Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін басқару пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0301000-



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,65 Mb.
#27990
түріСабақ
  1   2   3
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

№1 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін басқару пәні бойынша дәрістік жинақ

Мамандығы: 0301000-«Емдеу ісі»

Біліктіліктері 0301013- «Фельдшер»

Курс: 4


Семестр: VII

Қүрастырушылар:

Оқытушы: Есенбаева Ә.Н.

Шымкент, 2013 ж.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді.

«____»_____________

№ «____» хаттама

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Бөлешов М.Ә.

1 сабақ


  1. Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ұйымдарының теориялық негіздері. Әлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтау ұйымының теориялық негіздері. Медициналық статистика, статистикалық зерттеу әдістері. Халық денсаулығының көрсеткіштері. Халықтың физикалық дамуын зерттеу әдістері.

  2. Сағат саны: 6 сағат

  3. Сабақ түрі: дәрістік сабақ

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Әлеуметтік гигиенаны дамыту және денсаулық сақтау ұйымының тарихы

  • тәрбиелік: ҚР-дағы экономикалық реформалау жағдайындағы денсаулық сақтау жүйесін дамыту келешегі.

  • дамыту: Алғашқы медицина- санитариялық көмек көрсетуді бағдарлау.

  1. Оқыту әдісі: Дәрістік материалды пайдаланып, арнайы қосымша әдебиетті қолданып оқушыларға дәріс беру.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кесте,

в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Общественное здоровье и здравоохранение: учебник. 3-е изд,. Перераб. И доп. Медик В.А,. Юрьев В.К.-М,. 2010.-288 с.

  2. Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие.-М,. 2010.-144 с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие. Медик В.А. и др.-М,. ГЭОТАР-Медиа, 2010.-144 с.

2. Организация и оценка качества лечебно-профилактической помощи населению: учебное пособие/ под.ред. В:З. Кучеренко.-М., 2008-560 с.

3. Основы маркетинга. Лебедев О.Т., Филипова Т.Ю.-М., 1995 с.

4. Руководство по статистике здоровья и здравоохранения. Медик В.А.-М., 2006.-528 с.


  1. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

  1. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут

  • ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру




  1. Жаңа сабақты түсіндіру 245 минут

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1948 жылы «денсаулық - ауру немесе физикалық кемшіліктердің жоқтығы ғана емес, толық физикалық, рухани және әлеуметтік амандық жағдайы» ден сипаттады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «денсаулықтың жоғарғы дәрежесін меншіктену бұл әрбір адамның негізгі құқықтарының бірі» деген қағиданы жария етті. Денсаулықты зерттеудің 4 дәрежесі белгілі:

1-ші дәреже — жеке адамның денсаулығы.

2-ші дәреже — кіші немесе этникалық топтар денсаулығы — топтық денсаулық.

3-ші дәреже— халық денсаулығы, яғни белгілі бір әкімшілік-териториалдық бірлікте (облыс, қала, аудан және т.б.) тұратын адамдар денсаулығы.

4-ші дәреже – қоғамдық денсаулық — қоғамның, мемлекет континент, әлем тұрғындарының денсаулығы.

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау — әлеуметтік факторлар мен қоршаған ортаның шарттары халық денсаулығына әсерін зерттейтін және халықтың денсаулық дәрежесін көтеру мақсатында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруды нығайтуды әлеуметтік факторлардың кері әсерін болдырмау немесе алдын алуға бағытталған, ғылыми дәлелденген нұсқауларды жасайтын ғылым. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау халық денсаулығын қорғау аймағында әр түрлі медициналық аспектілерді, әлеуметтік, экономикамық, басқарушылық, фәлфәфиялық мәселелерді зерттейді.

Әр түрлі клиникалық пәндерге қарағанда қоғамдық денсаулық жеке дараның денсаулығын қарастырып қоймай, ұжым, әлеуметтік топ және қоғамның денсаулығын әлеуметтік шарттармен өмір салтымен байланыстыра отырып зерттейді. Физика, химия, биология аясындағы заманауи ұлы жаңалықтар, XX ғ. Тұрғындар урбанизациясы, өнеркәсіптің құрлыстың тез дамуы экологияны өзгертуде, бұл өз әсерін тұрғындар денсаулығына тигізіп әр түрлі аурушаңдықты тудырады. Ал бұндай аурушаңдық эпидемиологиялық болып кетуі мүмкін. .

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзіндік әдістемесі мен зерттеу әдістері бар. Олар статистикалық, тарихи, экономикалық, тәжірибелік, социологиялық хронометраждық зерттеулер және т.б. әдістер.



Статистикалық әдіс коптеген зерттеулерде кеңінен тараған. Ол тұрғындар денсаулығының дәрежесін, емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысының эффективтілігімен сапасын объективті анықтауға мүмкіндік береді.

Тарихи әдіс зерттелетін мәселенің мемлекет дамуындағы әр түрлі тарихи кезеңдерде бақылап отыру мүмкіндігін береді.

Экономикалық әдіс экономиканың денсаулық сақтауға және денсаулық сақтаудың мемлекет экономикасына әсерін орнату, халық денсаулығын эффективті қорғау үшін мемлекеттік қаржыны жұмсаудың тиімді жолдарын анықтау мүмкіндігін береді. Медициналық мекемелердің және денсаулық сақтау органдарының қаржыландыру қызметтерін жоспарлау, бөлінген қаржыны тиімді жұмсау, тұрғындарды сауықтыру мақсатында денсаулық сақтау қызметінің эффективтілігін және сол қызметтің мемлекет экономикасына әсерін бағалау – осының бәрі денсаулық сақтау аясындағы экономикалық зерттеулерді құрайды.

Тэжірибелік әдіс медициналық мекемелердің, денсаулық сақтаудың жеке қызметтерінің зерттеулердің жаңа және тиімдірек түрлері мен әдістерін іздеуге арналған тәжірибелерді жасауды қарастырады.

Зерттеулерде айтылған әдістердің көбісі кешен ретінде қолданылатынын атап кеткен жөн. Мысалы, егер зерттеуде тұрғындарға амбуларотлы-поликлиникалық көмек көрсету дәрежесін және оны толық жетілдіру жолдарын зерттеу міндеті тұрса, онда статистикалық әдіспен тұрғындар сырқаттылығы, поликлиникалық мекемелерге өздігімен келуі зерттеледі, тарихи әдіспен оның динамикасы, әр түрлі кезеңдердегі дәрежесі сарапталады. Тәжірибелік әдіспен поликлиника жұмысына ұсынылған жаңа түрлері сарапталып, оның экономикалық мақсатқа лайықтылығы мен эффективтілігі тексеріледі.

Зерттеуде хронометражды әдістер қолдану мүмкін (медициналық қызметкерлер жұмысының хронометриясы, аурулардың медициналық көмекті алу үшін уақыт шығынын сараптау және т.б.).

Экспертік бағалау әдісі медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын зерттеу және жоспарлау үшін кеңінен қолданылады. Бұл өте маңызды әдіс және оны ұмытпау керек.

Социологиялық әдістер (интервью ұйымдастыру, анкеталық әдістер), зерттеу объектісі немесе үрдісі туралы адамдар тобының жалпы ойын білу мүмкіндігін береді, бұл әдісте жиі қолданылады.

Негізгі ақпарат көзі болып мемлекеттік және емдеу-алдын алу мекемелерінің тіркеу-есеп беру құжаттары болып табылады; толығырақ зерттеу үшін материал арнайы жасалынған карта немесе анкеталарға жиналу мүмкін, онда бекітілген зерттеу бағдарламасына сай зерттеушінің алдына қойылған міндеттерді қамтитын барлық сұрақтар кіреді. Ол үшін зерттеуші алғаш тіркелген құжаттарды арнайы бағдарлама бойынша керекті мәліметті компьютерге енгізеді.

Бұл пән денсаулық сақтау стратегия және тактикасы туралы ғылым. Қоғамдық денсаулықты зерттеу негізінде бұл ғылым мыналарды өңдейді:

1. Ұйымдық ұсыныстар;

2. Медика- әлеуметтік ұсыныстар.

Бұл ұсыныстар қоғамдық денсаулық дәрежесін жоғарлату және медициналық қөмек сапасын арттыруға бағытталған.

Пән мақсаты тұрғынар денсаулығын қорғау, дәрежесін жоғарлату және медико-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру өңдеулері, ғылыми негізделген стратегиялық және тактикалық ұсыныстарды қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау заңдылықтарын оқытады

Ғылым және пәннің негізгі міндеті әлеуметтік ортаның адам денсаулығына әсерін терең зерттеу және қоршаған ортаның кері әсерін жоюдың эффективті шараларын өңдеу. Сонымен қатар, әлеуметтік ресурстарды максималды түрде қолдана отырып денсаулыққа жағымды факторларды зерттеу және өңдеу өте маңызды.

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау пәннің тағайындауы: сауықтандыру, сонымен қатар жағымсыз әлеуметтік факторлардың және шарттардың тұрғындар денсаулығына әсерін зерттеу, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін әлеуметтік факторлардың және шарттардың алдын алу немесе жоюға бағытталған ғылыми негізделген нұсқауларды өндіру.

Пәннің әдістемелік базасы әдістердің кеңдігімен көптігімен ерекшелінеді, олар тек өзіндік ғана бола қоймай басқа да ғылымдардан алынған: социология, математикалық статистика, эпидемиология, әлеуметтік психология, экономикалық пәндер, басқару ғылымдары, информатика және басқа да медициналық ғылымдар.

Бұл ғылым және пән қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау туралы заңдылықтарды қамтиды. Оның басты тағайындауы - қоғамдық денсаулық дәрежесін және медициналық көмектің сапасын жоғарлату мақсатында денсаулық сақтауды ғылыми негізделген, эффективті басқару.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат


принциптері.

      1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаты:

1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық және дәрілік көмек алу құқығының теңдігін қамтамасыз ету;

2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жаппай қамтамасыз ету;

4) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;

5) медициналық және дәрілік көмектің қолжетімділігі;

6) медициналық және дәрілік көмек сапасын ұдайы арттыру;

7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы қамтамасыз ету;

8) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегі қызметінің сабақтастығы;

9) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;

10) денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені пайдалану:

11) ерікті әрі қайтарымсыз донорлықты көтермелеу;

12) отандық әзірленімдерге және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға мемлекеттік қолдау;

13) денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;

14) азаматтардың денсаулық сақтауға құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы принциптері негізінде жүргізіледі.

Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстың сапалық сандық сипаттамасын көрсеткіш дейді. Сапалық көрсеткіш арқылы құбылыстың белгілі бір жағдайдағы, уақыттағы мәні сипатталады. Сандық көрееткіш, сол сияқты, нақтылы жағдайдағы, мезгілдегі құбылыстың мөлшерін накты және қатысты шамасын көрсетеді.
Түрмыстағы әлеуметтікэкономикалық. құбылыстың өзгеруін, оның заңдылығын, келешігін зерттеу, талдау үшін статистикалық көрсеткіштің мәнін, түрін, қасиетін біліп, дұрыс пайдалану шарт. Философиялық тұрғынан алғанда кврсеткіш заңдылық құбылыстың сапалық. және сандық, көрінісінің сипаттамасы.
Статистика қоғамдық көпшілік құбылысты, өз

Статистикалық динамикалық қатарлар

Динамикалық қатарлар

Уақытқа байланысты қоғамдық құбылыстар үнемі өзгеріп отырады. Осы процестерді зерттеу үшін динамикалық қатарларды құрады. Динамикалық қатарлар деп - уақытқа байланысты құбылыстардың өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштердің уақыт бойынша орналасқан қатарын айтады.


         Динамикалық қатарлар негізгі екі элементтен тұрады:
 уақыт көрсеткіштері – t және қатарлардың деңгейі – У.
Уақыт көрсеткіштері арқылы күн, ай, тоқсан, жыл сияқты уақыт мезгілдері көрсетіледі.
Қатар деңгейі деп құбылыстың шамасын сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы сандық мәнін айтады.
Уақыт көрсеткіштеріне байланысты динамикалық қатарлар мезеттік және интервалды болып бөлінеді.
Мезеттік қатарда қатардың деңгейі құбылысты белгілі бір уақыт мезгіліне байланысты сипаттайды. Мысалы: оқу жылының басындағы студенттер саны, жыл аяғындағы жұмысшылар саны және т.б.
Интервалды қатарда қатардың деңгейі құбылысты белгілі бір уақыт аралығына байланысты сипаттайды.
Зерттелетін көрсеткіштерге байланысты динамикалық қатарлардың мынадай түрлері болады:

  1. абсолютті шамалардың қатарлары;

  2. қатысты шамалардың қатарлары;

  3. орташа шамалардың қатарлары.

Динамикалық қатарларды зерттеу арқылы мынадай міндеттер шешіледі:

  1. зерттелетін құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруі сипатталады;

  2. зерттелетін құбылыстардың динамикасына статистикалық көрсеткіштер жүйесі арқылы талдау жүргізіледі;

  3. динамиканың негізгі даму бағыты (тренд) айқындалады;

  4. маусымдық ауытқулар зерттеледі;

  5. болжам (интерполяция және экстраполяция) жасалады.

Статистикалық мәліметтерді топтастыру

Статистикалық зерттеудің екінші сатысы статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру деп аталады. Жинақтаудың негізгі мақсаты – бақылау нәтижесінде алынған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу болып табылады.

 Статистикалық таратпалы қатарлар

Статистикалық қатарлар зерттелетін құбылыстың құрылымын сипаттайды, жиынтықтың біртекті немесе әр тектілігін, даму заңдылықтарын анықтайды. Статистикалық қатарлардың жіктемесі 3 – суретте көрсетілген.


Динамикалық қатарлар құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін көрсетеді; таратпалы қатарлар зерттелетін құбылыстың құрамы мен құрылымын көрсетеді.
Атрибуттық қатардың негізіне - сапалық белгі; вариациялық қатардың негізіне – сандық белгі алынады.  

Демография (demos – халық, grapho – жазамын) деген екі грек сөздерінен құралған – халық туралы және оның қоғамдық lfves туралы ғылым. Халық туралы мәліметтердің иаңызы өте зор. Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық lfvesy жоспарлау, емдеу, санитарлық. т.б. медициналық мекемелердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сауықтыру шараларын жүргізуге, дәрігерлер мен орта білімді мамандарды дайындау мақсатында пайдаланылады. Екіншіден, демографиялық көрсеткіштер халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерге жатады. Үшіешіден, емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмысын талдауда пайдаланады. Тұрғындар түсінігі – белгілі бір територияда, мемлекетте немесе облыс, аудан, қалада тұратын адамдар тобы. Тұрғандардың негізгі мінездемелерінің бірі денсаулық жағдайы болып табылады.

Жалпы демография (ерекше экономикалық) және әлеуметтік медицинаның қиылысуында аралас ғылым аймағы - медициналық демография пайда болды. Медициналық демография аймағындағы маманы, белгілі ғалым, профессор М.С. Бедный (1984) жылы «медицин­ская демография — халық денсаулығының жағдайы мен оың өзгеру тенденцияларына әсер ететін тұрғындар популяциясы мен әлеуметтік және табиғи факторлардың байланысын зерттейтін ғылым» деп жазды.

Тұрғындардың статистикалық зерттеуі екі негізгі бағытта жүргізіледі:

1. Халық статикасы.

2. Халық динамикасы.



Халық статикасы – бір уақытқа сәйкес халық санын білу, яғни халық санын бір тұрақты қалыптында жыныс, жас, әлеуметтік, топтық, кәсіби және қызметі, үйелмендік жағдайын сипаттау. Сонымен қатар ұлты, ана тілі, мәдениеттілік деңгейі, сауаттылығы, білімі, туған жері (қала, ауыл), географиялық орналасуы және тығыздығы анықталады.

Халық динамикасы – қозғалыс және халық санының өзгерушілігін зерттеу. Халық санының өзгерушілік себебі халықтың механикалық қозғалысы немесе халықтың табиғи өзгеруі болуы мүмкін.

Халық саны мәселесі Қазақстан үшін ерекше маңызды. Тұрғындар тығыздығы жалпы республика бойынша бір шаршы киллометрге 5,5 адамды құрайды. Мысалы, Қытайда бұл қөрсеткіш бір шаршы киллометрге 140 адамды құрайды.

Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы 1-ші қаңтарда мемлекет тұрғындарының саны 15 394,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық тұрғындар - 8838,1 мтң (57,4%), ауыл тұрғындары – 6 556,5 мың адам (42,6%), ал 2008 жылы 1-ші қаңтарда - 15 565 647 адам, соның ішінде қалалық тұрғындар 8 230 319 (52,8%); ауыл тұрғындары 7 335 328 (47%).

2010 жылы 1-ші қаңтарда республика тұрғындарының жас құрамы былай құралды: жалпы халық санынан 15 жасқа дейінгі балалар 24% (24,2), 15 пен 65 жас аралығындағылар – 68,2% (68,0), 65 жас және жоғары жастағылар –7,8%. 2009 жылы 1-ші қаңтардағы көрсеткіштермен салыстырғанда 0 ден 15 жасқа дейінгі балалар саны 0,2%, 15-64 жас арасындағылар саны 1,5%, 65 жас және жоғары жастағылар саны 1,2% өсті.

Қазақстанда гендірлі ассиметрия - әйелдердің сандық басымшылығы орын алды. 1000 ер адамға 1078 әйел келеді. 2010 жылы 1-ші қаңтарда жалпы халық санынан ерлер саны 7407,8 (7324,8) мың адамды, немесе 48,1%, ал әйелдер саны 7986,8 (7894,5) мың, немесе 51,9% құрады. 15-64 жас аралығындағы әр 100 әйелдің өліміне осы жас тобындағы 246 ерлер өлімі келетіні бұл жағдайды ұлғайта түседі.

15-64 жас аралығындағы ерлер өмірінің қысқаруы стресске алып келетін заманауи әлеуметтік-экономикалық факторлардың бір қатар мәселелеріне байланысты.

Республикада 2010 жылы халықтың табиғи өзгеруі 157 891 адамды құрады. Халықтың табиғи өзгеруінің жалпы коэффициенті 2010 жылдың 1-ші қаңтарда 1000 тұрғынға 10,2 адамды құрады.

Мемлекетте 2001 жылы қаңтар-желтоқсанда өлім-жітім саны 158931 адамды құрады, соның ішінде, қалалық тұрғындар 92881 және 66050 ауыл тұрғындары. Бұл кезеңде 90760 ер және 68171 әйел, немесе 133 ер 100 әйелге қайтыс болды. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,3 өлгендерді құрады.

2010 жылы қаңтар-желтоқсанда мемлекетте 1 жасқа дейінгі сәбилердің 4561 өлімі тіркелді, соның ішінде ер балалар - 2701 және қыздар - 1860. Сәби өлімінің коэффициенті 1000 тірі туылғанға шаққанда 14,5 өлімді құрады. Сәби арасындағы өлімнің негізгі себебі перинаталды кезеңде пайда болған күй-жағдайлар. Сол себептен 2010 жылы қаңтар-желтоқсанда 2169 сәби, немесе барлық сәби өлімінен 47,6% құрады.

Демографиялық жағдайды жақсарту ролі денсаулық сақтауға байланысты. Тұрғындар миграциясы 2010 жылы қаңтар-желтоқсанда 10878 адамды құрады, соның ішінде ТМД елдерімен - 2989. Республикаға келгендердің саны 53309 адамды, ал шыққандардың саны - 42431 адамды құрады.

Қазақстанға келгендердің арасындағы қазақтардың ара салмағы 78,2%, орыстардың - 12,5%, немістердің - 1,0% құрады. Қазақстан шекарасынан тыс шыққандар арасында орыстар 69,5%, немістер - 7,1%, қазақтар - 5,3% құрады.

Статистика көрсеткіштері бойынша 15 пен 29 жас аралығындағы жастар саны Қазақстан тұрғындарының бүкіл санының 28% құрайды. Жастарға ересек қоғамның барлық мәселелері тән. Соның ішінде жұмыссыздық, жастар арасында ересектерге қарағанда 2 есе артық, ауыл жастарының қала жастарымен салыстырғанда кедейлік, жалпы құқықбұзушылық статистикасындағы жастар арасындағы қылмыстың өсуі.

Демографиялық сұрақтарды шешетін экономикалық ынталандыруды сипаттай отырып, Қазақстанда сәбилерге арналған тауарлар мен азық-түлік өндірісінің жоқтығын айта кеткен жөн. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі демографиялық мәселелерді шешуге бағытталмаған. Сонымен қатар, мемлекетте мектепке дейінгі дайындық мекемелерінң жетіспеушілігі орын алды. Бұл мәселе әйелдің, ананың еңбек потенциалын іске асыруына жол бермейді.

Бүгінгі таңда тұрғындардың туу көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалуда. Бұл жағдайды кейбір зерттеушілер демографиялық кризисінен шығудың басы деп бағалайды.

Қызіргі таңда Қазақстанда туу көрсеткіштері жоғарылауда, жыл сайын 300 мың сәби дүниеге келіп жатыр. Ал бірақ, жалпы тұрғындар саны, 1989 жылы өткен халық санағымен салыстарғанда, азайып отыр. Қазақстанға келіп қоныстанған жарты миллион иммигранттар демографиялық жағдайды жақсарта қойған жоқ. 1989 жылы өткен халық санағының көрсеткіштері бойынша Қазақстанның тұргындар саны 16 199 154 кұрады, ал қазіргі таңда халық саны 15 565 647 құрайды.

Демографиялық жағдайды жақсартуға арналған жұмысты бірнеше бағатта жүргізу керек:



  • жанұя, әсіресе көп балалы жанұя статусын жоғарлату;

  • көп балалы жанұя пәтер немесе жер берілу құқығын заңды түрде орнату;

  • үш-төрт балалы жанұя, жанұялы өмір салтына халықты тұрақты түрде ынталандыру;

  • жанұялы өмір салты әлеуметтік қалыпты жағдай ретінде болуы тиіс;

  • заңды түрде ата-аналық еңбекті мамандырылған еңбекпен теңестіру және сол үшін «жанұялық айлықты» енгізу, яғни балаларды бағып отырған әйелге жанұядағы балалар санына байланысты минималды айлық төлеу;

  • демографиялық мониторингті, әсіресе екінші және үшінші туылған балалар бойынша тұрақты түрде жүргізіп отыру;

  • балалары жоқ жанұялық жұптардың емделуін мемлекеттік деңгейде қаржыландыру;

  • шетелдердің тәжірибесіне негізделе отырып сәбилер туылуын қаржылай ынталандыру;

  • фертильді жарсағы әйелдердің емделуінің ақысыз жүйесіне үлкен көңіл бөлу.




  1. Жаңа тақырыпты бекіту 30 минут

    1. Қоғамдық денсаулық сақтау пәні туралы түсінік

    2. Медициналық статистика анықтамасы, түрлері

    3. Статистикалық зерттеу кезеңдері

    4. Тұрғындардың физикалық даму көрсеткіштері

    5. ҚР-дағы демографиялық жағдай

    6. БДҰ бойынша «денсаулық» түсінігі.

    7. Денсаулықты зерттеу деңгейлері.

    8. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау ғылым ретінде.

    9. Қауіп факторлары.

    10. Зерттеу әдістері.

    11. БДҰ бойынша өмір сапасы.

    12. «Демография» туралы түсінік.

    13. Медициналық демография.

    14. Тұрғындар орналасуының зерттеу бағыты.

    15. Халық статикасы.

    16. Халық динамикасы.

    17. Халықтың механикалық қозғалуы.

    18. Халықтың табиғи өзгеруі.



  1. Сабақты қорытындылау 20 минут

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.




  1. Үйге тапсырма беру 20 минут

    1. Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу

2 сабақ



  1. Сабақтың тақырыбы: Аурушаңдықтың көрсеткіштері. Аурушаңдықты зерттеу әдістері. Қала тұрғындарына және өнеркәсіптік кәсіпорын жұмысшыларына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Стационар мен емханалардың жұмысын ұйымдастыру.

  2. Сағат саны: 6 сағат

  3. Сабақ түрі: дәрістік сабақ

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: аурудың алдын алу, денсаулықты жақсарту көрсеткіштері;

  • тәрбиелік: тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттау;

  • дамыту: стационар мен емханалардың жұмысын жақсарту және қолжетімді болу.

  1. Оқыту әдісі: Дәрістік материалды пайдаланып, арнайы қосымша әдебиетті қолданып оқушыларға дәріс беру.

  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет