2.Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.Әлеуметтік білім – теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады.
Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, µмірді жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер – нақтылы құбылыстар мен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарларды алумен байланысты.Ал, бұл мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді қолдану арқылы іске асырылады. Ал теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістері арқылы іске асырылады.
Әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар – мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуінің, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:
1. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұның зерттейді.
2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын – экономикалық, саяси, рухани, т. б. салаларын, әр бір салада жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесінде алатын орны мен байланысы туралы білімдер болу керек.
4. Саяси әлеуметтануға кіретін алуан түрлі ғылыми түсініктер, ой пікірлер, теориялар. Бұған жататын зерттеу объектілері:
а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;
ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;
б) қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, қызметі және функциясы туралы;
5. Әлеуметтік институттардың қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қорытындылар;
6.Жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.
Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процестерді терең талдап, кең қорытынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік білімнің үш негізгі деңгейі бар:
а) жалпы әлеуметтану теориясы;
ә) эмпирикалықәлеуметтану;
б) орта деңгейтеориялары.
Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмперикалық зерттеулер деп екіге бөледі. Әлеуметтану жоғарыда айтылған тарих, философия, саясаттану ғылымдарымен қатар математика, статистика, логика, лингвистика сияқты жаратылыстану ғылымдарымен де байланысты. Олар қолданатын эксперимент бақылау сияқты әдістерді пайдаланады.
Құрылымы:
1) мазмұнына қарай: а) эмпирикалық – белгілі бір социлогиялық әдңстермен соиалогиялық зерттеулер жүргізу б) теориялық әртүрлі көз-қарастар, гипотезалар, модельдер жасау арқылы әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру в) методологиялық социологиялық білімді жинау топтастыру және қолдану үшін пайдаланатын принциптерді негіздеу.
2) мақсатына қарай а) фундаментальды (іргелі немесе академиялық) теориялық білімді дамыту б) қолданбалы социология - практикалық міндеттерді шешеді.
3) Зерттеу аумағына қарай макро және микро социология болып бөлінеді. Біріншісі ірі әлеуметтік бірлестіктер, этностар, мемлекет сияқты әлеуметтік институттарды зерттейді. Микро социология жеке тұлғалар шағын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды қарастырады. Сонымен социология қоғамда әлеуметтік бақылаушы рөлін атқарып, оның барлық салаларының (экономикалық, саяси, мәдени) ықпал етеді. Социология жеке адам өмірімен қоіамдық проблемалардың арасындағы байланыстыратын көпір секілді. Ол әрбір адамға өз өмірін жалпы тарихи процессте көруге мүскінді береді. Социология саяси, экономикалық, мәдени дағдарыстардан шығуға ең оптимальды (тиімді) модельдерді ұсынатын ғылым.