«Әлеуметтік экономикалық жоспарлау» курсы бойынша СӨжо өткізу формалары



бет3/32
Дата06.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#30508
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.
«Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» курсының ерекшеліктері СӨЖ формаларының кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:

  • оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

  • семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

  • белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

  • реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;

  • курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

  • аса жоғары есептерді шығару;

  • статистика мәліметтерін талдау;

  • кәсіпоын іс - әрекетін модельдеу;

  • топтық жобаға қатысу;

  • таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

  • глоссарий жасау;

  • тақырып бойынша шолу жасау.

Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:
Тақырып бойынша шолу жасау – бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.
Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.
Реферат, СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады.
Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.
Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.
Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.
Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.
Мақсаттар бұтағын құру – ол үшін тыңдаушыларға тақырыпты таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейлердегі тапсырмалар мен жоспарларды анықтау, осы мақсаттарға қол жеткізуде кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдарын анықтау, жұмыс сапасының өлшеуіштері мен тапсырманы бақылау формаларын таңдау ұсынылады.
Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез – келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықтықызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.
Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.
Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.
Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша)– топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.
Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет