Әлеуметтану



бет68/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)

4. Білім жүйесінің құрылымы


Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдағы білім берудің институттық өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрылымы білімнің әлеуметтік зерттеу объектісі ретінде қарастыруға толық мүмкіндік береді. Мұндай толық суретті қалпына келтіру үшін білім саласының тұрақты түрде алуан түрлі элементтердің топтарын қамтитынын мойындау қажет. Әрбір осындай топ өзіндік құрылымды құрайды, олар бірігіп сол қоғамның тұтас білім жүйесін қалыптастырады.
Білім жүйесіне құрылымдық талдау жасауды бастағанда әдетте оның мекемелерінің жиынтығын, мекемелік құрылымын бөліп көрсетеді. Алайда білім беру мекемелері білім жүйесінің ұйымдық құрылымының бірін ғана құрайды, талдауды олардан бастаудан гөрі оның формальды ұйымдық құрылымына қатысты бірінші болып саналатын жүйешілердің жиынтығын бастаған жөн. Солардың бірі функционалды жүйешелер. Егер де қазіргі мектептің немесе университеттің құрылымына жүгінетін болсақ мұның өмір сүруі және білім институттарының әрекетіндегі маңызды рөлі ешбір дау тудырмайды, таза оқу бөлімдерімен қатар (сыныптар, дәрісханалар мен зертханалар) жекелеген мекемелерде және жалпы білім жүйесінде міндетті түрде басқа да бөлімшелері болады. Олар өздерінің маңыздылығы жағынан соңғы қатарда тұрған жоқ, оларда оқу үрдісінен де тіптен жиірек үлкен маңыздылық беріледі.
Білім беруде келесі функционалды жүйешелерді бөліп көрсетуге болады:

  • Әр деңгейдегі басқару және үйлестіру (мектеп дирекциясы, білім берудің аумақтық органдары, жоғары оқу органдарының ректораты, министрлік және т.б.);

  • Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі (күрделі құбылыс, оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету және т.б.);

  • Қызметтің ғылыми негіздерін жасауға, соның ішінде білім негіздерін дайындауға жауапты жүйе (салалық ғылыми-зерттеу институттары,

кафедралар, әдістемелік бірлестіктер және т.б.);

  • Мамандар дайындау және олардың білімін көтеру жүйесі (педагогикалық колледждер, факультеттер және жоғары оқу орындары, педагогикалық шеберлікті көтеру орталықтары және т.б.);

  • Оқу-тәрбие қызметінің жүйесі (білім беру үрдісі және оның тікелей жабдықталуы - оқу сыныптары, зертханалар, кітапханалар және т.б.);

  • Әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, рекреация жүйесі (мекеме ішіндегі рекреативтік зоналар, балалардың денсаулығын жақсарту

лагерьлері, профилакторийлер және т.б.);

  • Әлеуметтік-мәдени даму жүйесі (балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталықтары, студенттік клубтар, сабақтан тыс жұмыс бөлімі, ведомстволық мұражайлар және т.б.);

  • Білім жүйесін дамытуға қатысатын қоғамдық бірлестіктер

(кәсіподақтар, студенттік одақтар, ата-аналар комитеттері және т.б.)37;
Бұл жүйешелерде көбіне көп білім алып (оқу-тәрбие) қызметі үшін нормативтер жасалынады және соңғыға бақылау орнату функциясы шоғырланады. Осы аталған жүйешелердің көпшілігі оқу үрдісін сыртқы институттармен және қоғам салаларымен (экономика, техносала, мемлекеттік идеология, саяси мәдениет, қоғамның басым мәдениеті және оның субмәдениеті және т.б.) өзіндік ерекшелікпен байланыстырады, сыртқы институттар құндылықтары мен қатынастарының оқу үрдісіне қажетті енулерін қамтамасыз етеді. Сондықтан оқу үрдістері мен қатынастары сыртқы күштердің және стереотиптердің күшті ықпалына түседі, мысалға, бюрократия стереотиптерінің, тұрмыс, еңбек тазалығы мен демалыс мәдениетінің, техникалық мәдениеттің ықпалын айтса да жеткілікті.
Жоғарыда келтірілген жүйешелер көпшілігінде формальды ұйымдар сипатында болады. Олардың ішкі тік және көлденең байланыстары бар, олардың жиынтығы ведомстволар мен мекемелердің кең жүйесін құрайды.
Білім мекемелері білім жүйесіндегі салыстырмалы түрдегі өз алдына жеке құрылымды көрсетеді. Алайда олар өз кезегінде бірнеше негіздер бойынша құрылымдарды құрайды:

  • білім беру деңгейі бойынша (мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары, дипломнан кейінгі және т.б.);

  • стандарттаудың және біліми табыстарды құжаттандырудың сипаты бойынша (еркін тыңдаушылар үшін мекемелер, алған сертификатына қарай

білім беру және т.б.);

  • меншіктік формасы мен мекемелердің жататын ведомстволары бойынша (жеке меншік, мемлекеттік, муниципиальдық, қоғамдық бірлестіктер);

  • мекемелердің азаматтық ұйымдастырылуы сипаты бойынша (ашық, жабық және т.б.);

  • білімдік дайындықтағы жетекші пәндердің бағыты бойынша (жалпы білім беретін, арнайы, кәсіби және т.б.);

  • білім беру үрдісін ұйымдастыру формасы бойынша (күндізгі, сырттай, дистанциялық және т.б.);

  • білім дамуының типі бойынша (коррекциялық, мүгедектер үшін, көпшілікке арналған, элиталық, интенсивті);

  • «нормальды» және балама (жетекші мәдени тұжырымдамалар мен педагогикалық технологиялардың сипаты бойынша)38.

Әлеуметтанушылардың әдеттегі көңіл аударатын білім беру мекемелерінің алуан типтілігі салалықпен және деңгейлікпен ғана шектеліп қалмайды. Жоғарыда айтылғандардың бәрі нақты білімдік қауымдастықтардың және олардың өкілдерінің әлеуметтік-құқытық және әлеуметтік-экономикалық қоғамдық жүйедегі жағдайын сипаттап қана қоймай, сонымен бірге білім беру үрдісінің ішкі әлеуметтік ұйымдасуына әсер береді. Сондықтан мекемелердің объективті әлеуметтік типтелуі білім жүйесі құрылымының маңызды элементі болып есептеледі.Формальды ұйымдармен немесе мекемелері күйінде беріліп жоғарыда келтірілген құрылымның екі түрінен ерекшеленетін білім жүйесінде қалыптасқан қызметтік және процессуальді (іс жүргізу) сипатындағы айрықша құбылыстар бар, олар көбіне көп бір-бірімен синтезден байқалады, бірін-бірі толықтырады. Сондықтан оларды функционалдық салаға жатқызуға болады.
Бұл салалардың дербестігі көп жағдайда салыстырмалы түрде ғана. Олардың мекеме мәртебесін иеленбеуі де немесе қайсыбір ерекше формаларының болмауы да мүмкін (мысалы, сабақ формалары). Алайда, мақсатты қызметте олар қисынды ерекшеленген және білім берудің жүзеге асыратын мақсаттарына сәйкес немесе жағдайға байланысты бір-бірімен үйлесуі ескеріледі, қолданылады.
Білім берудің негізгі функционалдық салаларына мыналарды жатқызуға болады:

  • өз бетінше білімін көтеру (индивидтің көбіне-көп өзі жасайтын және ұйымдастыратын) және білім беру (мекеме, сыртқы жүйе ұйымдастыратын);

  • көпшілікке, топқа және жеке адамға арналған білім беру;

  • интелектуалдық, гуманитарлық (адамгершілік, саяси, эстетикалық), политехникалық (еңбек,кәсіби), жаратылыстану ғылымдары, физикалық білім);

  • іргелі-ғылыми және қолданбалы білім39.

Білім әлеуметтануының міндеттеріне осы салалардың әлеуметтік себептерін және олардың қажетті ресурстарымен қамтамасыз етілуін, бұл салалардың оқу үрдісін ұйымдастырудағы рөлі мен орнын, олардың алдыңғы қатарлы білім технологиясының мақсаттары мен құралдарына сәйкестігін, олардың оқыту практикасындағы нақты арақатынасын зерттеуді енгізуге болады. Сөйтіп жеке адам мен көпшілікті оқыту формасының нақты арақатынасы, жас мөлшерімен және әсіресе көпшілікпен элитарлық білім арасындағы айырмашылықтарды сараптауға қатысты жалпы білім берудің ішкі мамандануының әлеуметтік негізділігі, білімнің көлемі өзекжарды мәселе болуы мүмкін.
Білім беру жүйесінде индивидтердің және топтардың жіктелуіне сол қоғамда орныққан кешенді әлеуметтік (экономикалық, демографиялық, мәдени және құқықтық) өзгерістер себепші болып отыр. Мұндай жіктелудің негізделуін шетелдік әлеуметтанушылар көбіне-көп жекелеген топтардан: орта мектепті бітірушілерден, студенттерден, мұғалімдерден іздестіруде. Шындығында жіктелу аса күрделі сипатта жүреді және оның негізделуі сол қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік теңсіздік жүйесімен ғана емес, сонымен қатар білім жүйесінің өзіндік құрылымының ерекшеліктерімен де байланысты болады.
Білімдік қауымастықтарды қалыптастыру үшін және қисынды ерекшелеу үшін жетекші өлшем болып білім қызметінің түрлері және соған сәйкес білім жүйесіндегі әлеуметтік мәртебелері саналады. Осы өлшем тұрғысынан алғанда жалпы оқушылар мен оқытушылар топтары ерекшеленеді. Алайда, бұл бөліну әр кезде созылмалы болған және соңғы үақытта біржақты болудан қалып барады.
Қазіргі қоғамда мұғалімнің өзі, көп жағдайда, бүкіл кәсіби ғұмыры барысында оқушыға айналып кеткен.
Білім беру үрдісінде негізінен әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-кәсіби қауымдастықтар өзара әрекет етеді.
Тұрақталған мәртебелік құрылымды кәсіби қауымдастықтар қалыптастырады. Қоғамдық білім беру жүйесіндегі индивидтердің формальды функционалдық қызметі кез келген бюрократиялық ұйымдағы сияқты, көбіне индивидтердің ұстанымдарының иерархиялық ұйымдастырылуына байланысты.
Қәсіби қауымдастықтар өзара байланысқан бірқатар негіздері бойынша жіктеледі:

  • қызмет лауазымы бойынша (басқарушы-бағынушы, негізгі-қосалқы

және т.б.);

  • арнайы кәсіби бағыттары бойынша (физиктер, гуманитарлар, биологтар және т.б. пәндік мамандану);

  • біліктілік деңгейі боынша (академиктер, профессорлар, доценттер, ассистентер және т.б.);

  • олардың білім беру жүйесінің салалық және деңгейлік құрылымында

1.
алатын орны бойынша (әртүрлі типтегі мекемелерінің кіруі)
Әлеуметтік-демографиялық белгілер де білімдік қауымдастықтарды қалыптастырудың маңызды негізгі қызметін атқарады. Оған мына фактілерді айтуға болады:

  • қалаларда жоғары деңгейлердегі формальды білім берудің әлемдік көлемде шоғырлануы;

  • формальды білімге жастардың жаппай тартылуы;

  • білім жүйесіндегі кәсіби-лауазым мәртебесінің адамның жасына және жынысына тәуелді болуы;

  • педагогикалық кадрларда феминизация ағымының тұрақтылығы1.

Білімнің құнды-мазмұнды құрылымы білім жүйесіндегі дамыған кәсіби және әлеуметтік, нақты интелектуалдық құндылықтардың мазмұны туралы түсінік береді. Оның элементтері стандартты кешендер мен академиялық пәндерден, оқу жоспарларынан ғана тұрып қоймайды, стандарттан шығып кететін оқытушының кәсіби қызметінің индивидуалдық сипатына байланысты болатын оқу үрдісінің нақтылы құнды мазмұнынан да тұрады.
Білімнің құндылық мазмұнын талдау білім жүйесіндегі қабылданған әлеуметтік-мәдени типтерді ұқсастыруға мүмкіндік береді.
Білімнің технологиялық құрылымы қолданылатын білімдік технологиялардың жиынтығын қамтиды. Ол алуан түрлі нақты әдістемелерден, арнайы әдістерден, техникалық құрамдардан және әлеуметтік-ұйымдық технологиялардан тұрады.
Сайып келгенде, білім жүйесінің құрылымын функционалдық жүйешелер мен білім салаларының арақатынасы, әлеуметтік-білімдік қауымдастықтардың сипаты мен өзара әрекеті, сондай-ақ білімдік қызметтің құндылықты мазмұндары мен тәсілдері анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет