Қазіргі батыс әлеуметтануының қазіргі социологиялық жағдайын түсіну және оның даму перспективасын айқындау үшін парадигма түсінігі қолданылады. «Парадигма» түсінігі белгілі уақыт барысында ғылыми қауымдастыққа мәселелерді айқындау мен оларды шешуде моделін ұсынады және бәрімен танылған ғылыми жетістіктерді білдіреді. Барлық ғылымдардың дамуы бұрынғы парадигмалардың жаңалармен алмастырудың революциялық үрдісін белгілейді.

Американ зерттеушісі Джордж Ритцер қазіргі батыс әлеуметтанудың үш негізгі парадигмасын белгілейді: Құрамына құрылымдық функционализм мен әлеуметтік шиеленістердің концепциялары кіретін фактуалистік парадигма. Дефиционистік парадигманы, оған символикалық интеракционизм, феноменологиялық социология, этнометодология. Бихевиоризмнің әлеуметтік парадигмасын (әлеуметтік айырбас концепциясы және бихевиористік социология).
Бірінші парадигма («әлеуметтік фактілердің» парадигмасы) әлеуметтік шындықты әлеуметтік фактілердің екі тобына – әлеуметтік құрылымдарына және әлеуметтік институттарға түйістіреді.
Екінші парадигма – «әлеуметтік дифференциялардың» парадигмасы – әлеуметтік фактілерді оқуға емес, оларды анықтайтын тәсілдерді оқуға негізделген. Зерттеу объектісі болып ішкі және субъектаралық және әрекет нәтижесі ретінде болып табылады. .
Үшінші парадигма – «әлеуметтік тәртіп» парадигмасы. Әлеуметтік бихевиористер ойынша, алғашқы екі парадигмалар метафизикалық болып келеді. Өйткені олар жалғыз әлеуметтік шындықты көрсететін адам тәртібін байқамайды.
Екі кезеңнің келесі парадигмастикалық ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады. Марксті, Дюркгеймді, Веберді және т.б. біріктірген классикалық социологиялық көзқарас, ол «экономикалық адам» түсінігіне, яғни еңбек адамына және тұтынушы адамға негізделген. Қазіргі батыстық социологиялық ойлау «ақпаратты адамды», «постиндустриялық қоғамды», яғни еңбек пен тұтыну құныдылықтары орнына, басты мәдениет құндылықтары болған адамдарды оқуға негізделген.