қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты
дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап
Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ"
түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині
1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың
ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба
ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі.
Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына
береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ"
терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі
бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп
уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери
жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.