және ұрпақтың өзгеше құрылымы әлеуметтендіруші факторларға айналды.
Ертедегі өркениеттерде білім әлеуметтендірумен біріккен, ол білімнің жекелеген элементтеріне тарап, әдет-ғұрыптармен және жоралғылармен бекітілген. М.Мид этнографиялық зерттеуінде Самоа аралындағы қауымның өмірін бақылап, мұғалімнің рөлдік міндеттері іс жүзінде қауымдастықтың бүкіл мүшедерінің, әртүрлі ұрпақ өкілдерінің арасында тең бөлінгенін анықтаған. Кіші балалар өздерінен кіші тайпаластарын күтіп бағады, жасөспірімдер теңізде жұмыс істеп, жұмысқа «жаңа алынған» балықшыларды еңбекке үйретеді. Жаңа туған әрбір балаға өз тайпасынан қамқоршы болатын бір отбасы бекітілген «тәрбиешіліктің» формасы бар, бала осы отбасынан керек кезінде көмек, ақыл кеңес алады. Самоада бұл жай ғана институт емес. Балалар өз ата-аналарының ашу-ызасынан қорғауда қамқоршыларынан көмекті жиі алатын болған. Осындай формадағы оқу қауымдағы ұрпақтар аралық қатынас құрылымымен сіңіп кеткен. Солардың көмегімен көптеген мыңжылдықтар бойы алғашқы рулар мен отбасылары тәжірибені жинақтауды және оны ұрпаққа беру міндеттерін дұрыс атқара білген.
«Шебердің жәрдемшісі» институтында ұрпақтар сабақтастығы қатынастарына орай білімнің бөлініп шығуына алғашқыа шешуші қадам жасалып, әлеуметтік тәжірибені беруде әлеуметтенудің жаңа тармағы белгіленді. Ол шебердің ерекшелікті қоғамдық мәртебесін анықтап, оның кәсіби қызметтегі беделін мойындатты. «Шебердің жәрдемшісіне» «отбасылық емес» басқа мамандықты алу үшін ғана емес, сонымен қатар қәсіби шеберліктің құпияларын меңгеру үшін де баратын. Білімнің одан кейінде өз алдына жеке өмір саласы болып ерекшеленуіне оқушылық кезеңде балалардың отбасынан жиі кетуі ықпал етті. Өздерінің бейімделу механизмдерімен өмірдің және әлеуметтенудің өз алдына жеке ерекшелікті формасы пайда болды, онда оқуға, отбасылық, тұрмыстық байланыстар мен міндеттерден босауға басым бағыт ұстанды.
Кез-келген әлеуметтік институт сияқты білім беру институтының қалыптасуы мен өмір сүруі оқшауланбай, ол жалпы социомәдени факторлардың шеңберінде бола отырып, басқа институтармен өзара әрекетке түседі. Білімінің институттендірілуіне діни-мәдени, әскери, сауда, саяси институттар, кәсіптер, мамандықтар, өнер өз ықпалдарын тигізді. Қазіргі білім институты саналатын мектептің пайда болуына шешуші ықпал еткен ғылымның шығуы мен дамуы еді. Мәдениетте білім институтының қалыптасуына объективті түрдегі адамның маңызды тәжірибесін кешенді таратушылыққа – жазбаша мәтіндердің шығуы себепші болған еді. Оларды меңгеру үшін, пайымдау үшін әлеуметтенудің, тәрбиенің ерекшелікті формасы талап етілді. Мәтіндерді игеру үшін мәтіндерге бататын, олардың синтаксисі мен семантикасына бататын мәтіндер мен саналы жаттығуларды қалыптастыратын ассоциациялардың үлкен қоры қажет. Білімді институттендіруде өзінің тұрақты қолдану объектісі пайда болады.
Мәтінмен оқыту еңбек және отбасы саласындағы әдеттегі қатынас жағдайларына ілесе алмайтын еді, мұндай оқуға өз аурасы қажет. Білім саласы отбасылық тәрбиемен де және институтымен де «ашылады». «Мұғалім – оқушы» институты осы саланың өзегіне айналады, онда мұғалім тек шебер ғана емес, сонымен қатар ол рухани оқытушы.
Егер де адами практиканың өзге де формаларын игеру үшін тәрбие әлеуметтендірудің әртүрлі формаларынсыз жүзеге асыруға болатын болса, ғылыми әлеуметтік тәжірибені берудің жаңа тәсілі ретінде арнайы мектеп институтынсыз өмір сүруі мүмкін емес еді. Оның мәтіні басқа әлеуметтік тәжірибенің мәтінінен принципті ерекшелігі бар және өзінің жеткізу арнасының, өз «оқу шеберханасының» болуын қажетсінеді. Мектеп – ғылымның генетикалық бастапқа зертханасы.
Мектеп «таза» тәжірибе алаңында жасалған жоқ, ол сынақтан өткен әлеуметтену қалпының тәсілдерін қабылдаған еді. Болашақтағы мектеп үшін әрбір салада әлеуметтік тәжірибені игеруде табылғандар, жинақталғандар құндылық ретінде алынып, келе-келе олар педагогикалық арсеналды құрады. Қазіргі оқу технологияларында бұрынғы қалыптардың іздерін табу қиын емес. Осы орайда оқу және жаттығу қажетті салт жораларының элементі ретінде, лекция уағыз ретінде сақталған, оларда үйреншікті қолдау көрсету, ұялту санкциясы бар. Білім сатылары әдет-ғұрыптарды және соларға жалғасқан сынауды мұрагерлікпен қалпына келтірген.
Мектеп – қазіргі білімнің негізгі, базалық институты. Оның өзіне тән функциясы – оқыту. Мектепті ұйымдастыру оқытушылар мен оқушылардың арасында белгілі бір өзара қарым-қатынасты бекіткен және солардан туындайтын басқа адамдармен өзара қарым-қатынасты бекіткен. Әрбір мектепте оқытудың стандарты бар, оның міндеті оқушыларға белгілі бір деңгейде нақты міндеттерді, функцияларды атқаруға дайындау. «Тәрбиешіліктің» тәжірибелік оқу сабақтарының формасының орнына мектепте «дәрісханалық» - топтық оқыту және «пәндік» оқыту – жалпы толассыз оқытуды жеке құрамды бөлімдерге бөлу келіп шықты.
Оқытудың басқа формаларынан мектепті әмбебаптық, көп тәртіптілік дайындық ерекшелейді. Оның өзіндік ерекшелікті педагогикалық технологиялары бар. Оның өмір сүруі, мәртебесі, қаржылық құралдармен жабдықталуы мемлекет, діни және т.б. ұйымдардың көмегінен қолдау табады. Қазіргі білім беруде мектептерді адамның жасына, функцияларына, мәртебелеріне және өзге де бөлімдеріне қарай жіктеу қалыптасқан. Оқытудың әртүрлі формаларын басқа да әлеуметтік институттар: отбасы, мәдениет мекемелері, бұқаралық коммуникация құралдары, өндірістікшаруашылық және өзге де қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады. Олар мектеппен біріге отырып білім институттары жүйесін құрайды, бірақ мектеп оның базисі болып саналады.
Ұтымдылық тұрғысынан алып қарағанда тәжірибеде, мәдениетте мақсатты оқытудың формалары – білім институттары орнығуы тиіс. Алайда үйреншікті практикадағы сабақтар үшін пайымдауға, сендіруге, көз жеткізушілікке не жеткізеді? Бір кезеңде осы құпия белгілерге – әріптерге сенген бала тұтас кейіпкерлер (образдар) әлеміне, әсерленушілік дүниесіне енетін еді.
Осы «құпия» іске асу үшін мыңдаған ұрпақтың рухани ізденуі, рухани практикасы қажет болды. Оқытуда технологияның тұрақтанған сыртқы әрекетін белгілеп қана қоймай, жүріп жатқан әрекеттерді жандандыру, оқуға қайсыбір қажет әрекет мәртебесін беру, идеологиялық тұрғыдан түсіндіру мәселелері тұр. Индивидуалдық «меннің» болмыстық жағдайдың мөлшерінен көбіне көп күмән тудыруға жатпайтын қасиетті бірдеме сияқты қабылдап, қауымдастықтың мәдениет болмысы кеңістігіне, оның құндылықтарына, нормаларына өту қажет. Тарихи кездейсоқтық емес, мәдениеттің табиғи даму барысы тұңғыш жазба мәтіндер сияқты алғашқы мектептерді, храмдарды дүниеге әкелді. Бұл екеуі де ерекше сенімді қажетсінеді. Сондықтан оқытушының беделіне, мұғалімге сену, ғылыми білімге, оны жасаушыларға күмән келтірмеу оқытудың міндетті элементтеріне айналған. Нені білу керектігіне әлі де болса жете салмақтауға қабілетсіз жас адамды оқыту үрдісінің белгісіз иррациональды, қажетті арқа сүйері – оқытушының тәжірибесіне сенім арту, оның пайдалыға үйрететін қабілетіне сену. Мұнсыз оқу жоқ.
Әрине мұндай сенімнің өзіндік әлеуметтік іргетасы болуы тиіс – бұл қоғамның білімнің маңыздылығын мойындауы деген сөз. Қоғам білімнің мәртебесін анықтайды. Мұғалімнің беделі түсе бастаған жағдайда білімнің мәртебесі және оқытудың тиімділігі «жоққа шығарылады». Алайда мәртебе өзінен-өзі оқытушыға қажетті сенім элементтерінсіз және т.б. оқудың, ақпаратты қабылдаудың тиімділігін қамтамсыз ете алмайды. Қазіргі білім беру білім институтарын рухани мазмұнымен толықтыруға жол салды. Оған біріншіден, оқу іс-әрекеті барысында тарихи іріктелген қатынас үлгілерін көрсететін нормалар жатады. Олар этностың бұрынғы қол жеткен салттарының, әдет-ғұрыптарының, өнегесінің қосындысы сияқты.
Екіншіден, нормалар ретіндегі тірі, жақын, оңай адам бейнесіндегі мұғалімнің жеке басының, тұлғалық сапаларының ыкпалы жатады. Мұғалімнің бейнесінің қалыптасуы жүреді және соған сәйкес тәрбиеші, жетекші ретінде мұғалімді дайындаудың жолдары туралы түсініктер қалыптасады. Дәстүр бойынша оған оракулдан бастап ықыласты әңгімелесушіге дейінгі алуан түрлі рөлдер дайындалған. Оның қандай көзқарас ұстағанына орай оқушыда қандай «Меннің» оянуы, бөтен адамның еркін тыңдауға немесе өзінің іс-әрекет сеніміне талаптануға, өзін-өзі көрсету құмарлығы қандай құндылықтарға бағындырылуына көп байланысты болады.
Үшіншіден, тұлғаның нормалық үлгісі, білім институты өз мақсаттарын өз іс-әрекеттерінің жемісін байланыстыруға дайын болуы жатады. Ол адамға қандай білім беруге әзір? Кез келген оқыту оқушының алдына руханилықты өнерден, діннен, тарихтан, философиядан, ғылымнан іздеуді ашып, гуманитарлық жағдаймен қоса жүреді, оқушының еркіндігінің көкжиегін белгілейді. Сонымен бірге бұл нормалық үлгі болашақты мәңгі елестетіп шарқ ұрғызбай, ол адамның балалық, жасөспірім, есейген шағында өз проблемаларын шешуге көмектесіп, әлеуметтенудің әр кезеңдеріне сәйкес етуі тиіс.
Соңында айтарымыз, білімдегі рухани ахуал, идеялық тәрбие, оқу үрдісіне тән рухани әлем жасап қана қоймайды, сонымен қатар оның ағыстары басқа да рухани өмір салаларымен қосылады, тұрақты білімге – мәдени жаңарудың экскалаторы ретінде өз бетінше білімін көтеруге деген қажеттілікті қалыптастырады.
Білімнің руханилық даңғыл жолы – интелектуалдық, өнегелік, эстетикалық ізденістерге кеңістік ашу арқылы, адами мәдениеттің руханиаттылығына «Менге» жету арқылы индивидуалдыққа тәрбиелеу. Бұл адамның тікелей ішкі әлеміне бағытталған. Ол мәдениеттің ережелеріне арқа сүйейді, сайып келгенде адамның, қоғамның рухани қалпы үшін жауапты. Бұл – дін, өнер, ғылым. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының ықпал етуі шектеулі, адам өмірінің мейлінше тар кеңістігі өзіне тиесіліні қамтиды, әр кезде жан сырластығын қанағаттандыра бермейді, ал басқа жағдайларда адами рух үшін тек клеткалар жасайды. Бұл кеңістіктің шеңбері жақын отбасылықтан сословиелікке, этникалық құндылықтарға, жалпыадамзаттық құндылықтарға өтіп отырады.