Әлеуметтанулық зерттеулер бір бірімен тығыз байланысты, бірін бірі алмастырып отыратын, ұйымдастыру жағынан автономды болып табылатын кезеңдерден тұрады:
Бағдарлама зерттеудің әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру техникалық мәселелерін толық анықтайтын негізгі ғылыми құжат. Бағдарлама қарастырылатын проблеманы, зерттеудің мақсатын, міндетін, зерттеу нысанын, пәнін дәл анықтап, алдын ала талдаулар жүргізуге, болжамдар жасауға, қолданылатын ұғымдардың түсініктемелерін беріп, оларды тексеруден өткізуге мүмкіндік беруі қажет. Бұлардың барлығы бағдарламаның әдіснамалық бөлімінде ашылуға тиісті.