Әлеуметтік пәндер кафедрасы



бет2/2
Дата20.11.2022
өлшемі118,07 Kb.
#159046
1   2
Байланысты:
3 Семестірлік жұмыс
Тарих сессия (1)
«Бірінші шарт - дана болу.
Екінші шарт - қалаға арнап бірінші имамдар (басшы, Д. Ы.) белгілеген заңдарды, ережелер мен әдет-ғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс-әрекетін осыларға сәйкес жүргізу.
Үшінші - бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші адамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық көрсету.
Төртінші - бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды да қалаған кезінде танып-біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу; өзінің осындай іс-әректінде ол халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етуге тиіс.
Бесінші - бірінші имамдардың заңдарын және солардан кейін, олардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты өз сөзімен жігерлендіре білу.
Алтыншы - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде және билеуші өнер ретінде біліп алу».

Ұлы философ Әл-Фараби адам бақытты болуы үшін ол ақыл-парасаттың иесі, жүрегі таза, жылы болуы керек десе, ақын Абай ең алдына оның ойының дұрыс болуын, яғни мидың қызметін қояды. Екі ұлы да адам өміріндегі сандаған ойларды қорытып, ой ойлап, даналыққа, парасаттылыққа жетелейтін, дұрыс жолды табатын мидың, сол мидың қорытып ұсынған «ақылдарының» ішінен дұрысын қабыл алып, «жылылыққа орап», сөз арқылы сыртқа шығаратын жүректің қызметтерін аса жоғары бағалағандықтары, бірін бірі толықтыра түскендіктері көрініп тұр. Ұлылардың ұлылығы, ұлылардың үндестіктері осылай болса керек.


«Әбден жетілген адамдардың ғана жандары мәңгі өлмейді» (Әл-Фараби). «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, // Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» (Абай). Иә, ақыл-парасаттың шыңына шығып, оны ой елегінен өткізіп, артта келе жатқан ұрпақтардың бақытты өмір сүруіне көмектесетін «өлмейтұғын сөз» қалдырған ұлылардың рухтары мәңгі жасай береді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. А.Кобжов. Әл-Фараби, Алматы, 1971.

  2. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Алматы, 1973.

  3. Әл-Фара6и. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1975.

  4. Әл-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. Алматы, 1974.

  5. Аль-Фараби. Математические трактаты, А-Ата, 1972.

  6. Aль-Фараби. Комментарии к “Алмагесту'” Птолемей. А-Ата, 1975

  7. Аль-Фараби. Логические трактаты. Алма-Ата, 1975.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет