Сипаттамалық зерттеулер: құбылыстар мен үрдістердің құрылымын,түрлерін, сипатын анықтау мақсатында жүргізіледі. Сипаттамалық зерттеулердің объектісі әртүрлі әлеуметтік сипаты бар адамдардың үлкен топт
Сипаттамалық зерттеулер: құбылыстар мен үрдістердің құрылымын,түрлерін, сипатын анықтау мақсатында жүргізіледі. Сипаттамалық зерттеулердің объектісі әртүрлі әлеуметтік сипаты бар адамдардың үлкен топтары.
Сараптамалық зерттеулер: әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің құрылымдық элементтерін сипаттаумен шектелмей, олардың себептерін, үрдіске араласқандардың тәртібін, объектіге жаңа сипат, қасиет беретін факторларды ашуға бағытталған.
Мәліметтерді жинау әлеуметтанулық зерттеудің ең басты міндеті. Қазіргі заманғы әлеуметтануда әртүрлі варианттарда қолданылатын эмпиристік әдістердің көптеген түрлері қалыптасты. Олардың біразын әлеуметтанушылар, этнографтардан, статистикадан, психологтардан қабылдап, бүгінде олар әлеуметтану ғылымының зерттеу арсеналына айналды. Қоғамдағы әлеуметтік үрдістер мен құбылыстар туралы фактілер жинақтаудың кеңінен тараған әдістерінінің қатарына: бақылау, сауалнама, сұхбат, құжат талдау, эксперимент талдау.