Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайдағы әлеуметтік қорғау Мүгедектерді оңалту (медициналық, әлеуметтік, кәсіби) және әлеуметтік қатерлердің алдын алудың жеке бағдарламаларын дамыту олардың әлеуметтік, еңбекке бейімделу жүйесін құруға, мүгедектердің қоғамға кірігуіне көмек көрсету шаралары қабылданатын болады. Еңбек етуге қабілетті жастағы азаматтардың мүгедектік дәрежесін бағалауда тіршілік әрекетінің шектелуін бағалаудан еңбек ету қабілетінің шектелуін бағалауға көшу қарастырылады. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мен медициналық-әлеуметтік сарапшылық комиссияларының еңбек ету қабілетін айрылу деңгейін айқындаудағы жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Асыраушысынан айрылу жағдайында әлеуметтік қорғау Асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмыс берушінің кінәсінен қайтыс болған жағдайларды қоспағанда, мемлекет барлық азаматқа жүйеге қатысуымен байланыстырмай, әлеуметтік қорғауды жәрдемақылар түрінде бірдей деңгейде ұсынуға кепілдік береді.
Қартайған кездегі әлеуметтік қорғау Халықты, ең алдымен ауыл тұрғындарын пошта-жинақ қызметінің, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың және басқа институттардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен қамтуды кеңейту жөнінде шаралар көзделіп отыр. Зейнетақы активтерін сақтауды қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражатын әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялау кезінде қатерлерді әртараптандыру тетігін реттеу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ережелерін насихаттау мен түсіндіруді жандандыру қарастырылып отыр. Зейнетақы төлемдерінің тәсілін жетілдіру жалғастырылады. Аннуитеттік зейнетақы төлемдері рыногын енгізу, оның ішінде ерлі-зайыпты жұптардың бірлескен аннуитеттерді сатып алуын ынталандыру жөнінде шаралар ұсынылатын болады. Мемлекеттік емес және мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтық мәртебесін теңестіру және уәкілетті органның талаптарына сәйкес болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы активтерін қаржы құралдарына дербес инвестициялау құқығын беру мақсатымен қолданыстағы зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізіледі.